1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар



бет31/40
Дата16.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#168978
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
1 ä?ð³ñ òà?ûðûáû. Á³ë³ìí³? åðåêøåë³êòåð³ ìåí îíû? ?àç³ðã³ ?ëåóìå

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.Жас шамасына
қарай әр сыныптағы балалар өз мұғалімтарымен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Мұғалім балалардың ойындарын ұйымдастырады, программада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциялының мүмкіндігі түгелімен мұғалімнің сөзінің сапасына байланысты.
Мұғалім үшін үлгі сөйлеу тілін меңгеру – бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру – болашақ әрбір мұғалімнің адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.
Сөйлеу мәдениетін игеру-болашақ мұғалім мамандардың кәсіби құзіреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту - болашақ мұғалім-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы. Әрине, шеберлік, әсіресе сөз өнерін шешендік деңгейде игеру бірден қалыптаспайтын ұзақ жаттығуды қажет ететін үрдіс.
«Шеберлік дегеніміздің өзі- тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін сөзді талғаммен, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай қосымша мағынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз - суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу»
2. Сөйлеу техникасы: тыныс алу, дауысы, дикциясы, ритмика
Сөйлеудің жылдам, жай болуы - дауыс ырғағына байланысты. Эксперименттік тәжірибелерге қарағанда үлкен адамдар бір минутта 120-150 сөз айтуға болады. 5-6 сыныптар үшін "60" сөзден, 9-11 сыныптар үшін 75-100 сөзден аспағаны дұрыс. Материалдың қиындау жерін жай айту, одан жеңілдеу материалды тез айту, белгілі дауыс ырғағын дұрыс қолдануға байланысты. Дауыстың мәнерлі болуы үшін логикалық, психологиялық паузаны пайдалану керек. Өзіңнің дауысыңды бағалағаннан кейін: тыныс алу, дикцияны жөндеу, дауыс байланысын жөндеу, оймен байланыстыру қажет.
Мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысына жаттығу, метафора, эпитет, теңеу. Сөйлеу техникасы: дауыс, дикция, тыныс, тыныстау.
Қазіргі күннің талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру, өнегелілік мәдениетін,тиімді сөйлеу тәртібі ұғымы дамыту ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі барлық оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы, көбінесе соған байланысты.
Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын, тиімді сөйлеу тәртібі ұғымымәдениетін жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Мұғалім үщін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда», - деп есептейді А. Дистервег.
Мұғалімнің тиімді сөйлеу мәдениеті, оның негізін құрайтын адамгершілік, моральдық борыш, ар-ұят пен намыс адамға не бере алады? Ең алдымен адам өмірін сәулелендіретін мейірбанды өнегелілік пен қайырымдылық сезімін нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді. Ұстаз тұлғасының ойы мен сезім әлемі түйіскен жерде, оның ішкі дүниесінің нағыз қазынасы басталады.
Оқушылармен бірге толғанатын, олардың жетістігіне қуанатын мұғалім ғана өзінің оң сезімінің аясын кеңейте алады.
Сөйлеу мәдениетіұстазға ой мен сезімнің бай рухани әлеміне енуіне мүмкіндік берумен қоса, іштарлық, атаққұмарлық секілді әдеттерден аулақ болуға, әрі оған тәуелді болмауға жәрдемдеседі.
Өзімшіл өресі таяз адамдар өзінің көптеген рухани адамгершілік қасиеттерінен айырылады. Адамгершілік қасиеттен айырылудың осындай жақтарын байқаған В.Г. Белинский былай деп атап көрсетті: ғалым, дәрігер, заң шығарушы болған жақсы, алайда осының өзінде адам болмау өте жаман.
Әрине, өресі кең адамдардың өзінде де әр алуан кемшіліктер, болуы мүмкін. Шындығында әр адам өзінің өнегелі ішкі дүниесін жақсартып жетілдіре алады. Ол үшін бірінші кезекте адамгершілік, мейірбандық сезім аясын кеңейтіп, өнегелілік тебіреніс тілі мен өнегелі ойды меңгеру керек.
Мұғалімнің жеке басының адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптар педагогикалық деонтологияның жеке тұлғалық компоненттерінде өз көрінісін табады.
Мектептің алға қойған мақсаты - мәдени орталық болып саналуы, адамның бойына тек жақсылықтарды ұялату, дамыту. Тұлғаны дамыту үрдісі күрделі қайшылықтарды жеңумен байланысты, осы орайда көптеген келеңсіздіктермен күресуге тура келеді, педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігі туындайды. Мұнда педагогикалық мораль, ұстаздың кәсіби жұмысында адамгершілік қатынастардың бірлігіне құрылады. Бүгінгі күні этикалық тәрбиенің, адами қасиеттерді меңгертудің мәні зор.
Педагогикалық этика педагогикалық моральдың қызметін, принциптерін, мазмұнын, ерекшеліктерін қарастырады, педагогтың адамгершілік іс-әрекетін, мінез-құлқын негізге алады. Ол педагогикалық этикет негіздерін даярлайды, оның аясына адамдардың, өскелең ұрпақ тәрбиесімен кәсіби тұрғыда айналысып отырған барлық жандардың дұрыс қарым-қатынасының ережелері, қағидалары енеді.
Педагогикалық мамандықтың моральдық аспектілері әр педагогикалық қызметкердің өзінің іс-әрекетіне деген жауапкершілікпен, жеке көзқарасымен ұштасады. Педагог өз шәкірттерінің келеңсіз, жаман әдет-қылыққа баруына жол бермей, жан-жақты тәрбиенің аясынан босатпауы шарт. Бұл салаға ата-анамен тығыз байланыс та енеді. Кез келген ұстаз моральдық міндетін орындауда еркін. Өзінің кәсіби білімін, білік, дағдысын қандай деңгейде пайдалана алуы оның кәсіби этикасына байланысты.
Мұғалім ең күрделі процестерді – жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады. Кезінде көне грек философы Платон былай деген еді: егер етік тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды, бар болғаны азаматтар барынша нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде жаман адамдар мен бұзақылар көбейіп кетеді.
Мұғалімдік атаққа ие болған әрбір адам ұстаздық абыройға ие бола бермейді, өйткені ол абыройлы, ардақты іс болғанымен, қолындағы дипломға қоса «абыройлы» деген мандат берілмейді. Жазылмаған бұл мандатты халықтан өзі алуы керек. Диплом алған әрбір адамның болмысы түгелдей мұғалім болып жаратылуы керек. Бұл мамандықты меңгерту барысында ұстаз кадрларын даярлайтын жоғарғы оқу орны әрбір тәлімгер болам деген талапкерге мұрындық болуы керек.
Педагогикалық талаптарға сәйкес болашақ ұстаз абыройының баспалдақтары:
1) мұғалімнің маңызды еңбек құралы, оның жеке тұлғасы. Өзінің кәсіби міндеттерін нәтижелі орындау үшін ұстазға міндетті түрде өз оқушыларының алдында ерекше абыройлы болғаны дұрыс. Алайда бұл сый-құрметтің, сенімділіктің өзі ерен еңбекпен келетіні түсінікті. Осы орайда әңгіме тек арнайы кәсіби-педагогикалық сапалық қасиеттер (мейірімділік, шыдамдылық) хақында ғана емес, басқа да түрлі жалпы адами әлеуметтік құнды қасиеттер хақында. Бұл әлеуметтік бағалы қасиеттер педагогқа аса қажет, оның кәсіби міндеттерінің аясына адамгершілікке тәрбиелеу енеді. Әлеуметтік құнды сапалық қасиеттерді тәрбиелеу білім беру және іскерлік дағдыны жетілдірумен қатар жүреді. Білімді терең игертетін, моральдық сенімге тәрбиелейтін педагогтың өзі жан-жақты білім иесі, мол адами қасиеттерді бойына жинақтаған жан болуы тиіс. Білім беретін тұлға мен оқушылардың болмысының аралығындағы өзара байланыстың болуы педагогтың кәсіби моралінің кодекстерін құрудың маңызды алғышарты болып есептеледі.
2) ұстаздарға қарап шәкірттер еліктейді. Балалар мен жасөспірімдер күн сайын бірнеше сағаттан мектеп әлемінен орын ала отырып, ұстаздарының берген білімдерін ғана меңгеріп қоймайды,мінез-құлық ерекшеліктерінен де көп нәрсені дарытады. Кез келген жағдайда мұғалімдердің назарға алатын қағидасы, олар оқушыларға өздерінің мақсатты бағытталған педагогикалық әрекеттерімен ғана қолайлы немесе қолайсыз әсер беріп қоймайды, сонымен қоса өзінің тұтас болмыс, жан-дүниесімен де қатты әсер етеді. Осы себептерге байланысты ұстаздардан қатты талап етілетіні – олардың тек үлгі аларлықтай бағыт-бағдар берулері, оқушыға зиянды әсер беретін барлық шараларға қарсы тұра білулері қажет. Нақты осы жайт кәсіби мораль кодексі тұрғысынан анықталуы тиіс.
3) кәсіби міндеттерді атқарудағы еркін таңдаудың жеткіліктілігі. Жоғарыда айтып өтілгендей, ұстаздың кәсіби рөлі оған сан алуан және күрделі міндеттерді артады. Олардың жүзеге асуы үшін әрекеттің үнемі бірдей амалдары кезіге бермейді. Педагогикалық ахуалдар үнемі өзгеру үстінде және әр кезде жаңаша бағалануы тиіс. Педагогты барлық уақытта өз міндеттерімді қалай, қандай әдістермен жүзеге асырамын деген ой мазалайды. Таңдаудың өзі өзгеріп, жағдайға сәйкес түрленіп отырады. Кімде неғұрлым жоғары таңдау еркі болса, сол адамда соғұрлым жоғары жауапкершілік болмақ. Сол үшін мұғалімдерге моральдық нормалар аса қажет, көп жағдайларда оңтайлы шешім табуға жол ашады.
4) қоғам мұғалімнің әр шешімінің сапасын және мақсаттылығын қадағалап отыра алмайды. Сол үшін бақылау ең алдымен мұғалімдердің өздерінің тараптарынан белең алуы тиіс. Педагогтың кәсіби тұрғыда өз ісінің шебері болмауынан және кәсіби міндеттерінің сапасыз атқарылуымен заңдар мен нұсқаулардың көмегі арқылы күресу мүмкін емес. Бұл арада анағұрлым тірек болар күш те кәсіби-моральдық сана-сезім болып саналады.
5) бүгінгі таңда ұстаздар қауымына нақты талаптармен қоса негізсіз де міндеттер артылуда. Негізді және қисынсыз жайлардың ара жігін ашып алған дұрыс. Бұл арада жан-жақты ойластырылған кәсіби мораль көмектеседі. Білім беруден басқа да (экологиялық, әлемге көзқарасты тәрбиелеу) міндеттерді ұстазға жүктей беру ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлінің төмендеуімен байланысты. Ата-аналар өз міндеттерін қуана-қуана ұстаздарға артуға құмар, көпшілігі оларды тәрбие мамандары деп санайды. Бұндай міндеттің көп жүктелуі ұстаздар қауымына бірқатар міндеттерді тереңдей қабылдай алмауғаитермелейді. Өздерінің кәсіби міндеттерін қысқартуға әкеледі. Қат-қабат нұсқаулар мен шамадан тыс толтыратын қағаздар реті де тәжірибелік міндеттерін алмастырып жібереді. Ұстаздарды осындай қат-қабат әрекеттерден, негізсіз талаптардан қорғау, ата-аналардыбала тәрбиесіне біліктілікпен қарауға дағды беруде де кәсіби моральдың лайықты нормалары аса қажет.
Педагогтардың сөйлеу мәдениеттілігінің мазмұнын анықтауда педагогтарға табиғи түрде осы салада жинақталған халқымыздың мол тәжірибесіне, педагогикалық бай мұрасына арқа сүйейтіні белгілі. Көптеген педагогтар кәсіби болмыс, мінез-құлықтың қалыптасқан нормаларын өз түсінігінше қабылдайды. Алайда, атап өтерлігі, бұл нормаларды мойындау оған мойын ұсыну емес. Сократтың өзі таң қалған жай - көптеген адамдар мейірімділік, қайырымдылықтың бар екендігін біле тұра қатыгездікке барады. Ал,Гегель тұжырымынша, нақты моральдық сана дұрыс әрекеттер арнасына жол ашпақ, ал адамның өзі іске асырған қылықтарымен танылады, өз мамандығын құлшыныспен, жан-тәнімен сүйіп атқарған педагогтың жоғары шеберлік шыңына өрлеп, өз еңбегінің жемісінің дәмін тата беретіндігі айқын.
Сөйлеу техникасы мен оқудағы дауыс маңызын меңгеру. Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл-күйін тыңдаушыға бағыттап отырады. Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу. Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса ,оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы дауысын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далала азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау–дауыс күшті мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты. Мұғалімнің сөзі өткір жалынды, бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақауларды таза болуы шарт. Бір сарынды, жалаң көңілсіз сөзді оқушыларды зеріктіреді,жалықтырады, ұйқысын келтіреді, оларда сабаққа немқұрайлылық пен қалай болса, солай қарауды туғызады.Ғылым - табиғат, қоғам құбылыстары және адам жайындағы теория түрінде бір жүйеге келтірілген білімдер. Сонымен қатар, ғылым - бұл адамның білімді тек-серіп, жүйелеудегі танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір сатысы, ғылым дүниені танып білудің негізгі формасы.
Б.Н. Головин: «терминді екі түрлі қырынан көруге болады, ол белгілі бір затты және осы затқа тән белгілерді көрсететін ұғымды білдіреді»,-дейді. Әр терминнің дәлдігі, ұтымдылығы-ұығымды және заттың атын білдіретін қызметін, ресми-іс, көркем, т.б. стильдегі мәтіндерді салыстырғанда анық байқалады.
Демек, терминдер екі түрлі қызмет атқарады: ол ұғымның таны, әрі ұғымның мазмұнын білдіреді.
Термин – ғылымның, жинақталған білімдердің негізгі құрамдас бөлігі, ол заттың немесе құбылыстың жалпы қаси-еттеріне негізделіп, белгілеріне қарай қыс-қа да түсінікті болып келеді. Термин – сөз, сондай-ақ, белгілі бір ғылыми ұғымды білдірумен қатар өзінің нақты ерекшелігі болады. Ғылыми еңбектерді саралау нәтижесінде ғылыми тілдің терминоло-гиялық және ұғымдық айқындығына әлі жете зерттелмегендігі (И.Н. Нұғыманов) анықталды. Әр пәннің тілі, яғни оқулық тілі ғылыми тілдің синонимі ретінде қолданылады. Кез-келген ғылыми тіл табиғи тіл негізінде қалыптасып, ғылым-ның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жинақталған білімнің көрінісі.
Көптеген лингвистер ғылыми тілді-жалпы әдеби тілдің әр түрлі қызметінің бір түрі деп түсіндіреді. Сонымен қатар лингвистер ғылыми тілдің 3 қабатын бөле-ді: 1) терминологиялық емес лексика; 2) жалпы ғылыми лексика; 3) терминоло-гиялық лексика.
Термин ұғым арқауы болғандықтан, білімнің де негізгі көзі. Сондықтан қазіргі заманда оқытудың жаңа технологиясында терминология мәселесі-өзекті болып табы-лады (Г.А. Бордовский, В.И. Извозчиков) .
Терминология - әр түрлі қырынан зерттейді (картологиялық, психологиялық, тарихи, лингвистикалық). Ғылыми тер-минологияны зерттеген ғалымдар: С.А. Чаплыгин, Д.С. Лотте (ғылыми техни-калық терминология) т.б. (физика-математика), Н.Д. Велинский (химия), С.Г. Струмилин (экономика), И.И. Мещаников, С.П. Обнорский, А.С. Орлова, Г.О. Вино-кур, А.И. Моисеев, В.П. Даниленко, О.С. Ахманова, В.В. Виноградов, М.В. Серги-евский, т.б. (тіл білімі).
Чех лингвисті К. Сохордың зерттеуі бойынша термино-логияның 90%-ы ғылыми - техникалық терминдер деп көрсетеді.
Д.С. Лоттенің еңбектерінде тер-миндердің лингвистикалық қыры терең зерттелген . Терминологиялық жүйе-дегі терминдерде белгілі бір талаптар қойылады. Д.С. Лоттенің көрсетуі бойын-ша ол талаптар: терминнің дәлдігі, жүйе-лілігі, түсініктілігі, қысқалылығы т.б.
Білімгерлердің ғылыми тілмен сөйлеу дағдыларын дамытып жетілдірудің, пәнге қызығушылығын арттырудың ең басты негізгі жолдарының бірі - ғылыми мәтінмен тиянақты талдау жұмыстарын жүргізу. Пәндегі олқылықтардың тұына себеп оқушылардың ғылыми тілін дамыту жұмыстарының өз деңгейінде болмауы салдарына келіп тіреледі.
Материал неғұрлым көп болса, мәтіннің ғылымилығы артады, ал жатты-ғулар мен тапсырмалардың молдығы мәтін-нің ғылыми тілде жазылу сапасын көтереді деген ұғымнан аулақ болған жөн. Себебі білімгерлердің пән мәтінінің мазмұнын меңгерудегі қиындық оқулық тілінің ауырлығынан, терминдердің аударма-ларын түсінбеушіліктен туады. Сондай-ақ білімгерлердің ғылыми тілмен сөйлеу дағдыларын дамытудың жолы – оқыту үрдісінде оқулықпен немесе компьютермен шектелу емес, мұғаліммен педагогикалық бірлестікке негізделген тілдік қарым-қатынасқа түсір. Білімгердің ғылыми тілмен сөйлеуінің қалыптасуы мынадай белсенді ойлау әрекетімен байланысты: сараптау, саралау, салыстыру, талдап қорыту.
Ғылыми тілдің ұғымдары, атаулары туралы түсініктер беріп отыру мен мазмұнын айқындап отыру да мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі басты орын алатындығын айқындайды. Өзара қарым-қатынас үрдісі бірлескен іс-әрекет негізінде орындалады. Жоғарғы деңгейдегі білім-герлердің ғылыми тілмен сөйлеу әрекеті оларға өздерінің ой-пікірі, сана-сезімі, талдау құқығы бар оқу үрдісінің белсенді мүшесі ретінде қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Плакаттар, кестелер, сызбалар, сурет-тер, бейнефильмдер, терминологиялық катаралар, үнтаспаларды сабақта қолдану білімгерлердің көңіл күйі мен ынта, зейініне жағымды әсер етеді. Олардың сыртқы көрінісі талғампаздыққа, ішкі мазмұны ғылыми ойлылыққа жетелеп, пәнге деген құштарлықты ұштай түседі.
Мұғалімнің білімгерлердің сөйлеу әрекетіне белгілі бір талап қоюынан оқушыларда өзін-өзі бақылау дағдыларын пайда болады. Олар өздерінің ойларының дәлдігін, сөздіңайтылу жүйесін қадағалап, дұрыс сөйлеудің мазмұнына, айтылуына көңіл аударады. Осылайша білімгерлердің сөйлеу әрекеті дами отырып, олардың жауап беруі мұғалімнің сұрақ қоюымен шектелмей, енді қойылған сұраққа байла-нысты ой алмастыру, қорытынды жасау, пікірталас жасауға ұласады. Сөйлеу бел-сенділігі білімгерлердің мотивациясынан пайда болып, белсенді сөйлеу әрекеті бір әрекетінен екіншісіне ауысып, сөйлеу мәдениетін жетілдіре түседі.
Мұғалімге сөйлеу мәдениетімен психологиялық және арнайы біліммен қаруланумен қатар кәсіби бағытына қарай тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдысын меңгеру – ең маңызды шарт. Мұғалімнің сөйлеу әрекетінің маңыздылығын Г.И. Щу-кина , А.Н. Ксенофонтова , өз еңбектерінде терең зерттеген.
Мұғалімнің тәжірибесі, іс-әрекеті, мінез-құлқы, тілдік қатынасқа түсуі, сөйлеу әрекеті, педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігіне байланысты. Мұғалімдердің тілдік қарым - қатынасты жетілдіру жұмыстарында Ж.Р. Бәшірованың «Педаго-гикалық қарым - қатынас» курсының бағдарламасын пайдалануға болады .
Сөйлеу дағдылары ауызша және жазбаша орындалған жұмыстарды орны-мен қолданылатын дағдылар жүйесінен, сұраққа сай қысқа да толық, қисынды жауап беруінен, оқыған немесе байқаған, көрген жайды тиянақты, ойды сөйлеу процесімен ұштастырып, ауызша да, жазбаша да мазмұндап беру дағдысынан құралады. Демек, адамның тіршілігінде тілдік қарым-қатынас процесі 3 түрлі ай-мақта тіл, ойлау, болмыс аймақтарында өтетіндігін көрсетеді. Сөйлеу – осы аймақ-тар жұмысының жиынтығы. Егер болмыс ойлауда көрініс тапса, ой – сөз арқылы сыртқа шығады. Ой мен өмір шындығының арасындағы шекара адам әрекеті болып табылады.Бұл адамның қатесіз сөйлеуімен қатар кез-келген жағдайда кімге көңіл аударып қарауына байланысты, қарым-қатынас мақсатына сай, жеңіл түсінікті түрде тілдік қатынас орната білуіне қатысты болады.
Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде білімгерлердің көңілін бұруға әсер ететін мынадай бағыттар бөліп көрсетіледі: 1) оқытудың көрнекілік және техникалық құралдарын қолдану; 2) сұрақтар қою; 3) сөйлегенде мәтін арасына мақал-мәтел, сықақ, әзіл қосып отыру; 4) сөйлеудің жылдамдығы мен көтерің-кілігінің ауысып отыруы; 5) көңіл ауда-ратын арнайы этикеттік сөз орамдарын қолдану (өтінемін, көңіл аударыңыздар, есте сақтаңыздар, т.б.).
Бұл талаптар, әр мұғалімнің есте сақтағаны дұрыс. Мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысында мәнерлі сөйлеуі мен оқуынаң мәні, сөйлеу техникасы: мақамы, дауысы алдыңғы орында тұрады.Бұл талаптарды орындауда, ең алдымен әсер ететін ағдайды және ақпарат беретін обьектіні (сыныпты, аудиторияны) жақсы білу керек. Сөйлеу-әрекеттіңтұйық жүйесі емес, білімгерлер мен мұғалім-дердің мақсатты әрекеттерінің жиынтығы.
Мұғалімдердің бойындағы қаруы - терең білімі мен мағыналы сөзі. Білімді білімгерлерге тек сөз арқылы ғана жеткізе алады.
Д. Карнеги еңбегінде шешен сөйлеу үішн 4 ереже ұсынылған: а) өз мақсатына жету үшін сөзіңді табанды ұсыныспен бастау; ә) не туралы айтаныныңды нақты білу; б) өз - өзіңе сенімді болу; в) сөйлеуге жаттығу. Кімде-кім мейлі ол мұғалім, оқушы, ғалым болсын, өз сөйлеу тілінде осы 4 ережені сақтаса сөзден, істен ұтылмайтыны анық.
Сабақ түсіндіруде шебер сөйлеу шарт, айтылатын терминдерге көңіл бөлу ғана емес, сонымен қатар ол терминдердің қалай айтылатынына, мазмұнына, баяндау түріне көңіл бөлу керек. Сонда ғана сөздің дәлдігі мен айқындығы сөйлемнің шұба-лаңқы болуынан сақтайды. Сондай-ақ, білімгерлердің білім мен тәртіп деңгей-лерін, олардың жеке басның құқығын құрметтей отырып, әрбәрәмен тіл табыса білу мұғалім мәдениеттілігінің қажетті элементі.
Мұғалімнің құлаққа жағымды, мәнерлі дауысты игеруіне А.С. Макаренко көп көңіл бөлген. Ол «жақсы дауыс – мұғалімнің негізгі құралы» деп есептеген.
Мұғалім білімді жеткізу барысында, өзінің сөйлеу мәдениетінен хабар береді. Себебі біреулері керемет таңқалдырып сөйлесе, кейбірі көркем де сұлу, ашық та жарқын сөзбен сөйлеп, қайсыбірі дәлелді сөзімен көзге түсіп тұрады.Көпшілігі қарапайым сөзбен сөйлесе, кейде жеңіл жай сөзбен, кейде көмескі, дүдәмәл сөзбен сөйлейтіндері де кездесіп қалады. Дұрыс сөйлеуге мұғалім тәжіри-бесімен қатар білім қоры, сөздік қоры да қажет. Мұғалім сабақтың мазмұнының ерекшелігіне, сабақтың әдістемелік саты-ларына қарай сөйлеу деңгейін де көтеріп отыруына болады. Мұғалім тілінде көріксіз көмескі сөздердің көп болуы және басқа ұлт тілдерін араластырып сөйлеуі сабақ мазмұнын түсіндіруде қиындық тудырары сөзсіз.
Ғылымның дамуы мен оның жетіс-тіктерін халық игілігіне пайдалану білім негіздерін ғылыми ұғымдар мен атаулар жүйесінің пайда болуына және оның қорының баюына әкеледі. Сондай-ақ осы ғылыми ұғымдарды игеруден адамның таным үрдісінің дамуы бастау алады. Ғылыми тіл – пән курсының тасымал-даушы құралы, мұғалім мен білімгердің бірлескен іс-әрекетінің нысаны. Ғылыми тіл – білімнің көзі іспетті сөйлеу әдісі ретінде қызмет атқарады. Ғылыми тіл –оқыту үрдісінің негізгі бөлігі ретінде пәндік білімнің негізі және мұғалім мен білімгердің сөйлеу әрекетін іске асырушы құрал қызметін атқарушы тіл.
Педагогика ғылыми тілдің, оның таным үрдісіндегі гносеологиялық және психологиялық маңызына сүйене отырып, білім мазмұнының басты құрылымдық бірлігі ретінде анықтайды. Ғылыми тілді саныл да терең меңгергенде ғана білімгерлердің қоршаған дүниені толық, бүтін қабылдауларына жағдай туғызуға және өз бетінше жан-жақты, белсенді әрекет ететін жеке тұлға ретінде қалып-тастыруға болады.
Білімгерлердің ғылыми тілмен сөй-леу мәдениетін қалыптастыруда оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру жолдары мен оның ерекшелігі, мән-маңызы туралы мәселе күрделі де сан қырлы болғандықтан тереңдей зерттеуді қажет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев М. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқулық. – Алматы: «Дәуір», 2005 – 256 б.


2.Уәли Н. Сөз мәдениетінің ғылыми – теориялық негіздері. Филология ғылымдары докторы атағын алу үшін дайындалған диссертация. – 2007.
3.Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – «Зият Пресс», 2006 – 140 б.
4. Бордовский Г.А., Извозчиков В.А. Новые технологии обучения: вопросытерминологии. - М., 1993, №5.
5. Лотте Д.С. Основы построения научно-технической терминологии: Вопросы теории и методики. - М., 1961, 105 с.
6. Щукина Г.Н. Роль деятельности в учебном процессе. – М., 1986, 144 с.
4. Ксенофонтова А.Н. Совершенствование речевой деятельности учителя и учащихся в учебном процессе. Автореф. канд, пед. наук. - М., 1993, 27 с.

13 дәріс тақырыбы. Жоғары педагогикалық білім жүйесіндегі педагогикалық практика


Жоспар
1.ЖОО студентерінің оқу-тәрбие практикасын ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері
2. Оқу-тәрбие практикасын ұйымдастыру және өткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет