Антеридий-онша үлкен болмайтын сопақтау немесе шар тəрізді денешік. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатар жыныссыз жасушалар қаптап жауып тұрады (антеридийдің қабықшасы).
Антеридийде сперма түзетін жасушалар жетіледі, олардан келешекте аталық гаметалар-талшықтары бар қозғалғыш сперматозоидтар пайда болады. Антеридийлер пісіп жетілген кезде олардың қабырғалары жарылып ашылады да, ішіндегі сперматозоидтары сыртқа босап шығады. Олар судың тамшысында белсенді түрде қозғала отырып, архегонийге жүзіп келеді.
Архегоний-үлкен болмайтын бөтелке немесе колба тəрізді денешік. Архегоний төменгі, кеңейген бөліктен-құрсақтан жəне жоғары, жіңішке- мойыннан тұрады 2-сурет. Антеридий мен архегонийлер бастапқы болып табылады жəне қарапайым жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге тəн. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің эволюциясының барысында олар редукцияға ұшырап қарапайым түрге ауысады.
Аса жақсы жетілген жабық тұқымды өсімдіктер мен кейбір ашық тұқымдылардың (Gnetum, Welwitschia-ларда) архегонийлері болмайды.
Өсімдіктердің құрылыққа ауысуына байланысты олардың гаметангийлерін кеуіп қалудан сақтаудың қажеттігі туды. Мұндай гаметангийлердің сыртқы қабатының жасушалары ұрықтануға қабілетсіз болып келеді. Дəлірек айтсақ мынадай жасушалар гаметалар түзу қабілетінен айырылып, қорғаныш қызметін атқаратын қабатқа-гаметангийдің қабырғаларына айналған. Алғашқы кездерде мұндай гаметангийлер шамасы бірдей немесе бір-бірінен айырмасы аз қозғалғыш гаметалар түзген (қоңыр балдыр Culteria–ның аталық жəне аналық гаметангийлеріне ұқсас).
Бертін келе жыныстық жасушалардың жіктелуі айқындала бастаған.
Осындай гаметангийлерден антеридийлер мен архегонийлер пайда болған.
1 2 3
2-сурет. Архегоний: 1-жас ашылмаған архегоний (құрсақта: 0-жұмыртқа жасушасы, б-құрсақ канал жасушасы мойында; ш-мойын канал жасушалар, оларды стерильді жасушалар қоршап тұрады (ұрпақсыз жасушалар); 2-пісіп жетіліп ашылған архегоний (канал жасушалары еріп кеткен); 3-ұрықтанған архегоний (мойны солып,
ұрықтанған жұмыртқа жасушасы бөлінген).
Сырт қарағанда қоңыр балдырлардың көп жасушалы гаметангийлеріне ұқсас антеридийлерде көптеген ұсақ қозғалғыш гаметалар-сперматозоидтар пайда болғандығы 3-суретте көрсетілген. Жоғары сатыдағы өсімдіктер балдырлардан пайда болған. Бұлар өсімдіктердің кейін пайда болған (жас) тобы. Өсімдіктердің құрылыққа ауысуы балдырлардың құрылысы алғашқы сулы ортада біршама күрделенгеннен кейін барып жүзеге асқан. Бұлар теңіз балдырлары болған. Өсімдіктердің құрылыққа ауысуы палеозой эрасының алғашқы кездерінде, шамасы кембрий дəуірінде жүзеге асса керек.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер қазіргі кездегі емес, құрылысы қарапайым болып келген, ертеде жойылып кеткен қоңыр балдырлардың бірінен пайда болған. Құрылыққа ауысқан балдырларда, айқын байқалатын ұрпақ алмасу болған.
3-сурет.Антеридийлер мен архегонийлердің шығу тегі жəне аралық құрылымдар:1,3,5,7- архегонийдің шығу тегі; 2,4,6,8-антеридийдің шығу тегі; 9-корсиния бауыр мүгінің (я- жұмыртқа жасушасы, с-сперма түзетін ұлпа) аралық құрылымы (антеридий, архегоний).
Мысалы, ламинарияның даму кезеңінде спорофит басым болып келеді, ал гаметофиті микроскопиялық өсімдіктер. Фукустың даму кезеңінде гаметофит мүлдем жойылған, ал өсімдік тек спорофит түрінде ғана болады. Қарапайым жер бетіндегі өсімдіктер риниофиттердің қазба қалдықтары алғаш рет силурий дəуірінің қабаттарынан табылған. Олар құрылықта өсуге жақсы бейімделген өсімдіктер болған.
Біздерге риниофиттердің тек спорофиттері ғана белгілі. Олардың гаметофиттерінің қандай болғаны біздерге беймəлім.
Жер бетіне ауысқан соң жоғары сатыдағы өсімдіктер екі бағытта дамыған: олар эволюцияның екі үлкен-гаплоидты жəне диплоидты тармақтарын түзген. Оның біріншісіне мүк тəрізділер жатады (Bryophyta). Бұл топ гаметофиттерінің прогрессивтік бағытта дамуымен сипатталады. Гаметофит өзінің атқаратын қызметіне сəйкес келеді, яғни ол судың тамшысын қажет ететін мүктəрізділердің жыныстық процесін қамтамасыз етеді. Ол жерге жабысып өсетін алғашқы талломды өсімдік болған. Бүл түрлер біртіндеп жетіле келе күрделене түскен, нəтижесінде олардың ассимиляция процесі жүретін бөлігі ұлғайып, өсімдіктің қоректенуін жəне онда жетілген спорофиттен споралардың түзілуін қамтамасыз ету үшін тармақталып өскен.
Мүктəрізділердің даму бағыты талломды өсімдіктерден жапырақты сабақты өсімдіктерге қарай жүрген.
Эволюцияның екінші тармағын барлық қалған жоғары сатыдағы өсімдіктер түзеді. Бұл топтың даму бағыты спорофиттің жетілуімен байланысты. Спорофит жер бетінде өмір сүруге көп бейімделген. Жердің бетін жаулап алуда өсімдіктердің осы тобы үлкен жетістіктерге жеткен. Бұл өсімдіктердің спорофиттері көп жағдайда үлкен
мөлшерде, сонымен бірге олардың ішкі жəне сыртқы құрылыстары күрделі болып келеді.
Бұл топтың гаметофиттері, қарапайымдалып, редукцияға ұшыраған. Кейбір қарапайым түрлерінің (споралы өсімдіктердің) гаметофиттері əлі де өскінше түрінде дербес өмір сүре алады жəне жасыл болады (Polypodiophyta, Lycopodiophyta, Equisetophyta).
Бірақта, бұл бөлімдердің əр түрлі споралы өкілдерінің гаметофиттері аса қарапайым, редукцияға ұшыраған. Жақсы жетілген түрлерінің (тұқымды өсімдіктердің) гаметофиттері дербес өмір сүру мүмкіндігінен айрылған жəне спорофиттің ұлпаларында жетіледі. Ал аса жоғары деңгейде дамыған жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктерде гаметофит жоқтың қасы деуге болады.
Жаңа ортада біртіндеп жетіле түсудің нəтижесінде жер бетіндегі алғашқы өсімдіктер құрылықтың əр түрлі жағдайында өмір сүруге бейімделген бірқатар бөлімдерге бастама берген.
Қазіргі кезде 300000-нан астам түрлері бар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің жер бетінде басымдығы айқын. Олар арктикалық облыстардан бастап экваторға дейін, ылғалды тропикалық ормандардан, сусыз құрғақ шөлдерге дейінгі аралықты мекендейді. Олар ормандарды, шалғындарды, батпақтарды түзеді, өзендер мен көлдерде өседі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көпшілігі аса үлкен мөлшерге дейін өседі, гүлді өсімдіктерден мысалы, эвкалиптер 90-100м биіктікке дейін, алып қылқанжапырақтылардан секвойялар 100 м-ге дейін жетеді, кейде оданда биіктеу болады, ал бірқатар өкілдері мөлшері миллиметрден аспайтын, ұсақ өсімдіктер (мысалы, ряскалар, көптеген бауыр мүктері, жапырақты сабақты мүктер жəне т.б.). Бірақта сыртқы жəне ішкі құрылыстарының осындай алуан түрлілігіне қарамастан жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығы дерлік құрылыстарының тұтастығын сақтаған.
Даму кезеңінде гаметофиті басым жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер. Мүктəрізділер бөлімі (Моховидные)- Bryophyta
Бұл бөлімге өмір сүруі ылғалы жеткілікті, көп жағдайда тіпті аса ылғалды ортамен байланысты болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады.
Мүктəрізділердің қарапайым түрлері сабаққа жəне жапыраққа бөлінбейді, олардың вегетативтік денесі талломнан немесе слоевищадан тұрады. Жақсы жетілген мүк тəрізділер нағыз жапырақты сабақты өсімдіктер болып келеді, олар сулы орта тіршілігіне бейім. Мүктердің тамыры мен сосудтары болмайды. Өсімдіктің субстратқа бекінуін жəне топырақтан ылғалды қабылдау қызметін ризоидтары атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |