Қолданвегетативтіккөбейту. Адам əр түрлі əдістерді қолданып, өсімдіктерді өсіріп көбейтеді. Көбейтудің мынадай түрлері бар: бөлу, сұлатпа өркен арқылы, телу арқылы, ұлпаны жекелей алу (кесте1-2).
Қалемшелері арқылы көбейту.Қалемше деп аналық өсімдіктен кесіп алынған сабақтың, тамырдың, жапырақтың бір бөлігін айтады. Қалемшелері арқылы көбейгенде полярлық зандылықты естен шығармау керек.
Сабақтан кесілген қалемше қыстық немесе жаздық болуы мүмкін. Қыстық қалемше жапырақсыз (бірақ бүршіктері бар), 1-3 жылда ұзындығы 20-30 см болатын кесінді. Жаздық қалемше жапырағы бар ұзындығы 3-4 см болатын, осы жылғы сабақтан дайындалған кесінді.
Жапырақтан дайындалған қалемше жапырақ тақтасынан жəне сағақтан тұрады. Қосалқы тамырлары (придаточные корни) көп жағдайда жапырақтың төменгі бетінен, оның үлкен жүйкелерінің тарамдалған жерінен, ал
бүршіктері мен сабақтары оның үстіңгі бетінен кетеді.
Жапырақтан дайындалған қалемше арқылы өсімдіктердің аздаған түрлерін ғана (лалагүл -лилия, бегония, алоэ жəне т.б.) көбейтуге болады.
Тамырдан дайьндалған қалемшелер мен қосалқы бүршіктері (придаточные почки) оңай пайда болатын өсімдіктерді кебейтуге болады (таңқурай, шие, қараөрік, финик пальмасы, раушан, флокс т.б.).
Телуарқылыкөбейту. Телу дегеніміз бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің (көзшенің) немесе сол өсімдіктің сабағынан дайындалған қалемшенің екінші бір өсімдіктің сабағымен (тамыры жақсы жетілген) жымдасып бірігіп кетуін айтады. Бұл жағдайда көбейту үшін теліген (отырғызған) өсімдікті үстіңгі (привой), ал қалемшені отырғызған тамыры бар өсімдікті астыңғы (подвой) деп атайды.
Телудің 100-ге жуық əртүрлі жолдары бар (1-сурет). Дегенмен оларды үш түрге біріктіруге болады:
екі өсімдіктің бұтақтарын жақындастырып байлап біріктіру арқылы (аблактировка) телу, бұл жағдайда үстіңгі өсімдік (привой) астыңғы өсімдікпен (подвой) толық бірігіп кеткенге дейін оның сабақтарын аналық өсімдіктен ажыратпайды;
қалемшелер арқылы телу (немесе капилировка). Бұл жағдайда 2-3 бүршігі бар үстіңгі (привой) өсімдіктің сабағынан қиғаш кесінділер жасау арқылы қалемшелер дайындалады. Содан соң астыңғы өсімдіктің (подвой) сабағын сына тəрізді жарып, оған алдын ала дайындалған қалемшелерді отырғызады (телиді). Бұл жағдайда привой мен подвойдың сабақтарының жуандығы шамамен бірдей болуы шарт, өйткені олардың камбий қабаттары бір-біріне дəл келуі тиісті. Егер привой мен подвойдың диаметрлері сəйкес келмесе, онда привойды подвойға қабықтың астын жарып отырғызады (телиді);
көзшелері арқылы телу, немесе окулировка-бұл жағдайда привой ретінде сабақтың ортаңғы бөлігінде тыныштық қалыпта тұрған, немесе өсіп келе жатқан бүршіктер алынады. Оларды подвойдың қабығының астын жарып қондырады.
Егер привой мен подвой бір түрге жататын өсімдіктер, немесе бір туыстың жақын түрлері болса, онда олар оңай бірігеді, ал əр түрлі туыстық өкілдері болса бірігіп кетуі киынға түседі.
Вегетативтік жолмен көбеюдін ең жаңа түрі, ол өсімдіктердің ұлпаларын немесе жекелеген жасушаларын тазартылған (стерильный) камерада өсіру арқылы жеміс беретін өсімдіктер алу.
Бұл жағдайда арнайы қоректік ортада өсірілген ұлпаның жасушалары алдымен іріктеледі, содан соң барып бөліне бастайды.
Осындай өсірілген ұлпадан жекелеген жасушаларды бөліп алып, келешегінде олардан тұтас өсімдіктер өсіруге болады.
1-сурет. Телудің, тəсілдері: А-жанастыра ұластыру (аблактировка);
Б-біріктіру (капулировка) (əдеттегдей сабақты жарып сына секілді отырғызу); В-телу;1- телінуші (прибой); 2-телітуші (подвой).