№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Педагогика теориясы мен тарихындағы ой - пікірлердегі тәрбие мақсаты



Pdf көрінісі
бет149/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Педагогика теориясы мен тарихындағы ой - пікірлердегі тәрбие мақсаты. 
Әдеп,  адамгершілік  жөніндегі  қағидалар  қашан  да  халқымыздың  өлең-
жырларынан,  тапқыр,  шешендік  сөздерінен,  ауыз  әдебиеті  үлгілерінен,  бабалар 
өсиеттерінен  тиісті  орын  алып  отырған.«Адам  арын  ойлайды  ,  надан  дүниеге 
тоймайды  »,«Ақыл  қайрат  білімді  тең  ұстаған  –  зор  болар»,  «Ойсыз,  жігерсіз, 
білімсіз  өмір  кешкен  қор  болар»,  «Ақылды  ұл-білім  іздер,  ақылсыз  ұл-шылым 
іздер».  Осындай  адамгершілікке,  имандылыққа  баулитын  нақыл  сөздер 
халқымызда өте көп. «Ақыл тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен». «Бос өткізу 
өмірді-ақымаққа  көңілді»,  «Ойға-терең  бол,  өсекке-керең  бол».Халық  даналығы 
осылый тізбектеліп кете береді. Бабалар сөздеріне жөрегінің төрінен орын беріп, 
халқын,  ұлтын  сүйген,  ана  сүтінің құдіретене  бас  иген,  әрбір  жан  өз  тілін,  тінін, 


дінін, ділін қадірлеп қастерлеумен қатар, мейірбан жүректі, жайдары жанды, жібек 
мінезді,  таза  рухты,  ақылды,  парасатты,  инабатты,  иманды,  білімді  болса,  оның 
нағыз ел азаматына айналғаны. 
Қазіргі  таңда  да  тәрбиенің  маңызы  орасан  зор.  Тәрбие  бесіктегі  баладан, 
еңкейген  қартқа  дейін  қажет.  Өйткені,  тәрбие  болғанда  ғана,  адамдық  қасиетің 
пайда  болып,  өмірдегі  роліңді  біле  аласың.  Қазақтың  батыр  тұлғаларының  бірі 
Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» 
деп  тәрбиенің  маңызын  ашып  көрсеткен.  Біздің  аталарымыз  да  тәрбиенің  негізгі 
мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай 
дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға 
еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті 
бала  арлы  бала,  әдепсіз  бала  сорлы  бала».  Міне  мұнда  тәрбиеге  көңіл  бөлініп 
қарастылатын  ар  мәселесін  әдептілікке  апарып  теліп,  жоғарғы  деңгейге  көтеріп 
отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің 
жолын  тапқан.  Осының  нәтижесінде  өміріне  адамдықты  ту  етіп  ұстайтын  қанша 
арыстай  ағаларымыз  болашақ  буын  өкілдеріне  өшпестей  із  қалдырған.  Дүние 
жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі ойлар мен әдіс тәсілдер 
қалдырған. Мысалға, Хиндуларда ең үлкен тәрбие денеге емес, рухқа бағытталған. 
Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен 
бақыт болып саналған. Тәрбиенің мақсаты жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы 
адам үлгісін тәрбиелеу болса да олардың бұл әдістері тәрбиені тек руханиятпенен 
шектеп дүние өміріне маңыз бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қажеттіліктерінен 
алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болушы еді.Жеке тұлғаны жан  – жақты 
дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы 
қатарлы  прогресшіл  ойшылдарды  терең  толғантты.  Педагогикалық  және 
философиялық  еңбектерден  «жан  –  жақты  дамыту»  идеясы  туралы  көзқарастар 
қайта  өрлеу  дәуірінен  бастау  алғанын  байқаймыз.  Олардың  негізінде  дене  және 
рухани  сұлулықтың  үйлесімді  дамуын  айта  келе,  оған  жету  тек  адамдардың 
өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді. 
Бұндай  көзқараста  еңбек  қызметінің  маңызы  қарастырылмаған.  Себебі,  еңбек 
қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған. 
Аристотельдің  көзқарасында  дене,  адамгершілік  және  ақыл  –  ой  тәрбиесі 
тұлғаның жан-жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуірінде гуманистер 
Витторино  да  Фелбтре,  Ф.Рабле,  М.Мантень,  Э.Роттердамский  жан-  жақты 
идеясын  дамыта  отырып,  тұлғаның  эстетикалық  дамуы  қажеттілігіне  назар 
аударады. Кейіннен жеке тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер 
социал – утопистер Томас – Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен – Симон еңбектерінде 
де  дұрыс  көзқарасқа  әрі  толық  мазмұнға  ие  болды.  Олар  қоғамның  барлық 
мүшелері  қатысқан  еңбек  пен  оқытудың  бірлігін  жан  –  жақты  даму  деп 
қарастырады. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге 
асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман утопистік сипатта қала берді. 
ХVІІІ  ғасырдағы  француз  философ-ағартушылары  Гельвецию  және  Дидро 
еңбектерінде бұл ойдың негізіне ақыл- ой мен адамгершілік тәрбиесін қарастырды. 
Ж.Ж.Руссо  бұл  пікірге  терең  талдау  жасап,  табиғатпен  дұрыс  қарым  –  қатынас 


жасай  білетін  барлық  балаларды  еңбекке  тарту  қажеттігі  жайында  өз  пікірін 
уағыздайды. 
Жан-  жақты  дамыту  идеясын  орыстың  революцияшыл-  демократия-лық 
педагогикасының 
негізін 
қалаушылары 
Н.Г.Чернышевский 
мен 
Н.А.Добролюбовтар  да  қолдады.  Н.Г.Чернышевский  тәрбиенің  мақсаты  жайлы  – 
қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық 
мүддесін  ойлайтын  «азаматтық  істерге»  араласа  алатын,  адал  ниетті  адамдар  
тәрбиелеу  деп  жаңа  қоғам  үшін  күрескерлерге  қажетті  қасиеттер  жөнінде  өз 
көзқарасын білдіреді. 
Маркстік философияның негзін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс тұлғаның 
жан  –  жақты  дамуы  жайлы  пікірлерінде  ақыл  –  ой  тәрбиесімен    дене  тәрбиесін 
бірлікте  қарастырып,  жастардың  практикалық  қызметін  техникалық  оқумен 
ұштастырады.  Тәрбиенің  мақсатын  қоғам  дамуымен  бірлікте  қарастырып, 
қоғамдағы  өндіріс  күштерінің  даму  заңдылықтарына  терең  талдау  жасап, 
қоғамдағы  еңбек  бөлінісінің  біржақтылығы,  адам  баласының  біржақты  дамуына 
әсер еткенін, еңбек тәрбиесі мен ақыл – ой тәрбиесінің алшақтығы таптық қоғамда 
тәрбие  мақсатының  сипатында  екі  жақты  айырмашылықтың  болғанын  өз 
дәуірлерінде  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеп  берді.  Сонымен  қатар,  олар  барлық 
жастағы  адамдарда  қабілет,  талант  немесе  дене  тәрбиесі  біркелкі 
дамымайтындығын  айта  келек,  ол  үшін  жасөспірімдерге  бірдей  жағдай  туғызу 
қажеттігіне баса назар аударады. 
К.Маркс  пен  Ф.Энгельстің  пікірлеріне  терең  талдау  жасап,  Ленин  адам 
баласының бойындағы таланттың сырын ашып, оған жағдай жасайтын күш мектеп 
екендігіне, тұлғаны жан – жақты дамытуда мектептің негізгі құрал болатындығына 
көз жеткізе дәлелдеді. 
Яғни,  тұлғаның  жан  –  жақты  дамуына  арқау  болатын  Мағжан  Жұмабаевтың 
айтқан  «Тәрбиедегі  мақсат  –  адам  деген  атты  құр  жала  қылып  жапсырмай,  шын 
мағынасымен адам қылып шығару» деген пікіріне қосыла отырып, ол үшін әрбір 
тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан 
– жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігіне сай көзқарасқа тоқталамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет