№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет13/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы 
Педагогикалық  мамандық  –  қазіргі  уақыттағы  ең  белгілі  мамандықтардың 
бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, 
өйткені  еңбектің  басқа  түрлері  арнайы  ұйымдастырылған  мақсатты 
педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі. 
Жаңа  ұрпақты  өмірге  және  еңбекке  дайындау  мақсатында  қоғамдық 
тәжірибені  бір  ұрпақтан  екінші  ұрпаққа  жеткізудің  қажеттілігі  оқыту  мен 
тәрбиелеу  саласының  қоғамдағы  жеке,  дербес  функцияға  айналуына  себепші 
болды. 
Педагогикалық  мамандық  қалыптаса  бастағаннан-ақ  мұғалімдерге  ең 
алдымен тәрбиелеушілік, бірегей және бөлінбейтін функция тән болды. Мұғалім 
дегеніміз – тәрбиеші, тәлімгер. Оның азаматтық, адами маңызы да осы. 


Тәрбиелік  ықпал  етпей  оқытуға  болмайтыны  сияқты,  тәрбиеленушілерді 
білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың күрделі жүйесімен қаруландырмастан 
тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру да мүмкін емес. Барлық замандарда алдыңғы 
қатарлы ойшылдар оқыту мен тәрбиелеуді ешқашан қарама-қарсы қойған емес, 
тіпті олар мұғалім деп ең алдымен тәрбиешіні атайтын болған [1]. 
Қазіргі  сөзіндіктерде  тәрбиеші  дегеніміз  басқа  бір  адамның  дамуы  үшін 
жауаптылықты өз мойнына алған, сол адамды тәрбиелеумен айналысатын адам 
ретінде  анықталады.  «мұғалім»,  «оқытушы»  сөздері  кейінірек  пайда  болды, 
өйткені  қоғам  білімнің  өз  алдына  құндылық  екендігін,  балаларға  білім  беретін 
арнайы ұйым қажет екендігін ұғынды. Мұндай қызмет оқыту деп атала бастады 
[2]. 
Латынның  «profiteor»  деген  сөзінен  шығатын  «рrofessio»  сөзінің  түпкі 
мағынасы  –  «өз  ісі  деп  жариялаймын»  дегенді  білдіреді.  Яғни,  мамандық 
дегеніміз  арнайы  дайындықтың  нәтижесінде  алынған  теориялық  білімдер  мен 
тәжірибелік іскерліктері бар адамның «еңбек қызметінің түрі» (3, 66). 
Мамандық  дегеніміздің  өзі  тұтас  бір  әлем,  онда  адам  өмір  сүреді,  білімін 
жетілдіреді, осы әлемді ол өзінің бүкіл өмірі бойы біліп, танып өтеді, бұл әлемнің 
өзінің  кәсіби  заңдары,  адамгершілік  нормалары  мен  құндылықтары  бар.  Кез 
келген мамандық адамнан белгілі бір жалпы және арнайы білімді, іскерліктер мен 
дағдыларды,  қасиеттерді  талап  етеді,  ал  олар  жалпы  немесе  арнаулы  білім  алу 
барысында және тәжірибелік жұмыс істеу кезінде қалыптасады. 
Қазіргі қоғамда еңбектің ондаған мың түрлері бар. Олардың әрқайсысын да 
адамға қоятын талаптарының жүйесіне қарап кәсіп деп атауға болады. Кәсіп деп 
адамға  белгілі  бір  талаптар  жүйесін  қоятын  еңбек  түрін  атауға  болады.  Кәсіп 
дегеніміз,  сонымен  қатар,  еңбек  жолының  бір  түрі,  ол  адамнан  арнайы 
дайындықты талап етеді, және өмір сүру көзі ретінде де пайдаланылады. Кәсіптің 
атауы  еңбектің  сипаты  мен  мазмұны  арқылы,  қызметтік  функцияларымен, 
қолданылатын еңбек құралдары мен заттары арқылы анықталады [4-6]. 
Сонымен,  кәсіп  –  көп  мағыналы  ұғым.  Ол  қазіргі  педагогикалық  ғылымда 
былай сипатталады:  

 
қызмет түрі, адамның орындайтын еңбек функцияларының жүйесі; 

 
әлеуметтік тұрғыдан мойындалатын, заңды түрде бекітілген еңбек орны; 

 
жақын кәсіптердің тобы, (мысалы, кәсібі – мұғалім, мамандығы қазақ тілі 
мен әдебиетінің мұғалімі); 

 
кәсіби  дайындықтың  айрықша  жүйесін  алған  маманның  белгілі  бір 
тәжірибесінің болуы; 

 
белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатын адамдардың жиыны. 
Мұғалім мамандығын мәңгілік мамандық деп те атайды. Адам пайда болған 
кездерден  бастап-ақ  жинақтаған  тәжірибесін  жас  ұрпаққа  беру  мен  өмірде 
тәжірибені саналы түрде жинақтау қажеттігін сезінген [7]. 
Мұғалім деген ұғым біз ойлағаннан әлдеқайда кеңірек ұғым.  


Мұғалім  –  ол  белгілі  бір  ішкі  ұстаным,  белгілі  бір  әлемді  танушылық.  Бір 
жағынан  ол  өзін  басқа  адамға  беріп,  оған  қызмет  етеді,  екінші  жағынан  оның 
өзінің де өмірі бар, оның өзіне де Мұғалім қажет. 
Мұғалім  деп  оқушыны  рухани  тәрбие  жолына  жетелеуге  және  өзін-өзі  іске 
асыра алуға қабілетті адамды санаған. Оқушыны жақсы көріп, оған сене отырып, 
мұғалім  оған  ең  алдымен  рухани  білім  береді,  оны  қиындықтардан,  біреуге 
қиянат жасаудан қорғайды.  
Мұғалім оқушыны автоматқа айналдыру үшін емес, оған өзін-өзі тәрбиелеуді, 
өзін-өзі оқытуды үйрету үшін қажет [8].  
Мұғалім – оқушы мен өмірдің ақиқатының арасындағы көпір. 
Педагог  мамандығы  адамнан  жан-жақты  білімді,  шексіз  жан  жомарттығын, 
балаларды асқан бір даналықпен сүйе білуді талап ететіні бұрыннан дәлелденген. 
Мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып, Ян Амос Коменский оны «күннің 
астында одан биік ешнәрсе жоқ», ең құрметті, ең артық мамандық деп санаған. 
Ол  мұғалімді  бақшадағы  өсімдіктерді  асқан  бір  сүйіспеншілікпен  баптайтын 
бағбан,  адам  жанының  түкпір-түкпірінде  білім  ғимараттарын  тұрғызатын 
сәулетші,  адам  жаны  мен  ақылын  қашап,  егеп,  әсемдейтін  мүсіншімен, 
жабайылық  пен  тұрпайылыққа  қарсы  шабуылды  бастайтын  қолбасшымен 
салыстырған. 
Ұлы  педагогтың  артына  қалдырған  мұрасында  мұғалімге  қойылатын  басты 
талаптар қалыптастырылған. Бұл талаптардың мәні келесідей: 

 
мұғалім  өзінің мамандығын  жақсы  көруі,  және  оған  мемлекеттік  маңызы 
бар іс ретінде жауаптылықпен қарауы тиіс;  

 
білімді және өзінің педагогикалық шеберлігін арттыруға мүдделі болу;  

 
өзінің оқушыларының психологиясын терең білу; 

 
мұғалім өзінің міндеттерін адал және шын көңілмен атқаруы тиіс;  

 
оқушыларының талаптары мен қызығушылықтарын білу; 

 
мұғалім өзінің тәжірибесін өзгелердің игілігі етуге ұмтылуы тиіс;  

 
мұғалім  тек  мектепте  ғана  емес,  сонымен  қатар  күнделікті  өмірде  де 
балалар мен олардың ата-аналары үшін үлгі болуы тиіс [9]. 
Педагогикалық  мамандық  адамнан  еңбекқорлықты  талап  етеді.  Бұл 
тұжырымның  ақиқат  екендігіне  Ы.Алтынсарин,  Т.Тәжібаев,  М.Әуезов, 
М.Жұмабаев,  Ш.Әлжанов,  Ғ.Мүсірепов,  Я.А.Коменский,  И.Г.Песталоцци, 
А.С.Макаренко,  Я.Корчак,  В.А  Сухомлинский  және  басқа  да  отандық  және 
шетелдік аса көрнекті педагогтардың өмірінен мысалдар келтіруге болады. 
Н.И. Новиков «тәрбиеші мен мұғалім мамандығынан басқа ешбір іс осынша 
мейірім мен ізгілікті, осынша тынымсыздықты талап етпейтін шығар» деп жазды 
[10]. 
Педагогикалық  мамандық  өзінің  ең  жоғарғы  мағынасында  ойшылдықты 
білдіреді, өйткені адамға деген ең жоғарғы талапты белгілейді. 


Мұғалім  еңбегінің  гуманистік  бастауының  саналы  түрде  алдыңғы  қатарға 
шығарылуы  барлық замандардағы  педагогтарды  сипаттайды.  Фридрих  Адольф 
Вильгельм Дистервег XIX ғасырдың орта кезінде былай деп жазады: «Әрбір жеке 
тұлғаның бойында, әрбір ұлтта гумандылық, ойшылдық деп аталатын ойлардың 
образы тәрбиеленуі керек, ол жалпы адами игі мақсаттарға ұмтылушылық». 
Л.Н.  Толстой  педагогикалық  мамандықтың  гуманистік  бастауын  балаларға 
деген  сүйіспеншілік  деп  қараған.  «Егер  мұғалім  тек  ісін  ғана  сүйетін болса,  ол 
жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім әке-шеше сияқты тек баланы ғана сүйетін 
болса,  ол  кітап  атаулының  барлығын  оқыса  да,  не  ісін,  не  баланы  сүймеген 
мұғалімнен  артық  мұғалім  болады.  Егер  мұғалімде  өз  ісіне  де  балаға  да 
сүйіспеншілік сезімі болатын болса, ол – нағыз мұғалім». 
В.А. Сухомлинский мектептің ең бірінші міндеті «әр оқушының бойындағы 
қайталанбас бірегей дарынды тану, анықтау, ашу, әлдилеп, жетілдіріп, өсіру» деп 
санаған. 
Педагогикалық мамандық өзінің мәні жағынан – шығармашылық мамандық. 
Ол  педагогикалық  құбылыстағы  жаңалықтарды  таба  білуді,  көзге  көрінбейтін 
заңдылықтарды  анықтауды,  қадағалай  білуді,  және  қадағалай  отырып 
маңыздысын аша білуді, педагогикалық фактілерді талдауды ұдайы талап етеді. 
«Мұғалімдік дегеніміз – өнер, ол жазушының немесе композитордың жұмысына 
қарағанда шығармашылық тұрғысынан еш кем емес, бірақ анағұрлым ауыр және 
жауапты  іс.  Мұғалім  адам  жанынан  композитор  сияқты  музыка  арқылы  емес, 
немесе суретші сияқты адамға бояулар мен түстер арқылы әсер етпейді, ол адам 
жанына тікелей ықпал етеді. Өзінің тұлғасымен, өзінің білімімен, махаббатымен, 
өзінің өмірге деген көзқарасымен тәрбиелейді» [11]. 
Педагогикалық  шығармашылықтың  көрініс  беретін  саласы  педагогикалық 
қызметтің негізгі  қоспаларының құрылымымен  анықталады  және  оның барлық 
жақтарын қамтиды: жоспарлау, нәтижелерді ұйымдастыру және талдау. Қазіргі 
ғылыми  әдебиеттерде  педагогикалық  шығармашылық  өзгеріп  отыратын 
жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу үдерісі деп қабылданады. 
Осылайша, мұғалім мамандығы – ол биік те жауапты мұрат, оның мақсаты – 
тұлғаны  қалыптастыру  және  оның  өздігінен  анықталуына,  адамның  бойында 
адамның  бекуіне  дем  беру.  Білім  жүйесіндегі  барлық  реформалар  мен 
жаңғыртулардың басты тұлғасы мұғалім болып табылады, өйткені үнемі өзгеріп 
отыратын  әлеуметтік-мәдени  жағдайларда  жолды  еркін  таба  білетін 
шығармашыл,  әлеуметтік  тұрғыдан  белсенді,  білім  беру  үдерісінде 
жауапкершілікпен және кәсіпқой әрекет ететін тұлғасыз пәрменді педагогикалық 
жүйелер құру мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет