6 Дәріс
Тақырыбы: Гольджи аппараты құрылысы, қызметі
Мақсаты:
Гольджи аппараты құрылысы, қызметі туралы түсінік беру.
Негізгі ұғымдар:
Гольджи
аппараты, диктиосома, мемебрана, цистерна, торлы
аппарат
Гольджи кешеніне 5000 жуық зерттеулер, 20-дан астам шолулар жасалған көптеген
пікірталастар тудырған. Көп жылға созылған пікірталастан бұл органоид жүзден астам
атаумен аталды.
Бірінші рет 1898 жылы нерв клеткасында тапқан
ғалым италия ғалымы Камилло
Гольджи болды. Пуркинье клеткаларын ауыр металл тұздарымен инпрегнациялап (сіңіру)
байқап клетка ішіндегі торлы аппарат деп атаған. Бірнеше жылдардан кейін Рамони-
Кахалмен бірге Нобель сыйлығымен марапатталған. Гольджи Аппараты – немесе торлы
аппарат барлық өсімдіктер жөне жануарлар клеткасында кездеседі. Электронды
микроскоптың көмегімен қазіргі уақытта Гольджи аппаратының құрылысы анықталды.
Гольджи аппараты — мембрана, гранулалар жөне вакуольдерден тұратын күрделі
құрылым. ГК мембраналары үш қабаттан тұрады
Жарық микроскопы Гольджи кешенінің екі түрін ажыратады: тор тәрізді және
диктиосомалық. Диктиосома аудармасы –торлы дене деп
аталғанмен оның торға еш
ұқсастығы жоқ. Диктиосомалар тордың жеке үзінділері. Диктиомосалық өсімдіктер мен
омыртқасыз жануарлар клеткаларында,эмбрион ұлпаларының клеткаларында кездесчеді.
Торлы тәрізді құрылымдары омыртқалыларға тән.
Гольджи кешені түрлі клеткаларда сонымен қатар, бір клетканың тіршілік
әрекетінің белсенділігіне қарай өзгерістерге ұшырайды.
Электронды микроскопиялық зерттеулер ГК төменгі бөлімдерді құрайтынын
анықтады:
1.
Жұп, тегіс мембраналармен шектелген жалпақ цистерналар жүйесі;
2.
Қысыңқы цистерналардың ұштарында орналасқан ұсақ,
тығыз көпіршектер;
3.
Вакуольдер
Вакуольдердің үлкендігі 0,2-0,3 мкм. ГК компоненттері бір-біріне айналады.
Мысалы, бүйрек клеткаларында, нейрондарда, бауыр клеткаларында мембраналық жүйе
жақсы
дамыған.
Сүтқоректілердің
сперматидтерінді,
сперматоциттері
мен
овогонийлерінде цистерналар жүйесі нашар жетілген.
Гольджи кешенінің мембраналары клетканың басқа органоидтарындағыдай үш
қабаттан тұрады. Кешеннің аталған ультрақұрылымның түрлерінің жоғары дәрежеде
жетілуі жіктелген клеткаларға тән,әсіресе омыртқалылардың секрет бөлуші клеткаларына.
Мамандалмаған эмбриондық клеткаларда және сол сияқты кері жіктелген клеткаларда
Гольджи кешені бірен-саран цистерналардан немесе аздаған көпіршіктерден тұрады.
Гольджи кешенінің ішінде өнімдердің тасымалдануына қатысатынжәне оның қозғалысын
реттейтін микро түтікшелер жүйесінің болатыны байқалған.Гольджи кешенінің ультра
құрылымы барлық жануарла өсімдіктер клеткалар
мен қарапайыда да ұқсас
болады.цистерналардың дөңес және ойыс беттері болады,дөңес бетінде материалдар
түзіледі,ал ойыс аймағы секрет бөлінетін орын. Химиялық талдау текшенің дөңес бетінің
цистерналарының мембраналары эндоплазмалық тор мембраналарымен ұқсас болып
келеді.ГК онтогенез процесі кезінде де өзгереді. Мысалы,егеуқұйрық эмбриондарының
ұйқы безінің аценустары клеткаларында ГК нашар жетілген цистерналардан тұрады.
Алғашқы кезде вакульдер болмайды біртіндеп цистерна ұштарында микрокөпіршіктер
пайда болады. Микрокөпіршіктердің саны бірте-бірте көбейе береді.
Дамудың кейінгі
кезеңінде цистерналардың кеңеюінің нәтижесінде ірі вакуольдер пайда болады. ГК
жетілмеген клеткаларда нашар жетілген. ГК клетканың тіршілік белсенділігі кезінде де
елеулі өзгерістерге ұшырайды. Электрондық зерттеулер ГК секрет гранулаларының
қалыптасуымен байланысты екенін көрсетті. Секрет алдымен цистерналар мен
микрокөпіршіктер жиналады,бірте-бірте пісіп жетіліп ірі вакульдерге келеді. Гольджидің
вакуольдері клетканың бетіне келіп,мембранасы клетка қабықшасымен қосылып кетеді
де,секрет сыртқа шығарылады. Клетканың секрет бөлу процесі кезінде ГК құрылысының
өзгеруі байқалады.
Секрет бөлінгеннен кейін ГК редукцияға ұшырайды. ГК
қызметі секреттік
гранулаларды қалыптастырумен шектелмейді.ГК цистерналарында полисахаридтердің
синтезі,мукопротеидтердің түзілуіне әкеліп соғатын полисахаридтердің белоктармен өзара
байланысы жүреді.Бауырдың Клеткаларында ГКқанға липопротеидтердің бөлу процесіне
қатысады. Сонымен бірге лизосомалардың қалыптасуы да жүреді. Көпеген зерттеулер ГК
сперматозоидтардың акросомаларының қалыптасумен байланысты екенін анықтады. Теңіз
шошқасы мен мысықтың сперматидаларындағы акросоманың дамуы ГК ішінде жүреді.
Өсімдік клеткаларының ГКклетка қабырғасы матриксінің полисахаридтері
синтезделеді(гемицеллюлозалар,пектиндер);ГКклеткадағы липоидтардың сіңуі мен
жиналуына да қатысатынының бар екені де мәлім.
ГК нуклеозиддифосфатаза мен тиминпирофосфатаза,қышқыл
және сілті
фосфатазалар,аз мөлшерде РНҚ үнемі байқалады.
ГК барлық функциялық және морфологиялық айырмашылықтары ядроның
бақылауында болады.
Эндоплазмалық
тордың
мембраналарында
синтезделінген
белоктар,
полисахаридтер мен майларды сараптап, сіңіріп, іріктеп клетка тіршілігіне қажетті,
қажетсіз деп секреторлық қызмет атқарады. Осы заттарды Гольджи аппараты дән немесе
тамшы түрінде өз элементтерінде жинайды, клеткада пайдаланады немесе сыртқы ортаға
шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: