реттеу, жаңа даму моделi, мемлекеттiк-монополиялық капита- лизмнiң жаңа даму үлгiсi фашистiк Италия мен Германиядағы корпоративтiк-монополияның дамуы, АҚШ-тағы Ф.Рузвельттiң «жаңа бағыт» саясаты қарастырылды. Франциядағы халық майдан кезеңi, фашизмге қарсы күрестегi жаңа бағыт, бiртұтас антифашистiк майдан құру мәселелерi соңғы жылдардағы тарихнамадағы жаңа көзқарастар негiзiнде жазылды. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңiндегi iрi оқиғалардың бiрi - 1917 жылғы Ресейдегi Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк Ресейдiң тарихы тұңғыш рет енгiзiлiп отыр. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары КСРО халықтарының тари- хында елеулi оқиғаларға толы болды. Осыған орай, автор Қазан төңкерiсiнен кейiнгi социализм құру жолындағы күрес, В.И.Ле- ниннiң социализм құрудағы жоспары, жаңа экономикалық саясат, өкiметтiк билiк үшiн болған тап күресiнiң тарихи про- цесс ретіндегі мазмұны мен мәнiне тоқталады. КСРО-дағы аза- мат соғысы, социализмнiң негiзiн қалау жолындағы БКП(б) күресi мен басшылығы атап көрсетіледі. КСРО-ның құрылуы, бiрiншi және екiншi бесжылдықтардың қорытындылары жаңа тарихи көзқараста айтылады. КСРО тарихындағы 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргiн саясаты, И.В.Сталиннiң жеке саяси көзқарасы мен оның сая- сатына деген жаңа көзқарастарға соңғы жылдардағы жасырын болып келген мұрағат құжаттарына және зерттеулерге сүйене отырып баға берiлдi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы халықаралық қаты- настағы болған өзгерiстер, жаңа соғыс қаупi, фашизмнiң кең түрде таралуы, КСРО үкiметiнiң сыртқы саясатындағы ұжым- дық қауiпсiздiк принципi реакция мен фашистiк топтардың уақытша болса да бәсеңдеуіне әкелдi. 1939 жылдардағы саяси дағдарыс, Мюнхен келiсiмi, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың баст- алуы, соғыстың мәнi мен қорытындысы жаңа тарихи көзқараста жазылды. Сонымен қатар, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашистiк Германия мен Жапонияны талқан- даудағы рөлi, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуы, соғыстан кейiн дүниежүзiлiк қайта құрулар айтылды.