1. Дəріс тақырыбы



бет7/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Өркеннің бұтақтануы. Өркеннің өстік бөлігі өсімдік сабағының өсуі барысында бұтақтанады. Бұтақтанудың нəтижесінде өсімдіктің аумағы ұлғаяды. Бұтақтанудың өзіне тəн заңдылықтары бар. Сүректі өсімдіктерде бұтақтанудың нəтижесінде бөрікбасы (крона) пайда болады. Өркеннің бұтақтануының 4 түрі болады: дихотомиялы, моноподиальды, симподиальды жəне жалған дихотомиялы 5-сурет.

5 - с у р е т . Өркендердің бұтақтану түрлері: 1-дихотомиялды; 2-моноподиялды; 3- симподиялды бұтақтану.




Дихотомиялы (айыр) бұтақтану кезінде өсу конусы екі еселенеді де, екі өркен береді, əрі қарай оның əрбіреуі тағы екі өркеннен береді жəне т.с.с. Бұл бұтақтанудың ежелгі тəсілі (төменгі сатыдағы балдырларға, саңырау-
құлақтарға жəне қыналарға, сол сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктерден мүк, плаунтəрізділерге жəне ашық тұқымдылардың кейбір өкілдеріне тəн). Дихотомиялы бұтақтану-бұтақтанудың көне түрі.
Моноподиальды бұтақтану кезінде бірінші реттің негізгі білігінен жоғары қарай өсуі шектеусіз ұзақ болады, Мұндай жағдайда жанама өркендер негізгі сабақтың жанама бүршіктерінен жетіледі.
Сүректі өсімдіктер моноподиальды бұтақтанғанда олардың сабағы жуандап, ұзарып өсіп, қуатты дің пайда болады. Бұған майқарағай, балқарағай, қарағай, шамшат, самырсын, көктерек, емен мысал бола алады.
Симподиальды бұтақтану кезінде негізгі сабақтың төбе бүршігі біраз уақыт өткен соң өледі немесе өсуін баяулатады, бірақ оның жоғарғы жағының үстінен жанама бүршіктен жаңа өркен өсіп шығады. Бұтақтану осылай жалғаса береді, нəтижесінде негізгі дің қысқарып қалады. Оны жанама бұтақтар жалғастырады. Бұтақтанудың бұл тəсілі қайың, тал, алма, алмұрт, қараөрік, өрік, шие, шабдалы, үйеңкі, грек жаңғағы т.б. көптеген ағаштар мен бұталарға, шөптесін өсімдіктерден қызанаққа, картопқа тəн.
Жалған дихотомиялы бутақтану кезінде оның төбе бүршігі жыл сайын қурап қалады да, бір мезгілде оның қарама-қарсы орналасқан екі қолтық бүршіктері өсе бастайды, олардан қарама-қарсы орналасқан екі бұтақ дамиды. Жалған дихотомиялы бутақтану сасық меңдуана, қалампыр, серігүл, талшын т.б. өсімдіктерінде байқалады.
Өсімдіктердің басым көпшілігінің өркендері бұтақтанады, сонымен қатар бұтақтанбайтын өсімдіктер де кездеседі (мысалы, бақ-бақ).
Бұтақтанудың тағы бір түрі түптену деп аталады. Түптену бұталарға, көп жылдық, сол сияқты бір жылдық шөптесін өсімдіктерге, оның ішінде астық тұқымдасына тəн 6-сурет. Мұнда негізгі өркеннің төменгі жағынан жанама өркендердің тобы пайда болады. Бұл жанама өркендер негізгі өркеннің жер астындағы немесе топырақ деңгейіндегі қысқарған буынданынан өсіп шығып, бұта тəрізді пішінге ие болады.
Түптену кезінде өсімдік сабағының буын аралықтары оның тіршілігінің соңына дейін қысқарған қалпында қалады.Астық тұқымдастары сабағының түптенуі кезінде жанама өркендер беретін буын түптену буыны делінеді жəне түптену буынынан өсіп шыққан əрбір өркен гүл шоғырымен аяқталады. Сондықтан астықтар тұқымдасының бұтақтанып өсетін сортары мол өнім береді.
Түптену ерекшелігіне қарай астықтар тұқымдасы борпылдақ түпті бұтақтану жəне тығыз түпті бұтақтану деп бөлінеді. Борпылдақ түпті бұтақтануда жанама өркендер мен қосалқы тамырлар сабақтың жер астындағы буындарынан, ал тығыз түпті бұтақтануда жер үстіндегі буындарынан өсіп шығады.Тығыз түпті астықтардың түптенуінен өте тығыз шым пайда болады.
Бұтақтану барысында негізгі өске жанама бұтақтардың орналасуы жəне олардың жетілу ерекшеліктері өркендер жүйесінің сыртқы көріністеріне əсер етеді.

6-сурет. Астықтардың түптенуі. А-тығыз түпті бұтақтанған астықтар (аққылтан);


Б-борпылдақ түпті бұтақтанған (қоңырбас, қара бидай); В-тамырсабақты (бидайық);
1-дəн; 2-ұрық тамырлары; 3-қосалқы тамырлар; 4-түптену буыны; 5-негізгі өркен бірінші ретті өсі; 62, 63, 64, 65-екінші жəне одан кейінгі реттердегі өркендер; 7-тамырсабақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет