1 дәріс Тақырыбы: Катиондарды аналитикалық топтарға бөлу. Жоспары



бет1/2
Дата30.09.2024
өлшемі19,91 Kb.
#205333
  1   2
Байланысты:
Лекция-2 сапалык


1 дәріс

  1. Тақырыбы: Катиондарды аналитикалық топтарға бөлу.

Жоспары:
1. Катиондарды классификациялау. Сульфидті және қышқылдық-негіздік жүйе бойынша анализдеу. Аммиакатты және фосфатты классификация.
2. Системалық анализ әдісінің мәні.
3. Бөлшектеу анализі, оның мәні және даму жолдары.
Негізгі ұғымдар: катион, сульфидті жіктеу, қышқылдық-негіздік жүйе, аммиакатты және фосфатты классификация.
Мазмұны:
Катиондарды классификациялау.

Катиондарды аналитикалық топтарға жіктеу олардың тұздары мен басқа қосылыстарының ерігіштігіне негізделген. Жіктеу түріне байланысты әр түрлі жүйелік анализ әдістері пайдаланады.


Ең көп таралған күкіртсутектік, аммиакты-фосфаттық және қышқылдық-негіздік әдістер. Ең алғашқы әдіс – күкіртсутектік әдіс, 1871 жылы орыс ғалымы М. О. Меншуткин ұсынған. Әдістің негізіне катиондар сульфидтерінің орта рН-на байланысты әр түрлі ерігіштігі салынған (кесте 1). Аммиакты-фосфаттық әдіс - катиондар фосфаттарының әр түрлі ерігіштігіне (кесте 2), қышқылдық-негіздік әдіс - гидроксидтер мен тұздардың әр түрлі ерігіштігіне (кесте 3) негізделген.


Катиондардың күкіртсутектік әдіс бойынша жіктелуі
Кесте 1

Аналитикалық
топ

Катиондар

Топтық реагент

Түзілетін қосылыстар ерігіштігі

І

К+, Na+, Lі+,
NH4+, Мg2+

Жоқ

Сульфидтері, карбонаттары*, хлоридтері, гидроксидтері* суда жақсы ериді

II

Ва2+, Sг2+, Са2+

(NН4)2СO3 ,
NH3•Н2О+ NН4Cl
рН=9,25

Карбонаттары суда ерімейді

III

2+, Fе3+, Сг3+, А13+, Мn2+, Ni2+ , Zn2+, Со2+

(NН4)2S, NH3 • Н2О+NH4С1
рН = 9,25

Сульфидтері суда ерімейді**, ал сұйытылған қышқылдарда ериді

IV

Сu2+, Нg2+, Ві3+, Sn2+, Sn (IV), SЬ (III), SЬ (V), Аs (III), Аs (V)

Н2S, НС1
рН = 0,5

Сульфидтері суда** және сұйытылған қышқылдарда ерімейді

V

Аg+, РЬ2+, Нg22+

HCl

Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді

*— Mg2+ басқа
**— Сг3+, А13+ сульфидтері суда ыдырайды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет