- 4 азотты негіздің біреуінен (Аденин, Гуанин, Тимин, Цитозин)
Тимин тек ДНК молекуласының құрамында, урацил РНК молекуласында кездеседі.
Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі
болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір
тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжасыл балдырлар
жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды прокариоттар деп
атайды. Ағзалардың екінші тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары
болады.Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға біржасушалы жасыл
балдырлар,қарапайымдар,жоғары
дәрежелі
гүлді
өсімдіктер
және
сүтқоректі
хайуанаттар,т.б.жатады. Ал вирустар-тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні.
Өсімдік клеткасының жақсы қабығы болады, ол клетчаткадан құралады. Мұндай
қабықтың болуы клетканың шекарасын айқын көрсетіп тұрады. Жануарларда клетканың
шекарасы нашар көрінеді, кей жағдайда мүлдем көрінбейді.
Жануарлар клеткасы есейген сайын тығыздалып, анығырақ көрінсе де қабығының
қалыңдығы өсімдік клеткасынікінен жұқарақ болады. Соған қоса өсімдіктер мен
жануарлар клеткалары түрі жағынан айқын ерекшеленеді. Өсімдік клеткалары тығыз
орналасады, сондықтан бір-біріне қысым жасап біркелкі түрге айналады. Жануарлар
клеткасы, керісінше, көп түрлі ұршық тәрізді, сопақша призмалы, жұлдыз тәрізді болып
келеді. Олардың әр түрлі формалы болуы, атқаратын қызметеріне байланысты.
Өсімдік клеткалары жануарлар клеткасынан ірілеу, себебі оның протоплазмасында
көптеген клеткалық шырындар болады. Өсімдік клеткаларында клетка шырындарының
вакуольдері клетканы толық дерлік алып жатады. Сондықтан ядро қабырға бойындағы
протоплазмада немесе аздаған протоплазма қоршаған ортада жатады. Өсімдік
клеткаларының митоздық аппараты ұршықтан тұрады, бірақ жоғарғы сатыдағы
өсімдіктерде центриольдар болмайды, клеткасының бөлінуі жаңа бөлгіштің пайда
болуының есебінен жүреді. Өсімдіктер клеткасының көпшілігінде жарық энергиясын
химиялық энергияға айналдыратын хлоропласттар болады.
Жануарлар
клеткасының клеткалық шырыны жоқ. Алайда, жануарлар
клеткасының арасында да ірі клеткалар кездеседі. Мысалы, сүт қоректілердің
организмінде диаметрі бірнеше микроннан ондаған микронға жететін клеткалар болады.
Жануарлар клеткаларының митоздық аппаратында центриольдар болады, бөлінуі
ортасынан жіңішкеріп бөліну арқылы жүреді. Хлоропластар жануарлар клеткасында
болмайды, осыған байланысты олар қорек пен энергия көзі болып саналатын өсімдіктерге
тәуелді. Жануарлар клеткалары қозғалуға қабілетті, қоректік бөлшектерді жұтып
қорытады.
Достарыңызбен бөлісу: