1 дәріс. Тақырыбы: «Әлеуметтiк педагогиканың бiлiм саласы ретінде қалыптасуы мен қазіргі қоғамда алатын орны»


дәріс. Тақырыбы: Әлеуметтiк педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптерi



бет2/2
Дата28.10.2022
өлшемі35,72 Kb.
#155493
1   2
Байланысты:
1-2 лекция псих
коуч 8 практика, 8апта, 1-тест. ойын педагогикасы

2 дәріс. Тақырыбы: Әлеуметтiк педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптерi.


Жоспар

  1. Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары және оның мазмұндық алғышарттары.

  2. Әлеуметтендіру принциптері, оладың түрлері және оларға сипаттама.

  3. Баланы қоғамға бейімдеу мен ендіруде әлеуметтендіру принциптерін басшылыққа алудың жолдары.



Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық және құрылымдық мәселелерін жасауда қолданылып жүрген негізгі тұжырымдамалық идеялар Б. А. Грушин, Р. Г. Гурова, С. Н. Иконни- ков, В. Г. Лисовский, Ю. В. Торсуев және т.б. еңбектерінде қарас- тырылған. Бұл зерттеулерде тәрбиенің әлеуметтік детерминант- тылығы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты тұлғаның әлеуметтенуі жайлы эмпирикалық зерттеулердің талдаула- ры берілген. В. С. Бестужев-Лада, Б. С. Гершунский, М. Н. Скаткин, В. А. Ка- раковский, В. А. Ядов т.б. әлеуметтік-педагогикалық болжам жасау мәселелерін шешуде әлеуметтік педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан. В. И. Журавлев, Б. Т. Лихачев, В. Г. Разумовский, Г. П. Буда- новалардың зерттеулерінде жастардың еңбекке, отбасылық өмірге, білім алуға, қоғамдық іс-әрекет пен дем алуға дайындығы жан- жақты әрі терең қарастырылған. Қазіргі дәстүрлі педагогика әлеуметтік-педагогикалық сипаттағы төмендегідей мәселелерді де қарастыру қажеттілігін мойындауда: – тұлға мәнін және оның қалыптасу кезеңдерін ашу; – индивидттің әлеуметтік болмысының түрлі формаларын ажы- рату (адам, жекелік, тұлға, субъект); – әлеуметтану мазмұнын түсіну; – тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытудың өзара байла- ныстылығына талдау жасау; – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының әлеуметтік детерминан- ты мен мәдениеттер диалогының рөлін түсіну және т.б. Бұл бағытта В. В. Давыдов, В. В. Краевский, А. В. Мудрик, Б. С. Гершунский, т.б. еңбектерін айтуға болады. Психология мен әлеуметтік психологияда тұлғаның психо- логиялық құрылымы мен рефлексивтік белсенділіктің түрлеріне, формаларының заңдылықтарына іс-әрекет психологиясы мен тұлға ерекшеліктері, идентификациялаудың әлеуметтік-психология- лық механизмдері (эмпатия, еліктеу, сендіру, т.б.) жатады. Бұл орай- да Б. Т. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, В. М. Мерлин, Л. И. Анциферова, И. Н. Семенов және т.б айтуға болады. Соңғы жылдарда философияда қоғамда адамның алатын орны, адамдағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы, тұлға дамуының әлеуметтік мәдени детерминациясы, адамның іс- әрекеттік болмысы әлеуметтік қоғамның негізгі сфераларын талдау, гуманистік концепция мазмұнын түсіну мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы зерттеулер ретінде М. Н. Берулова, Л. П. Буева, Л. Н. Коган, И. И. Резвицкий, И. Н. Семенов, Э. Г. Юдин, К. А. Шварцман т.б. еңбектерін атауға болады. Жоғарыда айтылған ғылымдардағы ізгіліктілік мәселелердің ғылыми маңыздылығын жоғары бағалай отырып, әлеуметтік пе- дагогика үшін негізгі рөл әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет тұжырымдамасы мен әлеуметтендіру тұжырымдамасына бері- летіндігін атауға болады. Бұл тұжырымдамалар әлеуметтік педа- гогиканың тұжырымдамалық негізін құрайды. Бұл тұрғыда Л. В. Фи- липпованың жұмысы басты орынға ие. Онда әлеуметтік педа- гогиканың тұжырымдамалық негіздері біртұтас жүйе ретінде пәнаралық білімдерді интеграциялаудың әдіснамалық және тео- риялық мәселелерін қамтиды. Осындай көзқарас әлеуметтік пе- дагогтарды кәсіби дайындаудың психологиялық-педагогикалық тұжырымдамасының мазмұндық және методологиялық негізін құрайды. Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындаудың психологиялық- педагогикалық тұжырымдамасын құрастырудың бастапқы кезеңіне әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде және практикалық пән ретіндегі статусы, пәні, мазмұны, құрылымы және қызметтері мен міндеттері жайлы заманауи көзқарастарды жатқызуға болады. Мұндай көзқарас әлеуметтік педагогиканы тұлғаны әлеумет- тендірудің заңдылықтарын түсінуге және осы заңдылықтарды нақ- ты бір тұлғаға қатысты қолдануды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін пәнаралық кешен ретінде қарастыруға болатындығын айқындайды. Әлеуметтік педагогика статусы нақты бір тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыра алуына септігін тигізетін әлеуметтік педагогикалық іс- әрекет феноменіне қатысты әлеуметтік философиялық позицияның көрінісі болып табылады. Осының нәтижесінде тұлғаның өзін-өзі та- нуы, өзін жүзеге асыра алуы қамтамасыз етіледі. Бұл әлеуметтік пе- дагогиканы ғылым ретінде танып, оның практикалық пән ретіндегі қоғам тапсырысын жүзеге асыратындығын нақтылай түседі. Әлеуметтік педагогика тұлғаны әлеуметтік-педагогикалық әсер- лердің жүйесі, көпқырлы әлеуметтендіру процесінің бастапқы және соңғы нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл барлық педагогикалық ме- ханизмдер мен құралдардың біртұтас қоғам жүйесінде, яғни қоғам өмірінің барлық салаларында қызмет етуін ескере отырып, қайта қарастырылуы қажет екендігін көрсетеді. Бұл өз-өзінен жоғарыдааталған мақсатқа қызмет ететін әлеуметтік-педагогикалық жобалар мен технологиялар жасауды қажет етеді. Әлеуметтік педагогиканың объектісі ретінде тұлғаның өзі қа- растырылады. Ал кейбір зерттеулерде (мысалы, Л. В. Филиппова) объект нақтыланып, тұлғаның әлеуметтену барысында қалыптасуы және дамуы түрінде айқындалады. Қазіргі таңдағы түрлі көзқарастар тұрғысынан алғанда «тұлға» ұғымы адамның өмір сүру болмысының ерекше түрі; қоғамның мүшесі ретінде, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі. Мұндай көзқарас психологияда кеңінен танымал болып, әлеуметтік-философиялық және әлеуметтік көзқарастармен жақсы үйлеседі. Бұл тұлғаның қалыптасу, даму мәселесін пәнаралық тұрғыдан қарастыруды, мәні тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық позициядан қарастыруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік педагогиканың объектісінде ең алдымен тұлға феноменінің әлеуметтік мәдени бол- мысы көрініс табуы тиіс. Тұлғаның әлеуметтік-мәдени табиғаты төмендегідей мәселелермен сипатталады: Тұлға феномені адамның позициясында басқа адамдармен қарым-қатынасында көрінеді, өмірлік мақсаттары мен оның артында тұрған мотивтерінде мінез- құлық түрлері мен жалпы мақсаттары мен міндеттеріне жетуде қолданатын іс-әрекет тәсілдерінде көрінеді. Осы сипатта тұлға түсінігі позиция, әлеуметтік рөл, әлеуметтік статус ұғымдарымен тығыз байланысады. Әлеуметтік рөл дегенде белгілі бір топтағы адамның күтілетін мінез-құлыққа жауап беретін іс-әрекетінің бағдарламасын түсіну ке- рек. Түпкі мәніне келетін болсақ, бұл белгіленген бір қоғам өміріне араласатын адамның еріксіз статусы, яғни мұндай адам өзінің қызмет әрекетіне сай мінез-құлыққа жауап беруі тиіс. «Статус» ұғымы бұл адамның қалыптасқан әлеуметтік қатынас- тар жүйесіндегі мінез-құлқын сипаттайды. Мұнда адамның өз орны, іс-әрекет түрі және нормативтік мінез-құлық типі болады. Статустық жүйеде адамдардың қарым-қатынасын, іс-әрекеттерін ретке салып отыратын нормалар бар. Статус пен тұлғаның рөлі сырттай қараған- да бірдей болғанымен, тұлға ұғымының мәнін толық қамти алмай- ды. Тұлға ұғымының мәні оның еркін, өз бетінше, жауапкершілікпен, яғни өзінің статустық-рөлдік шектеулерден, нормативтік инструк- циялардан шетке шығып еркін әрекет етуімен байланысты. Адамның әлеуметтік қоғамдағы орнын кей жағдайларда белгілі мақсат, себеп, жағдайлар айқындайды. Ал тағы бір жағдайларда адамсол қоғамдағы орнын саналы, ерікті түрде таңдап, өзін өзгелерге мойындату арқылы жеңіп алады. Мұндай жағдайда адамның өмір- дегі өз позициясының бар екендігін айту қажет. Позицияны адамның тұлға ретіндегі жалпы сипаттамасы ретінде түсіну қажет. Ал тұлға бұл аспектіде-өмірде, қоғамда, мәдени қарым-қатынаста өз орнын өздігінен айқындайтын адам. Осы негізде тұлға – біртұтас әлеуметтік мәдени құрылым, мәдениет, уақыт және тарих кеңістігінде өз пози- циясын еркін, өз бетінше айқындаған субъект. Адамдармен қарым- қатынаста позицияны түбегейлі ұстану мүмкін емес. Өмір сүру ба- рысында жауапкершілікті өз мойнына алу керек болатын жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан тұлға біржолата қалыптасқан сапа, жай-күй немесе құрылым емес. Тұлға – іс-әрекет әдісі, өмір сүру бейнесі, іс-әрекет субъекті. Осы тұрғыдан алғанда әрбір адам өзінің жеке көзқарастары мен позицияларын берік ұстанып, оның дұрыстығын өзгелерге мойындатқан жағдайда ғана толық мағынадағы тұлға ретінде қалыптасады. Тұлға – адамның айрықша өмір сүру тәсілі. Осы тұстан бастап, адамның ерекше болмысы тура- лы айтуға болады. Мұндай тәсіл тұлғаның жеке білім алуы негізінде қамтамасыз етіледі. Ал ондай білім адамның іс-әрекетінің ерекше деңгейіне, басқаша айтқанда тұлғалық сатысына көтерілгенде, жеке өмір сүру тәсіліне ие болғанда қамтамасыз етіледі. Тұлғалық деңгей – бұл өз іс-әрекетіне, мінез-құлқына толық жа- уап беру, әлеуметтік іс-әрекет қаупі мен қиналыс қаупіне, түрлеріне қарамай, сол жолды таңдауы сияқты мәселелер түсініледі. Субъектінің әлеуметтік байланыстар мен қатынастарға түскендігін бейнелейтін ұғымдардан жеке құндылық, жеке таңдау, еркін, тұлғалық бағдарлар мен мақсаттар, жеке уақыт сияқты мәселелерді атауға болады. Тұлғалық құндылықтар дегенде нақты бір индивидтің қоғамдық және топтық құндылықтарды меңгеруін түсіну қажет. Әлеуметтік құндылықтар жеке өмір сүру іс-әрекеті тәжірибесі барысында тұлғаның құндылықты бағдарларының психологиялық құрылымына енеді. Құндылық бағдарлар тұлғаның қызметі барысында көптеген қызметтерді атқарады және оның тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Тұлғалық бағдарлар мотивацияның негізгі қозғаушы күші болып, әлеуметтік мінез-құлықтың негізін құрайды. Дамыған тұлғалық бағдарлар – кемелденген тұлғаның маңызды көрсеткіштерінің бірі, ол әлеуметтенгендік деңгейінің, индивидтің әлеуметтік қоғамға енуі деңгейінің көрсеткіші ретінде бағаланады. Осыған байланысты кез келген қоғамда тұлғалық бағдарлар тәрбиенің және мақсатқа бағытталған қалыптастырудың объектісі болып табылады. Жоғарыда айтылған пікірлерді жинақтай оты- рып, тұлғаның табиғи болмысы төмендегі екі топтағы сипаттамалар арқылы ашылатындығын айтуға болады: Бірінші топқа тұлғаның ұстанымы, әлеуметтік рөлі, құндылық- тары және жоғарыда санап өтілген феномендер кіреді. Екінші топ адамның жеке деңгейдегі өмір сүру тәсілі арқылы тұжырымдалады. Бір сөзбен айтқанда, тұлға әлеуметтену бары- сында қоғамда дұрыс өмір сүру үшін өзіне қажетті мінез-құлық формаларына ие болып қоғам мақұлдаған көзқарас, сенімдерін қалыптастырады. Әлеуметтену өз ішіне адамның әлеуметтік бол- мысты тануын, жеке практикалық және топтық жұмыс дағдыларына ие болуды қамтиды. Әлеуметтену процесі барысында белгілі бір өзгерістерге алып келетін сапалар мен психологиялық механизмдер қалыптасады. Әлеуметтендіру процесі үшін қоғамдық тәрбиенің маңызы зор. Әлеуметтендіру процесін индивид тарапынан әлеуметтік тәжі- рибені меңгеру барысында қарым-қатынас және іс-әрекет аясын кеңейту ретінде, өзін-өзі реттеу, сана-сезімі мен белсенді өмірлік ұстанымының қалыптасуы түрінде сипаттауға болады. Әлеуметтендіру институттары ретінде отбасы, бастауыш мек- тепке дейінгі білім беру мекемелері, мектеп, еңбек және басқа да ұжымдарды жатқызуға болады. Тұлғаның жаңаша жоғары деңгейде дамуының объектив ал- ғышарты – тәрбие процесі. Жоғарыда тұлғаның әлеуметтік бол- мысына қатысты аталған қағидаларға сүйене отырып, әлеуметтік педагогиканың пәніне әлеуметтендіру процесінің мазмұнын құ- райтын құрылымдық-функционалдық байланыстарды, заңдылық қарым-қатынас пен өзара байланыстар логикасын, тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен өзін жүзеге асыра алуы процестерін жатқызуға бо- лады. Әлеуметтік педагогиканың принциптері әлеуметтік педагогика- ның тұжырымдамалық негізін шығармашылық тұрғыдан талдау нә- тижесінде айқындалады. «Принцип» сөзінің өзі латынның «принципум» деген сөзінен аударғанда «негіз» деген мағынаны білдіреді. Кез келген ғылым өзінің дамуында белгілі бір заңдылықтардан бастау алатын, соларға негізделетін қағидаларға сүйенеді. Мысалы: кез келген құрылысшыакірпіш қалау үшін ең алдымен фундамент қалап алу керектігін біледі. Сол секілді педагогикалық процесті ұйымдастыруда бас- тапқы ережелер мен талаптарды, яғни принциптерді ескеріп, үнемі басшылыққа аламыз. Кез келген ғылымның негізгі қағидаларына сүйене отырып, оның ережелері қалыптасады. Қағидалар мен ережелер біздің қала- уымыздан тыс пайда болады. Оларды ескермеген жағдайда ертелі- кеш біздің тәрбиелік әрекеттеріміз пайдасыз, тіпті зиянды да болуы мүмкін. Әлеуметтік педагогика өзінің практикасында ғылыми педа- гогиканың тәрбие қағидаларына сүйенеді. Соған қарамай әлеуметтік педагогика баланың ересек болғанға дейін ең алдымен бала болып қалуын қалайды. Сондай-ақ швейцар педагогі Иоганн Генрих Песталоцци (1749- 1827) қараусыз қалған балалар үшін қамқорлыққа алу үйлерін ұйымдастыра отырып, тәрбиедегі негізгі мақсат – адамның қабілеті мен табиғи күшін дамыту, сонымен қатар бұл даму жан-жақты әрі үйлесімді болуға тиіс деген болатын. Әлеуметтік педагогиканың принциптері – бұл, тұлғаның қалып- тасу және даму процесінің базалық принциптерін түсіну ғана емес, сондай-ақ оларды практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Ондай прин- циптер қатарына – гуманитарлық, дамудың әлеуметтілігі, жүйелілік, поляризация және тәжірибе жатады. 1. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі принципi. «Гумандылық», «гуманизм» ұғымдары латынның «адамдық» деген сөзінен ауда- рылғанда «адамға деген құрмет» деген мағынаны білдіреді. Гума- низм қағидасы мынадай ережелерді сақтауды қажет етедi: – қоғамдағы барлық балалардың дене, материалдық және әлеу- меттік жағдайына қарамай оларға деген дұрыс қарым-қатынас пен құрмет болуға тиіс; – әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының қалыптасуы мен дамуына көмектесу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау; – мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің алғашқы басқышы ретінде түсіну. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі, бағыттылығы принципi – адам- ның өмiрiн, оның дене, психикалық және адамгершiлiктiк саулығын, сондай-ақ рухани байлықтарын адамның жоғары құндылықтары ретiнде мойындау. Әлеуметтендiру процесiндегi педагогикалықықпалдың негiзгi мақсатының өзi оны тек танып қана қоймай, сол құндылықтарға қол жеткiзу болып табылады. Тәрбиені ізгілендіру идеясы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде бастау алып, ол барлық елдер педагогтары тарапынан насихатталып келеді. Ізгіліктілік бағыттылықта жастарға тәрбие беру мынадай тиімділік береді: 1. Тек тәрбие ғана белгілі бір мөлшерде әлеуметтену объектісі болып табылатын адамның мінез-құлқындағы оң өзгерістердің дамуының бағытын анықтауға мүмкіндік береді; 2. Тәрбие арқылы ғана адамның субъект ретінде өз идеясын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауға болады; 3. Тәрбие ғана адамның бір ортадан екінші ортаға бейімделуіне мүмкіндік жасайды. Мысалы, ол бұрын әлеуметтену құрбаны болған болса, енді өмір сүру ережелерін үйренуін тәрбие арқылы қалыптастырамыз; 4. Тәрбие ғана адамды әлеуметтену процесінің құрбаны болып кетуден сақтандырады. Әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік принципі ізденушілік жә- не практикалық іс-әрекетте төмендегідей үш идеямен байланысты болады: – адамды жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану; – адамды қоғамдық дамудың мақсаты ретінде мойындау; – адамды қоғамдық өмірдің жалпы барлық салаларын кез келген әлеуметтік-педагогикалық жобалар мен технологияларды бағалаудың жоғарғы критериі ретінде тән алу. Қазақта ізгілікті әрекеттер қашан да жастарға тәлім тәрбие беру- де насихатталып келген, ол өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің бас- ты көрсеткіші ретінде насихатталған. Осы тұста М. Жұмабаевтың: «Кiмде-кiм өзiн сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елiн сүйсе, әсiресе, бүткiл адам баласын бауырым деп сүйсе, сол адамды iзгi деп ай- тамыз», – деген сөздерiне жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында бар қасиет екендігіне әбден көзіміз жетеді. Оған дәлел қазақтағы «Қол ұшын беру», «Асар», «Пiтiр-садақа тарату» секiлдi дәстүрлерiмiздiң болуы, қазақ халқында отбасында болған қуанышты бастамаға асар- латып көмектесiп, жақсылықтың тездетiп орындалуына себепкер болуға талпынған, ал қайғы-қасiретте қол ұшын берген. Осылай- ша халқымызда адамды өз ортасына бейімдеу оны ізгі шараларға қатыстырумен байланысты іске асырылған. Әлеуметтік педагогика үшін әлеуметтілік принципі – адамның интегралдық әлеуметтік болмысына, тұлғаның көп аспектілі қалыптасу және даму процесінің әлеуметтік детерминациясы мен қызмет ету жағдайындағы тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты үш аспектіде принципиалдық маңызға ие. Тұлғаның әлеуметтік педагогиканың объектісі ретіндегі динамикалық табиғаты жайлы тұжырымдары, зерттеулері мен тәжірибелері осы әлеуметтік принциптен туындайтындығын негіз- дейді. Теория мен практикада тұлғаның қалыптасу және даму прин- ципін жеткіліксіз бағалау ұжымдық принципті сыңаржақты түсінуде, тұлғалық дамуды жоққа шығаруда байқалады. Осы тұрғыда дамы- ту принципі әлеуметтік педагогика объектісінің динамикалық бол- мысын айқындауға, тұлғаны қалыптасу және даму объектісінде қарастыруға мән береді. Жүйелілік принципінің мазмұны төмендегі қағидалар арқылы айқындалады: – тұлғаның қалыптасу және даму процесін зерттеу және қам- тамасыз етуде пәнаралық қатынасқа бағдарлану; – тұлғаның өмір сүру деңгейі мен әлеуметтендірудің бар- лық құрылымдық компоненттерінің субординациясы мен коор- динациясының логикасын мазмұндық тұрғыдан қарастыру; – жүйелілік қатынас негізінде әлеуметтік-педагогикалық техно- логияларды жасау. Поляризациялау принципі әлеуметтендіру процесінің өзін (оның формасы, әдіс-тәсіл, даму, өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өзін- өзі тәрбиелеу аспектілерін, субъект-объект қарым-қатынастарын) диа-лектикалық бірлікте қарастыруды, қарама-қайшылықтар бірлігі ретіндегі тұлға болмысының табиғатын, оның өмір сүруінің жекелік деңгейін түсіндіруді мақсат етеді. Тәжірибелік принципі тәжірибелік бағдарлану мен әлеуметтік педагогиканың өзімен шартты байланысқа ие. Тәжірибелік бағ- дарлану тұлғаның өзі және оның әлеуметтену, қызмет ету процесі, өзін-өзі жүзеге асыру сипаттамасы қоғамды қалыптастырушы қоғамдық өмірдің практикалық салалары тұрғысынан жоғары мәнге ие. Қарастырылған әдіснамалық принциптер әлеуметтік педа- гогиканың алдында тұрған барлық міндеттерді шешуге бағытталған. Аталған принциптер аясында шешілетін міндеттерді төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
– педагогикалық мақсат ретінде адам жайлы білімдерді пән аралық синтездеуді жүзеге асыру; – әлеуметтік педагогикалық пікірлеу мен іс-әрекет жүргізудің стилін құрастыру; – неғұрлым дамыған формаларда әлеуметтендірудің біртұтас процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жүйені құру немесе қалыптасқан қолданыстағы бар әлеуметтік, педагогикалық жүйелерді жетілдіру. Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасы Жалпы тұжырымдамалар ғылыми білімді дамыту формалары ретінде бірнеше ерекшеліктерге ие. Ең алдымен белгілі бір ғалым- ның дүниетанымдық жеке ұстанымын білдіреді. Сондай-ақ, ол теорияны құрастырудың алғашқы сатысы саналады. Осындай дүниетанымдық ұстанымдар мен әдіснамалық нұсқаулар негізінде кейбір пән аясындағы бастапқы теориялық категориялар бірігуі нәтижесінде әдіснамалық тұжырымдар пайда болады. Мұндай бірі- гу негізінен олардың арасындағы қажетті байланыстарды айқындау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай процедураны толық деңгейде жүзеге асыру түбінде концепцияның теорияға айналуына септігін тигізеді. Әлеуметтік педагогиканың бастапқы ұстанымдары және оны- мен байланысты көзқарастар жүйесі екі фактормен айқындалады. Оның біріншісі – әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі мәні және әлеуметтік педагогикалық практиканың өзіндік ерекшеліктері. Әлеуметтік педагогика әрбір нақты тұлғаның өз табиғи бол- мысынан алшақ кетпеуін қарастырады. Бұл идеяда әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік қызметі толық көрініс тапқан. Ізгілікті қызметті тәжірибеде жүзеге асыруда мамандарды дайындау концеп- циясы да мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері жағынан ізгі болуы тиіс. Қазіргі таңда педагогикадағы ізгіліктілік идея тұлғаға бағытталған көзқараста көрініс тапқан. Ал екінші фактор – кәсіби дайындаудың мазмұнына, тиімді фор- маларына, стратегиялары мен әдіс-тәсілдеріне тиісті философия- лық, психологиялық-педагогикалық, акмеологиялық және т.б. қағи- далардың жиынтығынан құралған. Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қызмет көрсетулер әлеуметтік педагогтар тарапы- нан әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің түрлері ретінде, олардың нақты іс жүзіне асырылуы (технологиялары) түрінде қарастырылады. Бұл әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындауды жүзеге асыруда оқупроцесін технологиялық тұрғыдан жобалау қажеттілігін көрсетеді. Кәсіби дайындықты тиімді жүзеге асыру үшін бірінші кезек- те студенттің тұлғалық потенциалына бағдарлану қажет. Бұл болашақ әлеуметтік педагогтардың тұлғалық және кәсіби өзін- өзі айқындауын белсендіру арқылы жүзеге асырылады. Осы жағдай концепцияны тұлғаға бағдарланған тұжырымдама ретінде айқындауға негіз болады. Бұл концепцияның әдіснамалық негізіне қоғамдық дамудың нәтижесі ретінде, еңбек субъекті ретіндегі адам жайлы философиялық ілімдер, қоғам мен тұлға қатынастарының заңдылықтары мен механизмдері жайлы идеялар; іс-әрекеттің жал- пы теориясы, әлеуметтік танымдық жалпы ғылыми әдістері, нақты тарихи көзқарас, т.б. психология саласындағы кәсібилік деңгейіне жету мен тұлғаны дамыту жайлы көзқарастар жатады. Әлеуметтік педагогика ғылымындағы әлеуметтендіру принциптері тәрбие принциптерімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұста педагогикалық тәрбие принциптері мен М. А. Галагузованың әлеуметтік педагогикалық принциптер тұрғысындағы көзқарастары жақын келеді. Солардың біразын қарастырып көрейік: Әлеуметтендірудегі тәрбиенің халықтығы принципі. Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелегендiгi белгiлi. Сондықтан ата дәстүрінің бірі – дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума-туысқандар болып көңіл бөлу болып табылады. Азан шақырып атын қойғаннан ер жетіп отау тіккенге дейінгі бала өмірінің әрбір белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығын қадірменді ақсақалдар мен игі жақсылар балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен. Міне, сондықтан да бала тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылын- да бір үй адамдарының тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен асып түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болған. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінде «ұят», «намыс», «ар» ұғымдары жиi қолданылған. Балаларды кішкентайынан ерсі қы- лықтары үшін «Ұят-ай» деп біртіндеп тәртіпке шақырады. Балаға ұятты әрекеттерге бару тек оның әке-шешесін ғана емес, бүкіл туған- туыстардың намысын келтіретінін түсіндіріп, адам баласының на- мысы өте жоғары сезім екендігін санасына сіңіреді. «Өлімнен де ұят күшті» деп намысты қолдан бірмей, арын сақтауды насихаттапотырған. Бұл, әсіресе, қыз балалары үшін өте маңызды. Өйткені қызға сын көз көп. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөздер осыны дәлелдейді. Ойнап жүрген балаға көңіл аударған үлкен кісі алдымен «Кімнің баласысың?» деп сұраған. Бұл сұрауда үлкен мән бар, балаға ой салған. Бала дұрыс мінез көрсетсе, өнегелі болса, оның әкесі жақсы кісі, дұрыс тәрбие берген, егер баланың мінез-құлқы ұнамаса, оның әкесі де солай, дұрыс тәрбиелей алмаған, бетіне қоя берген деп тұжырымдаған. Жақсы баланы бүкіл ауыл боп мақтаған, тен- тек, нашар мінезді баланы ауыл боп сынға алған, бірте-бірте жөнге салған. «Есті бала», «Тәртіпті бала», «Жаңғалақ бала», «Тәртіпсіз бала» немесе «Құйма құлақ бала» немесе «Ақпа құлақ» деп айту да соның белгісі. Бұл да өте ерте заманнан бері, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып. Балаларды тәрбиелеуде үлкендер айтып отыратын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, өнегелі адамдар туралы немесе нашар адам деген қандай адам, ол несімен жаман, неліктен көпшілік ұнатпайтыны туралы әңгiмелер де балаларды тәрбиелеуде қолданылып отырған. Осыларды талдап айтып отыра- тын әңгімелерді арнайы өзіне айтылмаса да, құйма құлақ бала қағып алып, «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп Абай ата- мыз айтқандай, жақсы болып өсуіне негiз еткен. Одан соң жырлар мен өлеңдердегі әділеттік, ерлік, жомарттық туралы келтірілген ой- лар, толғаулар жастарды адамгершілікке, азаматтыққа баулыған. Қазақ халқының діни мерекелерінің де бала тәрбиесіндегі ықпалы ерекше болған. Бүкіл мұсылман халықтарының негізгі мерекесі болып табылатын «Құрбан айт», «Ораза айт» мерекелерінің астары мен мазмұны жастарды мейірімділік пен қайырымдылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. «Ораза» кезінде кешке ауылдағы жас балалар жиналып, әрбір отбасын аралап жарапазан айтқан. Тәрбиенің халықтығы қағидасына сай ел ішінде қалыптасқан көзқарас немесе пікір бойынша сол отбасы туралы насихат, мақтау немесе сын айтылатын болған. Мұндай мереке кезінде негізінен от- басы мүшелерінің жақсы қасиеттері мадақталып, жырға қосылады. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің көңіл-күйлерін көтеріп ынталандырған. Тіпті, отбасындағы болып жатқан жаңалықтар мен отбасы мүшелерінің мінез-құлқы (сараңдығы немесе қолының ашықтығы), өнерлілігі, қол жеткен табыстары немесе арман-тілектері жырға қосылып айтылған. Бір жағынан мұндай дәстүрлер халықтың мәдениетінен де туындаған. Әлеуметтендiрудiң мәдениетке байланыстылығы принципі. Тәрбиенің мәдениетке байланыстылығы қағидасын алғаш немiс пе- дагогы А. Дистерверг ендірді. Ол бала тәрбиесінде оның өмір сүрген жері мен уақытын, мәдениет және болашақта өмір сүруге тиісті бо- латын жері ескерілуі керек деді. Мәдениетке байланыстылық қағидасы К. Д. Ушинский еңбек- терінде де кеңінен қарастырылады. Ол: «Егер біз білімді әрі жан- жақты тәрбиелі адамды тәрбиелеп шығарғымыз келсе, оның жазуға, оқуға, сенуге, Отанын сүюге, оның табиғатын, тарихын, мәдениетін ескере отырып тәрбиелеуіміз керек», – деп көрсетті. Оның идея- сы тәрбиенің халықтығы идеясынан көрінеді. Ол көптеген елдер тәжірибесін тұжырымдай отырып, әр халықтың өз ұлтына тән ерекшеліктері болады. Тәрбиеде сол ерекшеліктерді басшылыққа алу қажет деп ұсынады. Қалыптан ауытқуы бар балалардың мәдениет байлықтарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері төмен болады. Сонда да бала- лар көркемөнерпаздар үйірмелерінде ән орындап, би билеп, спорт- пен шұғылданады. Мәдениетпен байланыстылық қағидасын жүзеге асыру үшін мына төмендегідей ережелерді ескеру қажет: – әртүрлі мәдениет түрлерінің қалыптасуы кезінде балалардың қалыптан ауытқу түрлерiн ескеру. – ауытқуы бар балалар дамуының шығармашылығын дамытуға көңiл бөлу. Әлеуметтендiрудегi жеке-даралылық принципi. Мұнда әрбiр индивид дене жағынан және интеллектуалдық мүмкiндiгi бойын- ша қайталанбайтын тұлға ретiнде қарастырылады. Сондықтан оларды тәрбиелеу немесе өмiрлiк әрекеттерге бейiмдеу қызметiнiң мазмұндық және уақыттық аспектiлерi әртүрлi болып келедi, соған сәйкес соңғы алынатын нәтижесi де бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Ол адамның гендік ерекшелігіне, тұлғаның өмірлік мақсаттары мен ұстанған позицияларына да байланысты болады.
Тұжырым: 1. Әлеуметтік тәрбие тұлғаны қоғам талабына сай етіп қалыптастыруды көздегендіктен, ол тәрбие үрдісімен сабақтасып 66 әлеуметтендіру үрдісі де нақты заңдылықтарға бағынып, принцип- терге сүйенеді. 2. Әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі принциптері адам тәрбиесін жүзеге асыруда басшылыққа алынатын тәрбие принциптерімен тығыз байланыста болады. 3. Әлеуметтендіру принциптері әлеуметтік педагог қызметін тиімді ұйымдастырудың шарттарын қамтамасыз етеді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1. Әлеуметтендірудің статусы дегенде нені түсінесіз? 2. Баланың әлеуметтендіру процесiне педагогикалық ықпал ететiн негiзгi принциптердi атаңыз және оларға сипаттама берiңiз. 3. Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасының негізіне қандай идеялар алынғандығын дәлелдеңіз. 4. Әлеуметтендiру принциптерін жекелеген ғалымдардың көз- қарастары бойынша топтап, ерекшеліктеріне байланысты сипаттаңыз. 5. Әлеуметтендiру принциптерінің қазақ тәрбиесіндегі негізін салыстырмалы түрде дәлелдеп көрсетіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет