БАТЫС ЕУРОПА, АҚШ ЖӘНЕ КСРО ЕЛДЕРІ (1918-1939 жж.) Германия
1918 жылғы қараша революциясы қарсаңындағы саяси ахуал. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Германияның қоғамдық- саяси құрылымын дағдарысқа әкелдi. Германияның соғыс жылдарындағы экономикасы, соғыстың ауыртпалығы еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді. Жұмыс- шылар, соғыстағы солдаттар мен матростар Германия монар- хиясынан соғысты тоқтатуды талап еттi. Буржуазиялық топтар Германиядағы монархиялық билiкке қарсы күреске шыға отырып, халық күресiн қолдап, монархияны құлатуды талап ете бастады. Германияда революциялық ахуал пiсiп-жетiлдi. Монар- хияның елдегi саяси билiгi әлсiреп, халықтың алдында беделi түстi. Соғысты бастаған iрi буржуазия мен монархия әскерлерi соғыс майданында бiрiнен соң бiрi жеңiлiске ұшырады. 1915- 1917 жылдағы соғыс майданындағы жағдайдың қиындауы солдаттар мен матростар арасындағы революциялық жағдайды