тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика
тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми
білімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына
орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды.
Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім
тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстүрлерді
қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады.