“Астана медицина университеті” АҚКе - Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы
- №1 дәріс
- Тақырыбы: «Балалардың жұқпалы ауруларына кіріспе»
4 курс жалпы медицина факультеті. Мақсаты: Студенттерге балалардағы жұқпалы аурулардың этиологиясын, эпидемиологиясын, мектепке дейінгі мекемелерде және ауруханаларда алдын-алу шараларын жүргізу, балалар арасында жұқпалы сырқаттылықты төмендету мақсатында вакцинацияны енгізу, инфектологияның жалпы сұрақтары бойынша білгірлік пен іскерлікті қалыптастыру. Жұқпалы аурулардың тарихи деректері: - Жұқпалы аурулар ежелгі заманнан белгілі. Қайталамбалы сүзек, дизентерия, сіреспе, тілме, сібір жарасы, эпидемиялық паротит, вирусты гепатиттер және т.б. жұқпалардың клиникалық сипаттамаларын Гиппократтың (б.д.д. 469-377ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Оба, полиомиелит, безгекті – Ежелгі грек папирустарынан (б.д.д. 2-4ғ.), нағыз шешекті – көне Қытай қолжазбаларынан (б.д.д. 12 ғ.) табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |