шиеленістіре түсті. Қарапайым халық соғыстан қалжырап шаршады. Елде монархияға қарсы ереуiлдiк қозғалыс кең етек алды. 1916 жылы 240 ереуiл болса, 1917 жылы – 562, 1918 жылы – 773 ереуiлдiк қозғалыс болды. Мұндай қозғалыстар Герма- нияның iрi қалаларын түгел қамтыды. 1917 жылы 25 қазан айында Ресейдің Петроград қаласында большевиктер партиясының қарулы көтерілісі жеңіске жетті. Ресейде социалистiк қоғам құру үшiн большевиктер партия- сының көсемі В.И.Лениннiң айтуымен, «социалистiк револю- ция» жүзеге асып, пролетариат диктатурасы, оның формасы жұмысшы және солдаттар депутаттарының кеңесi жеңiске жеттi. Ресейде үкiмет билiгi большевиктер партиясының қолына көштi де, жаңадан Кеңес үкiметi құрылды. Оның алғашқы шаралары: 1917 жылғы 26 қазан айында Бүкiлресейлiк кеңес съезiнде екi құжат - «Бiтiм» туралы және «Жер» туралы декрет- тер жарияланды. Бұл құжат бойынша Ресей соғыстан шығып, шаруаларға жер бере бастады. Жұмысшылар өз өнеркәсiптерiн қолдарына алып, оның қожайынына айналды. Соғыстан шар- шап, қалжыраған солдаттар елге қайта бастады. Кеңес өкiме- тiнiң бұл жүргiзген шаралары тез арада бүкiл әлемге тарап, Еуропа елдерiнде Кеңестiк Ресейдегiдей билiк орнату мақса- тында революциялық күштер жаңа күреске шақырып, елдерiнiң басқарушы топтарына қарсы шықты. Бұл оқиға Германия еңбекшiлерiне қатты әсер еттi.