Қазіргі уақытта жоғары білікті мамандарды көпсатылы дайындауға көшу
жүзеге асырылуда, яғни бакалавр – магистр – доктор Ph.D, осыған орай, жоғары
білім өндіріс пен нарықтың тез өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделген,
жаңа үлгідегі мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін бакалаврлық
бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім құрылымына қызметтің ғылыми және
өндірістік салаларына арналған арнайы да икемді бағдарламалар бойынша
жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының базасында
магистрларды дайындау енгізілген.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің екінші сатысында Ph.D докторлық
бағдарламалар көзделген, мұнда оқу мен зерттеушілік қызметтің оңтайлы тепе-
теңдігі үйлесім тапқан.
Жаңа үлгідегі мамандар дайындау жоғары білімнің Еуропа аймағы туралы
Болония декларациясына және білімнің халықаралық стандарттық жіктемесіне
сәйкестендірілген үлгісі бойынша жүзеге асырылады. Ғылыми және ғылыми-
педагогикалық кадрларды дайындау жүйесін реформалау ғылым кандидаттары,
докторлары және философия докторларын ғылыми дәрежелерінің қатар жүруін
көздейді (PhD).
Қазақстан Республикасындағы жоғары білім жүйесінің қазіргі тағы бір
ерекшелігі оқудың несиелік нысанына көшу болып табылады, бұл нысан
бойынша студенттер университетті, мамандықты таңдауымен қоса оқу
бағдарламасы мен оқытушылардың шамаман 50 пайызын да таңдап ала алады.
Осылайша, Қазақстанның жоғары оқу орындарында бакалаврлар мен
магистрларды оқыту несиелік жүйе бойынша жүзеге асырылады, бұл қазіргі
қоғам үшін кадрлар дайындаудың барлық талаптарына сай және білім берудің ең
ілгерілеуші үлгілерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: