Педагогика ғылымының қызметтері.
Дербес ғылым ретінде танылған
педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен сабақтас,
яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық
міндеттер.
Педагогиканың
теориялық міндеттері
үш деңгейде жүзеге асырылады:
-
сипаттау немесе түсіндіру
– озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені
зерттеу;
-
анықтау
(диагностикалық) –педагогикалық құбылыстардың, оқушы мен
мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін анықтау, оларды қамтамасыз ететін себептерді,
шарттарды анықтау;
-
болжау
(прогноздау) – педагогикалық шындықты экспериментальды зерттеу,
солардың негізінде сол шындықты түрлендіру моделін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |