4.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
Нормативтік құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру
жүйесi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының үздiксiздiгi және сабақтастығы
принципi негiзiнде мынадай бiлiм беру деңгейлерiн:
1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш бiлiм берудi;
3) негiзгi орта бiлiм берудi;
4) орта бiлiм берудi (жалпы орта бiлiм берудi, техникалық және кәсiптiк бiлiм
берудi);
5) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi;
6) жоғары бiлiм берудi;
7) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудi қамтиды.
Білім беру бағдарламалары мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім
беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, колледждерде, жоғары оқу
орындарында жүзеге асырылады [8].
Достарыңызбен бөлісу: |