3. Эксперимент әдісі. Эксперимент – зерттеушінің құрал-жабдықтар арқылы нысанаға немесе құбылысқа әсер ету арқылы зерттеуі. Физикада эксперимент белгілі бір мақсатта, біріншіден жаңадан мәліметтер алып, оны ары қарай дамыту үшін, екіншіден белгілі теорияны растау үшін немесе теріске шығару үшін жасайды. Мысалы, Резерфордтың – -бөлшектермен жасалған тәжірибесінен кейін, атомның планетарлық үлгісі жасалды, немесе П.Н.Лебедевтың жарық қысымы туралы тәжірибесі, жарық бөлшектерінің бар екенін дәлелдеді.
Абстракциялаудың да шегі бар, әр заттың табиғаттағы өзіне тән қасиетіне байланысты. Осы шектен өту ол затты немесе нысананы идеалдауға әкеліп соқтырады. Идеалдау – дәріптеушілік – абстракциялауға тән, оның бір түрі болып табылады.
Дәріптеушілік – нысананы абстрактілі ойша түрде елестету, шындығында, практикада, күнделікті өмірде ол жоқ. Мысалы: физикада идеал газ - өте сиретілген газ, абсолют қара дене – қара күйе, абсолют қатты дене – кез-келген күштің әсерінен деформацияланбайтын дене т.б.
Реалды өмірде бар нысаналардың қасиеттерін қарастыру қиындық туғызғанда идеалдауға әкеп соқтырады. Мысалы, идеал газдың қасиеттерін пайдаланып, заңдылықтарды ашып, одан реал газдың заңдылықтарына көшуге болады.
5. Салыстыру, аналогия (үлгілеу). Салыстыру әдісі – нысаналардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табу. Мысалы, Кулон заңы мен бүкіл әлемдік тартылыс заңын салыстыру арқылы олардың математикалық құрылымы бірдей, ал физикалық мағынасы әртүрлі екендігін көруге болады. Сол сияқты математикалық маятниктің тербелісі мен тербелмелі контурдағы электр тербелістерін салыстыруға болады. Салыстыру әдісі құбылысты түсіндірмейді, бірақ оны танып білуге, есте сақтауға көмектеседі. Салыстыру кезінде олардың ұсастықтары ең көп, ал айырмашылықтары мейілінше аз болғанда, оларға ортақ заңдылықтарды қолдану аналогиялық әдіс деп аталады. Нақты мысал қарастырайық. Дыбыс пен жарықтың ортақ қасиеттері – шағылу, сыну, дисперсия, интерференция т.б. байланысты. Осыларды ескере отырып жарықтың толқындық теориясын ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |