Клетка үш бөлімнен, клетка қабықшасынан, цитоплазмадан және ядродан тұрады.
Клетка қабықшасы арқылы клеткалар арасында үздіксіз заттардың алмасуы жүріп
отырады. Клетка қабықшасына заттардың енуі, шығуы (экзоцитоз, эндоцитоз) фагоцитоз,
пиноцитоз процестері арқылы орындалады. Ферменттердің көмегі арқылы клетканың
ішіне әр түрлі иондармен ұсақ молекулалар ене алады. Клетка мембранасы (қабықшасы)
заттардың енуін қадағалап, талдап, сараптап отырады.
Пиноцитоз-жоғары молекулалы қосылыстардың (ерітінділер) клеткаға енуі болса,
фагоцитоз-қатты, түйіршік заттардың клеткаға енуі. Клеткаға енген заттар лизосомадағы
ферменттердің әсерінен ыдыратылып, вакуольде қорытылады.
Плазмалық мембрана немесе плазмалемма (гректің plasma-пішін, lemma-қабықша)
мембраналардың ішінде ерекше орын алады, клетканы сыртынан қоршап оның сыртқы
ортамен тікелей байланысуын қамтамасыз етеді. Плазмалемманың қалыңдығы 7,5 нм.
Электрондық микроскопта плазмалемманың үш қабатты болатынын байқалады:
ішкі және сыртқы электрондарды сіңіретін тығыз қабаттардығ арасында ақшыл зона
болады. Тығыз қабаттар белоктік компоненттерге, ал ақшыл зона липид
молекулаларының екі қабатына сәйкес келеді. Робертсон оны элементарлық мембрана деп
атауды ұсынған.
Плазмалық мембрананың негізгі құрамды бөлігі липидтер (40% жуық), белоктар
(60% жуық), көмірсулар(10% жуық). Плазмалемма басқа мембраналарға қарағанда
холестеринге бай келеді, оның фосфолипидтерінде қаныққан май қышқылдары басым
болады. Плазмалық мембрананың құрамында 30 жуық түрлі ферменттер анықталған
Плазмалемманың сыртқы бетінде мембрананың құрамына кіретін белоктармен
байланысқан күрделі қосылыстарды- гликопротеиндер, гликолипидтерді құрайтын
көмірсулардың молекулалары болады. Бұл мембрана үстіндегі комплекс немесе
гликокаликс бір клеткалы және көпклеткалы жануарлардың клеткаларында жақсы
жетілген. Бұл терминді 1963 жылы Беннетт ұсынған болатын.
Плазмалық мембрана клетканың ішкі құрылымының құрамын да реттейді.
Плазмалыө мембрана барлық клеткаларда жағарып отырады. Плазмалемманың ішкі бетіне
жанасып, цитоплазманың беткі бөлігі немесе кортикалық қабат жатады. Кортикалық
қабатта
органеллалар
болмайды,
цитоплазманың
фибриллалыө
элементтері-
микрофиламенттер мен микротүтікшелер көп кездеседі. Плазмалыө мембрананың
маңызды функцияларының бірі- қорғау мен тасымалдау функциясы.
Достарыңызбен бөлісу: