Дəріс тақырыбы: Систематика биологиялық ғылым. Өсімдіктер əлемінің жүйелері. Бинарлық атау. Түр туралы ұғым.
Мақсаты: Өсімдіктер əлемінің жүйелерін, систематикасын ғылыми түрде тани білу. Түр мен бинарлық атаумен танысу.
Түйінді сөздер: түр, таксон, сорт, вирус, автотрофты, гетеротрофты, бинарлық атау, псилот, ринофит.
Дəрісте қарастырылатын сұрақтар:
Систематика биологиялық ғылым.
Өсімдіктер əлемінің жүйелері.
Таксондар, бинарлық атау.
Түр туралы ұғым.
Систематика биологиялық ғылым. Систематика-деген ғылым біздің ғаламшарымызда кездесетін өсімдіктердің түрлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтарға біріктірумен, жүйеде орналастырумен айналысады. Систематиктердің жұмысының қиындығы табиғаттағы түрлердің санының ересен көптігімен жəне олардың алуан түрлілігімен есептелінеді. Қазіргі кездегі өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500-мыңға жетеді.
Өсімдіктер əлемінің жүйелері. Өсімдіктер дүниесі құрылысына байланысты төменгі сатыдағы жəне жоғарғы сатыдағы болып екі топқа жіктеледі. Екі топтың негізгі айырмашылықтары:
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің денесі вегетативтік мүшелерден яғни, тамыр, сабақ жəнежапырақтан тұрады. Вегетативтік мүшелер құрылысының негізгі ерекшелігі-түрлі ұлпалардың болуы. Ал төменгі сатыдағы өсімдіктердің дене құрылысы қарапайым, бір жасушалы немесе көп жасушалы болады. Бірақ ұлпалар дамымағандықтан вегетативтік мүшелері болмайды. Көп жасушалардың денесі талломнан (қатпаршақ), яғни ұлпаларға жіктелмеген біртұтас жасушалардан тұрады.
Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің аталық жəне аналық жыныс (репродуктивті) мүшелері көпжасушалы болады. Ал төменгі сатыларда жыныс жасушалары (гаметалар) жəне спора түзетін спорангийлері бір жасушадан дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |