Зерттеу көкейкестілігін
негіздеудің мәні- оқу мен тәрбиенің теориясы және
практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер
кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті
зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді,
педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді,
практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі
өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді.
Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға
болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі
ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін
сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |