№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


№2  дәріс  тақырыбы.  Педагогикалық  кәсіп  пен  іс-әрекеттің  жалпы



Pdf көрінісі
бет11/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
№2  дәріс  тақырыбы.  Педагогикалық  кәсіп  пен  іс-әрекеттің  жалпы 
сипаттамасы 
1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және дамуы. 
2. Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы. 
3. «Педагогикалық іс-әрекет» ұғымының мәні. 
4. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері. 
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және дамуы. 
Адами  өркениеттің  бүкіл  өне  бойында  еңбектің  қоғамдық  бөлінуінің 
құрылымында айрықша әлеуметтік (қоғамдық) функция қалыптасып, қарқынды 
дамуға  ие  болды,  сөйтіп  осының  арқасында  мұғалім  мамандығы  пайда  болды, 
оның мән-мазмұны ерекше, өзіне тән қызметті жүзеге асыра отырып, жеткіншек 
ұрпақты  адам  мәдениетінің  құндылықтарына  үйретудің  негізінде  өмірге 
дайындау болды. 
Ежелгі  дәуірде  еңбек  бөлінісі  болмаған  кезде  қоғам  мен  тайпаның  барлық 
мүшелері  балалар  мен  үлкендердің  барлығы  тамақ  табуға,  өздерін-өздері 
қорғауға  бірдей  қатысуға  міндетті  болды.  Адамзат  біртіндеп  жинақтаған 
тәжірибесін жас ұрпаққа еңбек арқылы беріп отырды. Балалар ерте жастан бастап 
әр  түрлі  еңбек  іскерліктері  мен  дағдыларын  игерді.  Қоғамда  еңбек  құралдары 
жетіле  бастағандықтан  еңбек  бөлінісі  пайда  болып,  тәжірибені  беру  ісімен 
қарттар  айналыса  бастады.  Олар  балаларға  қарап,  қарапайым  тұрмыстық 
тәжірибені жеткізіп отырды. Осылайша, алғаш рет адам тәрбиешісі мамандығы 
пайда  болды.  Тәрбиеші  мамандығы  кейін  мұғалім  мамандығына  ауысты. 
Мұғалім  мамандығы  қоғамдық  дамудың  объективті  қажеттіліктерін  өтеу  үшін 
пайда болған көне мамандықтардың бірі. 
Адамзат  баласы  өзінің  жинақтаған  тәжірибесін  келер  ұрпаққа  жеткізіп 
отырмаса,  даму  үдерісі  болмас  еді.  Сондықтан  да  қоғам  алдында  тәрбиеші 
мамандығына  деген  қажеттіліктер  туындады.  Алғашқы  мұғалімдер  қызметін 
ақсақалдар, тәрбиелі адамдар атқарды. 
Мектептің  әлеуемттік  институт  ретінде  пайда  болуы  және  дамуына 
мәдениеттің дамуы (жазу, санаудың пайда болуы) ықпал етті. 
 «Педагог»  термині  құл  иеленушілік  кезеңде  Ежелгі  Грецияда  пайда  болды, 
бұл термин кейін біртұтас ғылымның атауына айналды. Ол кезде бұл термин құл 
иеленушілердің  балаларын  мектепке  ертіп  апаратын  құл  деген  мағынаны 
білдіретін еді. 
Мектеп  туралы  алғашқы  мағлұматтар  шамамен  біздің  заманымызға  дейінгі 
2500  жыл  бұрынғы  египеттік  көздерде  кездеседі.  Онда  төрелердің  балаларына 
арналған  сарай  мектебі  туралы  айтылады.  Алғашқы  мектептер  ежелгі  шығыс 
елдерінде – Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т.б. елдерде пайда 
болды.  Бұл  елдерде  арифметика,  геометрия,  астрономия,  медицина 
ғылымдарының негіздері пайда болды.  


Ежелгі  Египетте  мектеп  отбасылық  институт  ретінде  пайда  болды. 
Сондықтан  отбасында  әке  беделі  жоғары  болды.  Әке  өзінің  мамандығына 
баласын үйретті, баласы кейін оның орнын басты.  
Ежелгі Египетте төмендегідей мектеп түрлері болды: 
1. Отбасылық мектептер 
2. Храм жанындағы мектептер 
3. Патша сарайы жанындағы мектептер 
4. Жазғыштар, қолөнершілер мектептері 
Кейін  «мектеп»  ұғымы  Ежелгі  Грецияда  белең  алды.  Бұл  терминнің  негізгі 
мағынасы  осы  уақытқа  дейін  өзгерген  жоқ:  мектеп  дегеніміз  –  білім  ордасы. 
Ежелгі Греция жерінде білім беру жүйесі бірнеше деңгейлерден тұрған.  
Бастауыш білім 
ақылы жеке меншік мектептер, яғни 
Мусикалық мектептер 
және 
Гимнастика (Палестра) мектептерінде 
берілді. 
Мусикалық мектептерде
 
оқушылар  7-16  жасынан  оқыса,  гимназиялық  мектептерде  12-16  жастағы 
жасөспірімдер  оқыды.  Мусикалық  мектептерде  әдеби  және  музыкалық  білім 
берілді.  Палестра  мектептерінде  дене  тәрбиесі  маңызды  орында  болды. 
Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін 
игеруі  тиіс  болды.  Бастауыш  білімді  алу  барысында  оқушылар  кифаристер 
мектебіне  де  барып  жүрген.  Кифаристер  мектебі  –  бұл  өнер  мектебі. 
Оқушыларды  музыка,  би,  ән  айту  өнеріне  үйреткен.  Мусикалық  және 
палестралық  мектептерді  бітірген  жасөспірім  білім  берудің  келесі  баспалдағы 
қоғамдық мекеме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет