Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық



Дата14.12.2021
өлшемі103,5 Kb.
#126387
Байланысты:
Әлеуметтану бөж Мунира 13апта
сөйлеу әрекеті срс3, Лабиринтит 20230928 133534 0000

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық

Университеті

ЭССе Тақырыбы:Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы

прагматизмнің рөлі

Орындаған: Нигматжонова Мунира

Тобы :1503-11

Қабылдаған : Тилеубаева Гулжамила

Прагматизм (pragma – грек тілінен алынған сөз. Рragmatos – іс, қызмет, әрекет деген мағыналарды береді) – адамның мәдени-әлеуметтік өмірдегі қызметі, практикалық іс-әрекеті тұрғысынан талданған, ХХ ғасырдың соңында АҚШ-та өріс алған философиялық бағыттың бірі. Бұл бағыт адамның өмірмәнділік қасиеттерін айқындайтын, оның орталық негізі болып табылатын әрекетті, мақсат қойылған қызметті қарастырып, оларды басымдылыққа шығаруды көздейді. Негізгі өкілдері – «прагматизм» терминін жандандырушы: Ч.Пирс, У.Джемс, Дж. Дьюи т.б.

Қазіргі Қазақстан қоғамында прагматизмнің рөлінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың прагматистік ұстанымы: нақтылық, дәлдік, тиімділік, пайдалылық, нәтиже, кез келген күрделі ахуалдан тез шығудың жолы, сөзден іске көшу т.б. қағидаларды басшылыққа алады. Мәселен, Сіздің ағылшын тілі курсына неше жыл қатынасқандығыңыз ол тілді қаншалықты меңгергендігіңіздің өлшемі емес, ең бастысы – нәтиже. Біреулер 5 жыл үздіксіз қатынасады, ал біреулер тек бес ай ғана оқып, бес жылдық білімнен артық білім алып шығады. Міне – нәтиже. Ең – маңыздысы осы.

Елбасының прагматистік ұстаным хақындағы идеяларын жүзеге асырудың прагматистік тәсілдерін басшылыққа алған философия қауымы 2005 жылы ЮНЕСКО бекіткен философтар күніне орай, игілікті іс-шара өткізіп келеді. Онда прагматизмді Қазақстанда қолданудың жаңа үлгісін көпшілікке ұсынды. ҚазҰУ философтары «Сөзден іске көшудің» қажеттілігін парасатты түрде түсіне отырып, «прагматизмді ұстанудың тұжырымдамасын» жасау қажеттігі туралы шешімге келді.

Рухани жаңғырудың негізгі сипаты – өткен мен болашақты үйлестіре отырып жүзеге асыру.



Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұратын сақтай отырып, болашақтан өз орнын айқындау. Онда прагматизмнің орны мен рөлі өте жоғары. Прагматизм қазіргі жастар үшін аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда прагматизм өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Ол – ұлы дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын жайлаған отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Шынайы мәдениеттің белгісі орынсыз сән-салтанат емес, ұстамдылық, қанағатшылдық, қарапайымдылық, үнемшілдік пен ресурстарды орынды пайдалану.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет