№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет203/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   293
Байланысты:
педагогика

 
 
 
Дидактикалық принциптер және оларға сипаттама. 
 


Оқыту 
процесінің 
логикалық 
және 
психологиялық-педагогикалық 
заңдылықтарын,  оның  жалпы  қағидаларын  білу  мұғалімге  оқу  жұмысының 
тиімділігін  арттыруға  жағдай  туғызады.  Мұндай  басшылыққа  алынатын 
қағидалар:ережелер,  талаптар  дидактика  теориясында  оқыту  принциптері  немесе 
дидактикалық принциптер деген атқа ие болды.  
  Принцип  (латын  сөзі  –бастапқы,  негізгі)  –басшылыққа  алатын  идея,  негізгі 
ереже, іс-әрекетке қойылатын талаптар деген мағынаны білдіреді.  
  Оқыту  принципі  дегеніміз—барлық  оқыту  процесінде  және  түгелдей  оқу 
пәндерінде  басшылыққа  алынатын  негізгі  қағидалар,  педагогикалық  талаптар 
жүйесі. 
  Дидактикалық  принциптер  кездейсоқ  құралмайды.  Педагогика  тарихында 
жалпы  дидактика  мәселелеріне,  оның  ішінде,  оқыту  принциптерінеарналған 
еңбектерде,  ғылыми  зерттеулерде  дидактикалық  принциптердің  ғылыми 
қалыптасуының белгілі даму тарихы баяндалады. 
  Сонымен  қатар,  қазақ  халқының  мәдениеті  мен  ағарту  тарихынан  көрнекті 
орын  алатын  ұлы  қайраткерлер,  өз  заманының  прогресшіл  ағымының  жаршысы 
болған  ойшылдары  Шоқан,  Ыбырай,  Абай,  Шәкәрім,Ахмет,  Жүсіпбек,  Мағжан, 
Міржақып  тағы  басқа  даналарымыздың  мұраларында  тәрбие,  білім  берудің  бай 
қазынасы жинақталған. 
  Демек,  оқыту  (дидактикалық)  принциптері  дидактиканың  тарихи  мұрасына 
ғылыми  талдау  жасау  және  қазіргі  мектептердегі  озат  тәжірибелерін  қорыту 
негізіне сүйенеді.  
Тәрбие    беру      міндеттері      білім  беру  мекемелерінде    оқушылармен  оқу 
уакытынан  тыс  жүргізілетін  оқыту  процесі  мен  тәрбие  жұмыстары  процесінде 
шешілледі. Мұғалім мен оқушылардың бұл саладағы қызметтерінің әрқайсысының 
өздерінің  айырмашылықтары  мен  өздерінің  ерекшеліктері  болады,  алайда      олар   
өзара   бөлінбестей   байланысты,   олар   бір   тұтас оқу-тәрбие процесін кұрайды. 
Оқыту,  мұғалімнің  ерекше  бағдарлы  максат  көздейтін  қызметі  ретінде, 
оқушыларды  біліммен,  іскерлікпен,  дағдымен  және  оларды  танымдық  және 
шығармашылық  кабілеттілікпен  қаруландыратын  кең  мағынасындағы  тәрбиенің 
бір тұтас маңызды бөлігі болып табылады. 
 Оқытуды  тиімді  ұйымдастыру  мәселелерімен  педагогиканың  дидактика  деп 
аталатын  арнаулы  тарауы  шұғылданады.  Дидактика  —  бұл  білім  мен  оқытудың 
теориясын  жасап  шығаратын  педагогика  тарауы.  Дидактиканың  негізгі 
проблемалары:  оқыту  процесінің  заңдылығын  ашу,  білімнің  мазмұнын  анықтау, 
оқытудың  барынша  тиімді  методтары  мен  ұйымдастыру  түрлерін  жасап  шығару 
болып табылады. 
Дидактика  тәрбиелеу  міндеттерінің  оқыту  процесінде  қалай  шешілетіндігін 
көрсетеді. 
Оқыту — жеке адамнын, калыптасуының және бірінші кезекте, акыл-ойы мен 
жалпы білімін дамытудың манызды кұралы. Білім мен акыл-ойдың дамуы көптеген 
жолдармен және әр қилы түрде, радио тындау, газет оқу, музейге бару және т. б. 
бастап өздігінен білім алуға дейін жүзеге асырылады, алайда оқытудан тыс білім 
алу көбіне-көп тұрақты емес, жүйесіз түрде  жүреді. 


Оқытудын,  білім    алудың  қалған  барлық      баска  түрлерінен      және  өздгінше 
білім  алудан  мынадай  айырмашылығы  бар.  Ол  белгілі  бір  жүйеде  және  жоспар 
бойынша, мұғалімнің басшылығымен өтіп жатқан бағдарлы мақсатка бағытталған 
процесс болып табылады. Әрбір оқу пәнінің өзінің сипатты ерекшеліктері, өзінің 
заидылықтары  бар  екені  табиғи  нәрсе.  Олардың  әрқайсысы  оқытудың  ерекше 
методтары  мен  ұйымдастырушылық  түрлерін  талап  етеді.  Бұл  мәселелердің 
барлығымен жекелеген дидактикалар  шұғылданады   немесе  жеке оқу пәндерінің 
оқыту  әдістері,  методтары  (экономика,  физика,  информатика  және  т.  б.  оқыту 
методикасы) шұғылданады. 
Дидактика  болса  барлық  пәндерді  оқытуға  тән  жалпы  ережелер  тән 
заңдылықтарды қарайды, әрбір нақты пәнді оқытқанда оны білуге сүйену керек. 
Сонымен  бірге  дидактика  жеке  оқу  пәндерінің  ерекшеліктерін  ескереді  және 
нақты пәндер немесе пәндер топтарын оқытуға деген көзқарас жөнінде кайсы бір 
жалпы ережелер мен ұсыныстарды колдану шеңбері мен шегін әрқашан да көрсетіп 
отырады. 
 Әрбір  пәнді  оқыған  кезде  студенттер  білімнің  кейбір  жиынтығын  меңгереді 
және сол саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болады. 
Білімге  белгілі  заңдылықты  көрсететін,  сондай-ак  барлық  осы  терминдермен 
байланысты  теориялык,  қорытындылар,  өзара  байланысты  нақты  фактілер,  ұгым 
жүйелері, зандар, ережелер жатады. 
Іскерлік  дегенді  іс  жүзіндегі  қимыл,  шәкірт  алған  білімнін,  негізінде  жүзеге 
асыра  алатын  және  жаңа  білім  алуға  алдағы  уақытта  ыкпал  жасап  алатын  әрекет 
деп түсінеміз.  
Дағдыға  автоматтандырылған  әрекеттерді  жатқызып  жүр.  Мысалы,  әрбір 
әріптің сұлбасын ойланумен дұрыс келтіріп жаза білуден біртіндеп жазу дағдысына 
көшеді,  адам  жеке  әріптерді  қалай  жазу  керек  және  оларды  сөз  етіп  қалай 
құрастыру керектігін ойланып отырмастан жазатын болады. 
Казіргі  уакытта  «Іскерлік»  пен  «дағды»  деген  түсінік  проблемасы  кейбір 
таластарды туғызып жүр: дәстүрлі анықтаулар қайта қарауға жатқызылып келеді. 
Мысалы,  кейбір  психологтар  іскерлікті  әрекетті  меңгерудің  жоғарырақ  формасы 
деп санау керек дегенді ұсьнады, ол калыптасқан дағдыға үйлесімді болып келеді. 
Мәселен,  шетел  тілін  үйреніп  білген  кезде  сөйлеу  дағдысының  қалыптасатыны 
жаксы мәлім, мұның мағьнасы тез, грамматикалық формалары мен айту ережелерін 
ойланып тұрмастан игергенін және жаттап алғанын айтып береді, сөйлеу үлгісінің 
үлкен  практикасын  көрсетеді.  Алайда,  олардын  талап  етілетін  сәйкестігін жасап, 
белгілі  сөйлеу  немесе  әңгіме  жүргізу  үшін  сөз  корларымен  толтыру,  оларды 
сөйлеген  сөзде  дұрыс  колдану,  сөйлемді  дұрыс  келтіруден  немесе  онда  сөзді 
грамматикалык дұрыс біріктіруден гөрі мүлде ерекше білуді талап етеді. Алайда, 
бұл мәселе ақырғы теориялык шешімін әлі де тапқан жоқ. 
Білімнің, іскерлік пен дағдынын, өзара салмағы әр түрлі оқу пәндерінде бірдей 
емес.  Мысалы,  тарихты  окығанда  мынадай  білімдерді  игерудің  ролі  үлкен: 
оқушыға көптеген нақты фактыларды, даталарды, аттарды есте сақтау кажет, оған 
қоғам дамуының жалпы заңдарын меқгеріп, кандай да болсын тарихи окиғалардың 
болу  заңдылығын  түсіну,  сол  білгенін  казіргі  оқиғалармен  байланыстыра  білу 
кажет.  


Математикада біліммен қатар оларды есеп шығаруға практикада қолдана білу 
үлкен роль атқарады. 
Онда ең аз болғанда әрекетті автоматтандыру қажет. Өйткені есепті шығарған 
кезде әрқашан да ойіланып-толғану, талдау жасау керек. Әрине, мұнда да кейбір 
автоматизм  бар:  кейде  тіпті  окушылар  алгоритм  пайдаланған  болса,  онда белгілі 
бір  топтың  немесе  типтің  есепті  шығару  дағдысы  жасалады.  Бірақ  бұл,  қанша 
дегенмен де, таза түрдегі дағды емес. 
Шетел  тілдерін  үйрену  кезінде  білімдерді  менгерудің  де,  олардың  негізінде 
автоматтандырылған  дағды  дәрсжесіне  жеткізілетін,  оларды  жасай  білудің  де 
маңызы зор, демек, дағдысыз іс жүзінде сөзді пайдалану мүмкін емес. 
Әрбір  нақты  затты  меңгеру  үшін  білімнің,  іскерлік  пен  дағдынын  маңызына, 
сондай-ак  ондағы  бар  айырмашылыкқа  қарамастан  іскерліктің  де,  дағдының  да 
пайда болу негізі білім болып табылады. Сонда оқыту процесі білімді меңгеруден 
басталуға тиіс. Еліміздің педагогтары мен психологтары оқыту жүйесінде білімді 
жетекші  буын  деп  есептейді,  демек,  тек  білім  ғана  іскерлік  пен  дағдыны  саналы 
пайдалануға ықпал жасайды, оларды берік те орнықты етіп шығарады. 
 Оқыту   процесі   әрқашан  да   мұғалімнің   басшылығымен   өтеді. 
Бірақ  сонымен  бірге  білім  алу,  іскерлік  және  дағдылану  процестері  —
оқушының өзінің қызметі. Оны оқу деп атап жүр. Хабарлама теориясы тарапынан 
алып қарағанда оқу  дегенді хабарды   кайта   өңдеу процесі деп түсінуге болады, 
оның  жана      хабарды      табуға      мүмкіндік  беретін  әрекеттер  жасау  үшін 
пайдаланылуы  мүмкін.  Ал  оқыту  ұғымы  оқушыларды  біліммен,  іскерлік  және 
дағдымен  каруландыру,  олардын,  таным  және  шығармашылық  кабілеттерін 
дамыту жөніндегі мұғалімнің қызметіне жатады. 
Бұл дәстүрлі терминдік шектеу сәтті болып табылмай жүр. Өйткені орыс тілі 
тарапынан  келетін  болса,  мынадай  сәйкестікке  жол  беріледі:  оқыатын  және 
оқытылатын,  оқитын  және  оқушы.  Іс  жүзінде  «оқыту»  термині  «сабақ  беру» 
терминімен  жиі  ауыстырылады.  Бұл  мұғалімнің  атқаратын  қызметімен  жақсы 
үйлесіп тұрады. Оқу мен оқыту (сабақ беру) процестерінің өзі кызметтің екі ерекше 
йіне жатады және оқыту процесінің қосалқылық сипатын көрсетеді. Дидактика мен 
бүкіл  педагогиканың  ең  манызды  саласы  болып  табыатын  оқыту  процесінің 
ғылыми  теориясы  өзіне  оқушылардың  та-нымдық  қызметін  ұйымдастыратын 
әдістер  мен  тәсілдерді  жасап  шығарудыы  енгізеді,  ал  олар  оқушылардың  білімді 
тиімді  меңгеруін,  іскерлік  пен  дағдыны  жасап        алуын  және      қабілеттіліктерін   
қалыптастыруын қамтамасыз етеді. 
Мұғалімнің жұмыс жүйесі оқудын ішкі механизмдерін білуіне, оқу процесінің 
барысында өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктерін оқушылардың сана-
сезімдеріне  кандай  әрекет-әсер  ететінін  түсінуіне  негізделген  кезде  ғана  тиімді 
болуы мүмкін. 
Бұл сала әзірге мүлде жеткіліксіз зерттелген және педагогика мен психологияда 
да тіпті аз игерілген. 
Алайда,  оқу      процесінің      теориясы      үдемелі      қарқынмен   
жасалуда.Оқушылардың сыртқы қарекетіне,   өзін   көрсете   білуіне   негізделген 
олардың таным процестерінің барысын  сипаттау  туралы көптеген байқаулар мен 
эксперименталдық  зерттеулер  жинақталған.    Бұл  сыртқы  көріністер  ішкі 


процестерге      барабар      келмесе    де,      олар      іс    жүзіндегі  ұнамды  нәтижелерге 
жеткізетін  окытудың  талай  концепциясын  жасау      үшін  негіз  береді.  Оқу  мен 
оқытудың теориясы мен практикасының дамуының, сабақ берудің жаңа методтары 
мен  әдістерін  жасаудың,  сондай-ақ  мұғалімдердің      іс      жүзінде      тапқан   
жаңалықтарының   оқудың тиімділігін жылдан-жылға арттыра түсетіндігі өзінен-
өзі белгілі. 
   Дидактика   принциптері    деген    атау    алған    оқытудың бірсыпыра жалпы 
принципті  негіздері  қаралатын  болады.  Принциптерді  әдетте  кейбір  бастапқы 
кағидалар  деп  түсінеді,  оларға  кандай  да  бір  кызметке  сүйену  керек  болады. 
Дидактика принципі, емесе оқыту принципі — бұл    негізгі   кағидалар.   Ғылым   
негіздерін оқытқанда соларға сүйену керек. Олар барлык оқу пәндерін окытудың 
барлық сатысында колданатын нағыз   жалпы   қағидалар   болып   табылады. 
Дидактикалық  принциптер,  оқыту  принциптерінің  жүйесі  мақсаттарына 
негізделеді. Сондықтан қоғамдық дамудың әр кезеңінде дидактикалық принциптер 
өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді. 
  Педагогикадағы  оқытудың  принциптері  тәрбиемен  бірге  дидактикалық 
негізде  құрылады.  Қоғамдық  прогрестің  талаптарына  сай  оқыту  процесінің 
мазмұнын, оның әдістері мен ұйымдастыру жолдарын анықтайды. 
  . Дидактикада принциптер жүйесі мыналарды қамтиды: 
1-оқытудың ғылымилық, жүйелілік принципі; 
2-оқытудың көрнекілік принципі; 
3-саналылық және белсенділік принципі; 
4-теория мен практиканың байланыстылық принципі; 
5-білімнің  шамаға  лайықтылығы  мен  оқушылардың  жас  және  дара 
ерекшеліктерін есепке алу принципі; 
6-білім беру мен тәрбиенің байланыстылық принципі; 
7-білімді берік және тиянақты меңгеру принципі; 
  Оқыту процесінде бұл принциптер бір-бірімен өзара тығыз байланыста және 
бірлікте жүзеге асырылады.  
1)
 
Оқытудың ғылымилық, жүйелілік және бірізділік принципі. 
Оқытудың  ғылыми  құрылу  принципі  оқушыларға  оқудың  әрбір  кезеңінде, 
сатысында  ғылымда  берік  қалыптасқан  ұғымдарды  үйретудіталап  етеді,  ал  осы 
ұғымдардың өзі ғылым әдістеріне жақын тұратын оқыту әдістері арқылы үйретілуі 
тиіс. 
  Демек,  мектептің  оқушыларға  ұсынатын  білімдік  материалдары  осы  заман 
ғылымының дәрежесіне сәйкес болуы керек. 
  Ғылым  негіздерін  оқып  үйрену  жүйелілік  принципімен  байланысты. 
Жүйелілік  пен  бірізділік  оқыту  процесінің  міндеттерін  ойдағыдай  шешуге 
мүмкіндік берді. Педагогикалық әдебиеттерде жүйеге келтірілген білімдермен жас 
жеткіншектерді  қаруландырудың  қажеттігі  көрсетіліп  келеді.  Жүйелі  оқудың 
маңызы  жөнінде  К  Д.  Ушинский:"Ешбір  байланысы  жоқ  қыйыр-шыйыр  болып 
мида  жатқан  білім,  бұл  қоймада  қалай  болса  солай  тәртіпсіз  жатқан  нәрсеге 
ұқсайды. Мұнда қоймада не бар-жоғын иесі тауып ала алмай басы қатады."  –деп 
мысалмен түсіндіреді. 


  Ы.  Алтынсариннің  "Қырғыз  хрестоматиясы  "  еңбегі  тарих-мәдени  көзқарас 
жағынан  да,  педагогикалық  құндылығы  жағынан  да  өшпес  мұра  екні  мәлім.Бұл 
хрестоматияны  құрастыруда,  материалды  сұрыптауға  ұлы  педагог  дидактикалық 
принциптерге  сүйенеді.  Кітап  идеясының  халықтығы,  гуманизмі,  демократизмі 
туралы түсініктер, әңгімелер, ережелер т.б. оқу материалдары жүйелілік негізінде 
қарастырылады. 
  Мәселен,  Н.И.Ильинскийге  жазған  бір  хатында:"...алдымен  заттың  атын, 
кейбір жағдайда заттың атына байланысты сөз, соно соң заттың сынын білдіретін 
сөзді—сын  есімді,  содан  кейін  барып  заттың  аты  мен  сынын  қостырып 
айтуды.Одан әрі етістікті, одан соң сөздерді септеуді, жіктеуді, сөз тегі мен санды 
кейінірек  өздігінен  тіл  үйрену  кітабынан  аударып  сөйлеуге  үйретем.  Бұрын  да 
өзімнің тәрбиемде болған екі оқушым осы ережелердің бәрін дерлік қазірдің өзінде 
танып алды", -деп оқытудың мағыналы, әрі жүйелі болуы туралы пікірлеседі.  
  Мектептің  оқыту  процесіндегі  жүйелілік  оқу  жоспары  мен  оқу 
программаларында  анықталған.  Сондықтан  программаның  талабына  сай  оқуды 
жүйелі түрде жүргізу мынаны көздейдй: 
  а) Оқу жылы бойынша әрбір оқу пәндерінің материалын логикалық ретімен 
орналастыру. 
  ә) Материалды мұғалім жүйелі де ретімен баяндау. 
  б)  Ең  қажетті  міндет  оқушылар  жаңа  білімдер  мен  бұрынғылардың 
логикалық байланысын түсінуі тиіс. 
  в)  Меңгерілетін  деректі  материалдар  мен  қорытынды  топшылаулар 
оқушылар санасында логикалық түрде орналасуы тиіс.  
  г)  Мұғалімдер  мезгіл-мезгіл  өткен  материалды  жинақтап,  қорытындылап 
отырады.  Ол  балалардың  тақырыптық  жеке  бөлімдерін  қалай  түсінгендерін,  есте 
қалғандарын анықтайды. 
   Жыл  аяғында  оқушылар  пән  бойынша  не  оқығанын,  әр  бөлімдерден  не 
ұғынғандарын, тақырыптың бөлімдері бір-бірімен қалай байланысқандығын айтып 
беруге тиіс.  
  Осылай  оқушылар  санасында  білімдер  бір  жүйеге  түседі,  білімнің  ең 
негізділері  мен  мазмұндылары  баса,бөле,  асты  сызылы  көрсетіледі.  Логикалық 
жүйелі байланыстар білімдерді меңгерудегі бірізділікке ыңғайлы жағдай туғызады. 
  Оқудағы көрнекілік. Мектеп оқуындағы көрнекілікке қойылатын талаптарды 
17-ғасырда  Я.А.Каменский  негіздеді.  Оның  айтуынша,  түйсік  әсері  болмайынша 
ақыл-ойға өздігінен қонатын ешнәрсе болмайды.  
  Сондықтан оқу да, нәрсе, заттар жөнінде талдау-тұжырымдаудан бұрын сол 
нәрсе  ,  заттарды  байқаудан  бастауы  қажет  деген.  Коменскийдың  ойынша,  білім 
түйсікке  негізделіп,  соған  аяқ  тіресе,  сол  дәлелді,  нанымды  болады.  Өз  көзімен 
байқау  дәлелдеумен  тепе-тең.  Көрнекі  сезім  арқылы  қабылданған  білім  есте 
анғұрлым тұрақты сақталатыны дәлелдеді. 
Дидактикалык  принциптер  оқушылардың  таным    қызметінің  және  оқкыту 
мақсатының заңдылыктарымен тығыз байланысты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет