Комптонэффектісі Рентген сәулесі шашыраған кезде олардың толқындар ұзындығының өзгеруі Комптон құбылысы немесе Комптон эффектісі деп аталады. Сөйтіп жарықтың корпускулалық қасиетінің айқын болуын бірінші рет 1924ж. американ физигі А.Комптон (1892-1962) зерттеді. Тәжірибеден мынау анықталды. Шашыраған рентген сәулелерінің спектрінде толқын ұзындығы -ға тең бастапқы сәулемен қатар, толқын ұзындығы болатын басқа сәуленің бар екендігі байқалды. Бұл толқын ұзындықтарының айырымы шашыратқыш затқа және бастапқы түскен сәуленің толқынының ұзындығына тәуелді болмай, тек сәулелердің шашырау бағытына байланысты болады. Егер шашырау бұрышын десек, онда мен арасындағы байланысты былайша өрнектеуге болады: , мұндағы - шашыраған сәуленің толқын ұзындығы, - Комптон анықтаған толқын ұзындығы, ол мынаған тең .
Комптон эффектісі фотонның импульсі мен еркін электрондардың соғылысу нәтижесі деп қарастыруға болады.бұл соғылысу серпімді болғандықтан фотон мен электрон соғылысқанда оның энергиясы мен импульс өзгереді, себебі электрон соғылысудың нәтижесінде импульс және кинетикалық энергия алады. Комптон өзінің тәжірибесінде пайдаланған фотондар энергиясы 17,5 кэВ рентген сәулелері болды. Міне осындай энергияның шамасы ғанаи электрондардың атомдармен байланысын бұза алады.