Ауа – реактив қозғалтқыштар отындары. Ұшу аппараттарының көбісі қазіргі кезде газтурбовинтті-турбовинтті (ТВҚ) және турбореактивті (ТРҚ) қозғалтқыштармен жабдықталған. Газтурбовинтті қозғалтқыштарда жану процесі жану камераларында, 40-60м/с компрессормен сығылған ауа берудің және сұйық отын бүркудің нәтижесінде жүреді. Отынның тұтануы электр ұшқынынан болады. Түзілген газдарды ТВҚ және ТРҚ әртүрлі пайдаланылады. ТВҚ-та олар, ауаны сығуға арналған компрессорды айналдырушы турбинада ұлғаяды және ауа винті негізгі күшті тудырады; газдардың ең соңғы ұлғаюы реактивті қақпақта жүреді; газ ағымының қақпақтан өту нәтижесінде қосымша күш (8-12% жалпыдан) пайда болады. ТРҚ –та жану газдары компрессорды айналдырушы турбинада ал одан кейін реактивті қақпақта ұлғаяды; газдар ағымының қақпақтан өту нәтижесінде күш пайда болады. Қазіргі ТРҚ-та жану газдары турбинадан кейін форсажды камераға бағытталады, онда отынның бөлігі қосымша жанады. Форсажды камерадан газдар температурасы жоғарылау реактивті қақпаққа жоғары жылдамдықпен түседі, осының нәтижесінде тарту күші артады.
Ауа-реактивті қозғалтқыштардың отындары – реактивті отындарын, ұшақ керосиндерін – мұнайды тура айдау фракциялары мен каталитикалық крекинг газойлдерінің негізінде, кейбір жағдайларда гидрогенизация процестерін қолданып, дайындайды. Бұрынғы КСРО-да ТС-1, Т-1, Т-2, РТ маркалы отындар, 60-2800С аралығында қайнайтұғын (ұшу жылдамдығы дыбыс жылдамдығына дейінгі қозғалтқыштарда қолданады) ауыр құрамды, қыздыруға төзімді отын шығарады.
Реактивті қозғалтқыштар отындар сапасының негізгі көрсеткіштеріне тығыздық, жағу жылуы, фракциялық құрам, тұтқырлық, бастапқы кристалдану температурасы, арендердің, күкірттің активті күкірт қосылыстарының, шайырлардың және қанықпаған көмірсутектерінің мөлшері, қыздыруға тұрақтылығы жатады.
Тығыздық және жану жылуы реактив отындарының энергетикалық мүмкіндіктерін сипаттайды. Жану жылуы көп болған сайын, белгілі массадан немесе көлемнен бөлінетін энергия мен газдардың қақпақтан өту жылдамдығы жоғары, ал сондықтан да, ұшу жылдамдығы және қуаты көп болады.
Тағы да реактив отынының тиімділігі және толық жану жылуы оның химиялық құрамына байланысты.
Осындай себептерден отындардағы ароматикалық қосылыстар мөлшеріне (20-22% ТС-1, Т-1, Т-2, РТ үшін ауыр, қыздыруға тұрақты, реактив отынына 10%) нормалар белгіленген. Реактив отындарының тиімділігін және толық жануының тағы бір көрсеткіші күйесіз жалынның биіктігі (20-25 мм кем емес) мен люминометрия саны болып саналады. Люминометрия санын, октан саны сияқты, эталон отындармен салыстыру әдісімен анықтайды. Эталон есебінде, люминометриялық саны тиісінше 0 және 100 деп белгіленген тетралин мен октанды қолданады. Реактив отындарының люминометриялық саны 585 төмен болмауы керек. Оның мәні жоғары болған сайын, жалын жарығы төмен болады. Люминометриялық санның санның кемуімен көмірсутектердің құрылымдық топтары мынадай ретте орналасады: нормалды алкандар, изоалкандар, сақина алкандар, алкендер, алкадиендер, арендер.
Реактив отынының стандартында тығыздығы жағынан да шек қойылады (0,755-0,840 г/см3 кем емес), себебі, тығыздық жоғары болған сайын, ұшақтың шектелген көлемді ыдысына бір мезгіл құйылатын отын мөлшері көп болады, сондықтан да, ұшу қашықтығы ұзартады.
Дизел отындары. Дизел деп аталатын, сығудан тұтынатын ішкі жану қозғалтқыштарда төрт тактылы жұмыс процесі ұшқыннан тұтынатын қозғалтқыштарға қарағанда, едәуір басқаша жүреді. Дизел қозғалтқышында бірінші екі тактыларда таза ауаны сорады және қысады. Ауаның температурасы қысу қозғалысының соңында 550-6500С жетеді, ал қысым 4 МПа дейін өседі. Қысу қозғалысының соңында, сығылған және қызған ауаға белгілі бір уакқытта жоғары қысыммен отын порциясы бүркіледі. Отынның майда тамшылары бір қалыпқа келеді де ауа тарайды. Аз уақыт өткеннен кейін отын өзінен өзі тұтанады және толық жанады. Бастапқы бүрку мен отынның тұтану уақытының арасын өзінен-өзі тұтануды тоқтату кезеңі деп атайды. Қазіргі тез жүретін қщозғалтқыштарда бұл кезең 0,002 с көп болмайды. Отынның жануының нәтижесінде газ қысымы 6-10 МПа жетеді.
Сала өндірісі жердегі және судағы техникаларының тез жүруші дизелдері және газтурбиналары қозғалтқыштары үшін Л (жазғы), 3(қысқы), А (арктикалық) тағы да орта айналушы және аз айналушы дизелдер үшін ДТ және ДМ маркалы матор отынын шығарады. Дизел отындары мұнайдың орта дистиллятты 180-3600С аралығында айдалатын фракцияларынан каталитикалық крекингтің және гидрокрекингтің жеңіл фракцияларынан тұрады. Қазіргі кезде, соңғы қайнау температурасы 380-4000С отындар сыналып, қолдануға жіберілуде, дизел отындарының құрамына кокстеу және термиялық крекингтің асылдандырылған газойлдерін пайдалану да алға тұрған мәселе.
Дизел отындарының пайдалануында негізгі сипаттама болып тұтану, фракциялық құрам, тұтқырлық, кокстену, то алу, лайлану, қату температурасы, шайырлы және коррозиялық активті қосылыстар мөлшері кіреді.
Дизел отындарының ең маңызды пайдалану қасиетінің бірі – олардың тез оталып жәй жануы, бұл қысымның біптіндеп көтерілуін және қозғалтқыштың тоқылдаусыз жұмсақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Отындардың оталу қасиеті олардың химиялық және фракциялық құрамына байланысты. Бұл, бірінші кезекте, отын компоненттерінің оталу температурасымен байланысты болса керек. Мысалы, арендердің оталу температурасы өте жоғары екендігі (500-6000С) белгілі. Сондықтан ароматикалық көмірсутектердегі көп өнімдер дизел отыны бола алмайды. Керісінше, алкандарға ең төменгі оталу температурасы сипатты және парафинді мұнайлардан дайындалған дизел отындары жақсы пайдалану қасиетін көрсетеді.
Дизел отыгндарының басқа да өте маңызды қасиеттеріне, жылдам жүруші дизелдер үшін, олардың фракциялық құрамы, тұтқырлық, қату температурасы, кокстену, күкірт мөлшері, қышқылдық, су мен механикалық қоспалар мөлшері жатады.
Қолдану жағдайына байланысты шығарылып жүрген дизел отынының үш маркасының да қату температурасы жазғынікі (Л) теріс 5 жоғары болмауы, теріс 35 пен теріс 450С аралығында, қысқынікі (3) теріс 550С, арктикалық (А) маркаларына теріс 600С жоғары болмауы қажет. Қысқы және арктикалық дизел отындары жалпы өндіру көлемінің 30% құрайды. Оларды карбамид пен парафиннен айырылған және сұйық парафиндерді адсорбциялаумен бөлуден шыққан фракциялар негізінде, тағы да жеңілденген керосин-газойл фракцияларынан дайындайды.
Дизел отындары, құрамындағы күкірт мөлшері жөнінен үш түрге бөлінеді: I – күкірттің массалық үлесі 0,05% көп емес; II- күкірттің массалық үлесі 0,2% көп емес; III - күкірттің массалық үлесі 0,5% көп емес.