1. Дəріс тақырыбы


СО2 + 6Н2О → С6Н12О 6 + 6О2 - 2830 кДж



бет2/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

6СО2 + 6Н2О → С6Н12О 6 + 6О2 - 2830 кДж


Пайда болған глюкоза (С6Н12О6) одан ары күрделі көмірсуларына айналады. Өсімдік топырақтан азотты қабылдағаннан кейін ақуыздар жəне басқа да күрделі заттар синтезделеді.
Фотосинтез кезінде бөлініп шыққан оттегін барлық тірі организмдер демалу үшін пайдаланады.
Тірі организмдердің тыныс алу кезінде (бұл да жану процесі) органикалық қосылыстар қарапайым минералдық заттарға айналады, көмір қышқыл газы бөлінеді. Тыныс алу - фотосинтезге кері процесс:

С6Н12О6 + 6О2 → 6СО2 + 6Н2О - 2830 кДж


Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі нəтижесінде органикалық заттар түзіп содан өздері қоректенеді, сөйтіп жер бетінде органикалық қосылыстардың қорын жасайды. Фотосинтездің жер бетіндегі жылдық өнімі 10т-ға жетеді. Сөйтіп ол ғаламшарымызда тіршіліктің қайнар көзіне айналады. Көрнекті орыс ғылымы К.А. Тимирязев фотосинтез өнімдерін
«күн сəулелерінің консервісі» деп аталады.
Өсімдіктер əлемі алуан түрлі жəне олардан алынатын өнімдер де əр түрлі.
Өсімдіктер ауылшаруашылық өнімдерінің ерекшеліктеріне жəне олардың пайдалануына қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:

      1. дəнді дақылдар - бидай, күріш, қара бидай, жүгері, арпа, қарақұмық, сұлы, тары жəне т.б.;

      2. ақуызға бай дəнді бұршақты дақылдар-үрмебұршақ, асбұршақ, ноқат, қытайбұршақ жəне т.б.;

      3. көкөністер-қырыққабат, сəбіз, қызылша, картоп, шомыр, тарна (брюква)

жəне т.б.;

      1. жеміс-жидек дақылдары-алма, алмұрт, шырын жемістілер (цитрустар),

таңқурай, бүлдірген, қарақат жəне т.б.;

      1. майлы дақылдар- күнбағыс, мақта, зығыр, кенепшөп, қыша жəне т.б.;

      2. талшықты дақылдар - зығыр, кенепшөп, мақта жəне т.б.;

      3. дəрілік өсімдіктер-дəм-татымдық, бақша дақылдары, дəруменді өсімдіктер жəне т.б.

Адам шығу тегі өсімдіктер өнімі болып табылатын жердің қазба байлықтарын өз мүддесіне кең түрде пайдаланады. Оларға көмір, шымтезек, тақта тас (сланцы), шөгінді (сапропель) жатады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет