1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Цитология ғылымының дамуы



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата26.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#182571
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Цитология лекция

Клетка орталығы 
- 1875 ж. Гертвиг, 1876 жылы Эдуард ван Бенеден аскарида 
жұмыртқаларының митоз процесін зерттегенде бөліну фигурасының жиегінде кішкене 
жұмыр денешіктерді байқап оларды полярлы немесе орталық денешіктер деп атады. Кейін 
Бенеден мен Бовери клетка бөліну кезінде пайда болған денешіктердің арасынан бөліну 
ұршығының пайда болатынын анықтаған. Клетка орталығы барлық жануарлар 
клеткаларына тән. Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда 
және кейбір қарапайымдарда болмайды. 
1891 
ж. 
Гейденгайн 
гистологиялық 
препаратттарды 
бояудың 
темір 
гемотоксилингмен бояу әдісін ашқан соң клетка орталығын, центросома немесе 
центросфера деп аталатын жұмыр массаның ортасында орналасқан екі хромофильдік 
орталық денешіктерден –центройльдан тұратынын анықтады. 
Гейденгайн центроильдар тобын микроцентр деп, ал екі центроилдан тұратын 
топты – диплосома деп атады. Клетка орталығының бұл түрі интерфазалық клеткада 
болады, ал митоз кезінде центросома маңында сәулелі зона- астросфера пайда болады.
Центроиль диаметрі 0,1-0,5 мкм, ұзындығы 0,3-0,6 мкм цилиндр тәрізді денешік, 
қабырғалары бір-біріне параллель орналасқан микротүтікшелердің 9 триплетінен тұрады. 
Триплеттің 1-ші түтікшесі (А) диам. 25 нм шамасындай ,03 глобулалық суббірліктен 
тұратын қабырғасының қалыңдығы 5 нм, ұзындығы центроиль ұзындығына тең. 2-3-ші 
(В,С) микротүтікшелер А –дан өзгеше, ұштары ұштаспайды,11 суббілліктен тұрады, 
көршілеріне тығыз жанасып жатады. А микротүтікшелерінде тұтқалар деп аталатын 
өсінділер болады. 
Интерфазалық клеткаларда бір-біріне перпендикуляр орналасқан екә центроиль 
болады. Электронды микроскоппен зерттегенде центросфераның сәулелі зонасы 
микротүтікшелерден тұратыны анықталды. Интерф. Клет-да центроильдар ядромен, 
ядролық мембранамен байланысып тұрады. Бұл байланысты микрофиламенттер мен 
аралық филаменттер қамтамасыз етеді. Көп ядролы клеткаларда центроильдар клетканың 
ортасында, ал ядросы шет жағында орналасады. Көптеген қарапайымдар мен кейбір 
организмдердің жыныс клеткаларында центроиль цитоплазмада емес ядро қабықшасының 
астында орналасқан. 
Клетка орталығы ядроға тақау орналасады. Екі ұсақ тығыз денешіктен (центроли) 
және оларды қоршаған цитоплазманың ақшыл аймағынан (центросфера) және олардан 
бөлінген жіңішке жіпшелерден тұрады.


Центриольдар функциясының бірі кірпікшелер мен талшықтардың негізінде 
орналасатын базальдік денешіктерді құрау және бөлінуші клеткаларда олар бөліну 
ұршығын қалыптастыруға қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет