№1 дәріс Тақырыбы: Кинематика. Динамика



бет48/59
Дата07.02.2022
өлшемі2,32 Mb.
#85885
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Байланысты:
Физикадан ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ

Био-Савар-Лаплас заңы
Био-Савар-Лаплас заңы электр тогының әсерінен кеңістікте пайда болып тараған магнит өрісінің кернеулігін анықтады. I - электр токтың әсерінен М нүктесіндегі магнит өрсінің кернеулігі
(10.1)
(10.1)-эксперимент арқылы анықталатын заң. Био-Савар-Лаплас заңының сканерлік түрі.
(10.1)
векторлық түрі келесі теңдеумен анықталады:
(10.2)
-оң бұранда ережесімен анықталады
(10.3)
Био-Савар –Лаплас заңын пайдаланып, берілген электр тогын туғызатын магнит өрісін анықтай аламыз.
Дөңгелек ток пен соленоидтың магнит өрісі
Био-Савар –Лаплас заңы қолданылатын бірнеше мысалдар келтірейік.
1.Дөңгелек ток центріндегі магнит өрісінің кернеулігі.Радиусы R түріндегі контурмен сағат тілі бағытымен күші I ток жүрсін дейік
Контурдың кез келген ∆ l элементі центрден бірдей r=R қашықтықта тұр және кез келген ∆ l элемент үшін R радиус –вектор ∆ l –ге перпендикуляр,осыдан , ендеше . Бұдан, жоғарыдағы формула бойынша , ∆ l элементтің дөңгелек центрінде тудыратын магнит өрісінің , ∆ H кернеулігі мынадай болады: ∆ H = . Ал ∆ H бағыты бұранда ережесімен анықталады: ∆ H дөңгелек жазықтығына перпендикуляр болып,ток cағат тілі жөнімен жүргенде,ол сурет жазықтығының ар жағына қарай бағытталған.Сонымен, дөңгелек контурдағы токтың барлық ∆ l элементтері центрде бірдей бағытталған ∆ H тудырып ,өрістің қосынды H кернеулігі бұл жағдайда ∆ H-тың алгебралық қосындысымен өрнектеледі:
.
Ток күші , радиус R және пропорционалдық коэффициент k’ тұрақты шамалар ,сондықтан оларды қосынды таңбасының алдына шығаруға болады:

ал дегеніміз- радиусы R дөңгелек контурды құрайтын барлық элементтердің қосындысы, яғни радиусы R шеңбердің ұзындығына тең,осыдан =2ΠR және
. (10.4)
2. Дөңгелек ток осіндегі магнит өрісінің кернеулігі. Дөңгелек токтың осі деп контур шеңберінің центріне тұрғызған перпендикулярды айтамыз. Контур жазықтығынан d қашықтықта тұрған А нүктедегі кернеулікті табайық; дөңгелек контурдың радиусын R, ал ∆l элементтерден А нүктеге шейінгі қашықтықты r деп белгілейік.Диаметрдің қарама-қарсы екі ұшындағы контурдың және элементтері туғызатын және кернеуліктерді қарастырайық..Сонда r мен ∆l арасындағы бұрыш (конус жасаушысы мен оның табанындағы шеңбер элементі арсындағы бұрыш есебінде),сондықтан (4) формула бойынша: Енді ∆l мен ∆ элементтердің ұзындығын бірдей ∆l деп алып және екенін ескеріп,мынаны табамыз:
, (10.5)
мұнда . Сөйтіп, ∆H ∆H сан мәндері жөнінен өзара тең екен ; бірақ олар әр жаққа бағыталған: ∆H - r мен ∆l элементке перпендикуляр, ∆H -r элементке перпендикуляр ; ∆H мен ∆H векторлардың геометриялық қосындысы ∆H дөңгелек токтың осі жөнімен бағытталған және сан мәні олардың ОА осьтегі проекцияларының қосындысына тең: ∆H=∆H
екенін ескеріп және ∆H мен ∆H орнына (10.5) өрнек бойынша олардың мәнін қойып,мынаны табамыз:
Токтың дөңгелек контурын түгелімен әлденгідей ∆l элементтерге қос-қостан бөлсек, магнит өрісінің қорытқы H кернеулігі ось жөнімен бағытталады да , оның сан мәні ∆H шамалардың алгебралық қосындысына тең деп мынаны табамыз:

11 лекция
Тақырыбы: Электрмагниттік индукция
Жоспар:
1. Ампер күші
2. Магниттік индукция векторының ағыны
3. Өздік индукция құбылысы
4.Электромагниттік құбылыс
Индукция векторымен бұрыш құрастырып, I ток өтетін ұзындығы 1 түзу өткізгішке магниттік өрістің әрекет ететін күшті анықтайық.Егер өткізгіштегі зарядтардың реттелген қозғалыс жылдамдығы V болса, онда ∆t= уақыт аралығында өткізгіш арқылы q=I∆t=I электр заряды өтеді. F=qBSin
Магниттік өрісте орналасқан ток ағатын өткізгішке әрекет ететін күш Ампер күші деп аталады. Магниттік өрістің түзу өткізгішке әрекет ететін күші өткізгіште ағатын ток күші I , магниттік өрістің индукциясы B өткізгіштің ұзындығы 1 және өткізгішпен индукция векторы арасындағы бұрыш синусының көбейтіндісіне тең.
Халықаралық жүйеде магниттік өріс индукциясының өлшем бірлігі тесла(Тл). Егер ұзындығы 1 метр 1 ампер ток ағатын түзу өткізгішті индукциясы 1 тесла магниттік өрісте индукция векторына перпендикуляр орналастырсақ (sin =1),онда оған өрістің әрекет ететін күші 1 ньютонға тең болады. B= , 1Тл=




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет