Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы оқу құралы автордың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ- ситетiнiң тарих факультетiнде көп жылдық дәрiс оқуының нәтижесiнде жазылды. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңi 1918-1945 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең ХХ ғасырдың бас кезiндегi капиталистiк қоғамның негiзгi өзектi мәселелерiн қарастырады. Қазiргi заман кезеңiндегi iргелi өзге- рiстердiң мазмұнына, оның i шiнде экономикалық-әлеуметтiк және саяси дамуға тоқталады. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi халықаралық қатынастардың, Германиядағы қараша революциясы мен Ресейдегi 1917 жылғы қазан төңкерiсiнiң дүниежүзiлiк әлемге тигiзген әсерi және жаңа қоғамдық-саяси дамулары қарастырылады. 1918 жылғы капитализмнiң тұрақ- тануы, экономикалық дағдарыс жылдарындағы iрi капиталистiк елдердегi экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер анықталады. Қазiргi заман кезеңiндегi басты оқиғалар – капитализмнiң мем- лекеттiк реттеу механизмi, АҚШ-тағы «жаңа бағыт» саясаты, Италиядағы корпоративтiк-мемлекеттiк жүйе дәрiс барысында кең қамтылады. Франция мен Испания тарихындағы халық майдан кезеңi, Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропа елде- рiндегi жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң құрылуы, буржуазиялық саяси партиялардың саясаты көрсетiледi. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңiне арналған бұл оқу құралында соңғы жылдарда жарық көрген зерттеулерге сүйене отырып, жалпы тарихтың өзектi мәселелерiне көңiл аударылды. Автор ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында болған тарихи процестердегi экономика- лық-әлеуметтiк және саяси өзгерiстерге тоқталады. Оқу құра- лында 1918-1945 жылдар аралығындағы революциялық өрлеу кезеңi, 1918 жылғы Германиядағы қараша революциясы, оның сипаты, екi соғыс аралығындағы халықаралық қатынас, КСРО- ның сыртқы саясатының принциптерi, халықаралық қатынас- тардың жаңа стратегиясы мен тактикасындағы өзгерiстер, ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы капиталистiк қоғамдағы дағдарыс, оның шығу себептерi, буржуазиялық реформа, мемлекеттiк