1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Цитология ғылымының дамуы


Саңылау тәрізді байланыс немесе нексустар



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата26.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#182571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Цитология лекция

Саңылау тәрізді байланыс немесе нексустар.
Клеткадан клеткаға химиялық 
заттарды жеткізуге қатысатын құрылым. Екі көршілес клеткалардың плазмалық 
мембраналарының арақашықтықтары 2-3 нм-ден аспайды. 
Көршілес 
клеткалардың 
мембраналары 
коннексондар 
деп 
аталатын 
құрылымдармен байланысқан. Коннексон- ортасында ені 2 нм каналы бар, молекулалық 
массасы 20 мыңдай коннектин белогінен тұратын цилиндр тәрізді агрегат. Мұндай 
байланыста клеткалардың функциялық ерекшелігіне байланысты 10-20 –дан бірнеше 
мыңға дейін плазмалық мембраналарды тесіп өтетін коннексондар болады. 
Коннексондар иондар мен төменгі молекулалы заттардың бір клеткадан екінші 
клеткаға өтетін клеткааралық каналдар міндетін атқарады, белоктар мен нуклеин 
қышқылдары өте алмайды. 
Синапстық байланыс (синапстар). 
Байланыстың бұл түрі нерв ұлпасына тән. Екі 
нейронның арасында және нейрон мен рецептор немесе нейрон мен эффектор арасында 
кездеседі, Бұл байланысты 1897 жылы Шеррингтон ашып, оны синапс деп атаған. Бір 
элементтен екінші элементке қозуды немесе бөгеуді біржақты өткізуге маманданған екі 
клетка байланысының участогі. 
Плазмодесмалар. 
Байланыстың бұл типі өсімдіктерде кездеседі. Бұл құрылымды 
алғаш рет И.Н.Горожанкин (1881) ашқан. Плазмодесмалар көршілес екі клетканы
байланыстыратын жіңішке түтік тәрізді цитоплазмалық каналдар. Плазмодесмалар 
клетканы бөліп тұратын клетка қабырғасын тесіп өтеді, құрамында қоректік заттар, 
иондар және басқа қосылыстар бар ерітінділердің клеткааралық ағысын өамтамасыз етеді. 
Сонымен бірге плазмодесма арқылы клеткаларға өсімдіктер вирустары да таралады. 
Негізгі сұрақтар:
1
. Клетка мембранасы, оның молекулалық құрылысы, плазмалық мембрананың 
негізгі атқаратын қызметі
2. Клеткааралық байланыстың түрлері.
 
Әдебиеттер: 
1. А.Нұрышева, М.Нұрышев. “Цитология” Алматы. “Қарасай” 2008. 
2. Қ.Ә.Сапаров “Цитология және гистология” Алматы: Қазақ университеті. 2009. 
3. www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id.. 
4. https://kk.wikipedia.org/wiki/Цитоплазма 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет