Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның психологиялық
қырларына назар аударады.
Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі
мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады т.с.с.
Әлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі әртүрлі ғылымдардың қосқан
үлесі, әлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бәрі де адамның күнделікті өсу
және даму процестерімен байланысқан білімнің мәндік астарын және сол даму
процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оған сәйкес жүйелік
құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі аталған
проблемалардың баршасы арнайы ғылым – педагогиканың зерттеу нысандары.