Дәріс № 13. Тамақтандыру сервистік қызмет кешеніні бір бөлігі.
Тамактану - кез-келген адамнын табиги қажеттілігі. Қарапайым және күнделікті ажырамас тамақтану кажеттілігінен баска, туризм саласында тамақтану түсінігі, ойын-сауык пен жергілікті мәдениетпен, әсіресе гастрономиямен танысудың маңызды элементі ретінде қарастырылады. Тамақтану кәсіпорындарының негізгі түрлеріне, туристік орталық немесе аймақтағы клиенттердің қажетгіліктерін канағаттандыратын мейрамхана, кафе, бар, буфет, ас үй, жедел тамактану жэне өз - өзіне кызмет көрсету пункті жатады. Тағамдардың алуан түрлері ұсынылатын тамақтанудың ең жайлы кәсіпорны мейрамхана болып саналады. Тамактану түрі әркашан туристік қызметгердің құрамында көрсетіледі: таңғы ас, жартылай пансион, толык пансион. Жартылай пансион (екі рет тамактану) таңғы ас пен түскі ас немесе кешкі асты қарастырады.
Пансион - үш мәрте тамақтану. Қымбат кызмет корсету нұсқаларында күні бойы жэне түні бойы, тіпті кез-келген уақытта және кез-келген мөлшерде тамактану мен сусындар ішу (онын ішінде апкогольді сусындар) мүмкіндігі қарастырылады. Сол сияқты ұсынылатын тағамның тығыздылығы (саны бойынша) мен құнарлығы және кызмет көрсету түрін анықтайды. Осылай, таңғы ас түрлерінің саны елдің дәстүріне немесе барған аймаққа байланысты болады (еуропалық, континенттік, агылшын, американдық, бермуд). Қонақтарға қызмет көрсету түрі де өте маңызды (швед үстелі, табльдот, а - ля карт).
Кез-келген жағдайда турист жок дегенде, таңертең жеңіл тамактануы тиіс, яғни таңғы ас қабылдауы кажет. Сондықтан, қонак үйлерде әдетте тамактану пункті немесе мейрамхана болады, жэне конақжайлылықтың ажырамас бөлігі болып табылатын қызметті ұсынады, ол орналастырудың құнына кіруі тиіс (bed and breakfast). Қонақ үйдің мейрамханадағы орындардың саны маңызды болып есептеледі. Мейрамханадагы орындар қонак үйдегі толык орналастыру орындарымен сәйкес келуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |