1. Дəріс тақырыбы



бет21/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Өзіндік бақылау сұрақтары:

    1. Бинарлық атаудың мəні неде?

    2. Қазіргі өсімдіктер систематикасының мақсаты неде?

    3. Систематикалық бірліктер дегеніміз не?

    4. Түр, туыс, тұқымдас нені білдіреді?

    5. Өсімдіктер əлемінің жүйелерін қалай түсінесің?

    6. Өсімдіктер дүниесінің таксономиялық бірліктері қандай болады?

    7. Қатар, класс, бөлім дегеніміз не?

6. Дəріс тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктердің сипаттамасы, олардың пайда болуы, құрғақшылықтағы тіршілікке бейімделуі. Жіктелуі.
Мақсаты: Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктердің сипаттамасымен, олардың пайда болуы мен құрғақшылықтағы тіршілікке бейімделуімен танысу.
Түйінді сөздер: гаметофит, спорофит, спорогон, гаусторий, протонема, пластинка, антеридий, архегоний, сперматозоидтар.


Дəрісте қарастырылатын сұрақтар:


  1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің сипаттамасы, олардың пайда болуы, құрғақшылықтағы тіршілікке бейімделуі.

  2. Гаметофиті басым жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер.

  3. Спорофиті басым жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер



    1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің сипаттамасы, олардың пайда болуы, құрғақшылықтағы тіршілікке бейімделуі.


Жоғары сатыдағы өсімдіктер төменгі сатыдағы өсімдіктерден пайда болған. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерден құрылысының кейбір белгілерінің күрделі болуымен ажыратылады. Бұлар алғашқы сулы орта мен тікелей байланысын үзген, жер бетінде ауасы бар ортаны мекендейтін өсімдіктер. Құрылыққа шыққан соң, өсімдіктер ылғалдылығы тұрақты емес, оқтын-оқтын ауысып келіп отыратын, кейбірі тіптен ұзақ уақыттар бойы кұрғақшылық болып тұратын аймақтарда өседі.

34


РИНИОФИТТЕР


Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі болып табылатын балдырлар





34
1-сурет. Жоғары сатыдағы өсімдіктер бөлімдерінің эволюциялық байланыстарының сызбасы. Гүлді өсімдіктер, ашық тұкымдылар, мезозойлық тұқымды папоротниктер, Палезойлық тұқымды папоротниктер, мүк тəрізділер, плаун тəрізділер, псилот тəрізділер, қырықбуын тəрізділер, папоротник тəрізділер, зостерофиллофиттер, ринофиттер, девондық карапайым папоротник тəрізділер, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердІң арғы тегі болып табылатын балдырлар



Соған байланысты олардың төменгі сатыдағы өсімдіктерден айқын ажырататын көптеген арнайы белгілері қалыптасқан.


Жоғары сатыдағы өсімдіктер құрылықта тіршілік етуге бейімделуінің бір белгісі-денелерінің мүшелер мен ұлпаларға бөлінуімен (мүк тəрізділерден басқасы, оларда тамыр болмайды) сипатталады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлық бөлімдерінің систематикалық жағдайы олардың жер бетінде пайда болу ретін жəне тіршілік жағдайының өзгеруіне, олардың эволюциялық даму процесіне байланысты дене құрылыстарының күрделенуін көрсетеді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер денесі сабақтарға жəне жапырақтарға бөлінеді. Соған байланысты оларды жапырақты сабақты өсімдіктер деп атайды (Cormophyta).
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігінің тамыры болады. Мұндай күрделі бөліну төменгі сатыдағы өсімдіктерде болмайды. Олардың денесі сабаққа жəне жапыраққа бөлінбеген. Тек таллом немесе слоевище түрінде болады.
Күрделі бөліністердің жүруі, сабақ, жапырақ жəне тамыр секілді мүшелердің пайда болуы, өсімдіктердің жер бетіндегі жаңа ортаға ауысуымен тікелей байланысты. Жаңа ортада өсімдікке жердің бетінен көтеріліп өсіп, үлкен мөлшерге жету қажет болған. Оған өсімдіктер жапырақтар мен сабақтардың пайда болып жақсы жетілуінің нəтижесінде мүмкіндік туған.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің мүшелерінің құрылысы күрделі болып келеді. Құрылыққа ауысқан өсімдіктер суды барлық денесімен сорып қабылдай алмаған. Алғашқы кездерде су мен минералдық тұздарды copy жəне өсімдікті субстратқа бекіту қызметін ризоидтар атқарған. Жапырақты сабақты құрылыстың қалыптасуына жəне жер бетіндегі өсімдіктердің мөлшерінің ұлғаюына байланысты тамырлар пайда болған. Олар ризоидтарға қарағанда суды, минералды тұздарды copy жəне өсімдікті субстратқа бекіту қызметтерін əлдеқайда жақсы атқарған.
Тамырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің минералдық қоректенуін, ал жапырақтар ауадан қоректенуін қамтамасыз еткен.
Кеңістікте бөлінген екі мүшенің-тамыр мен жапырақтың дұрыс жұмыс істеуі үшін судың жапыраққа жəне органикалық заттардың жапырақтан өсімдіктің басқа бөліктеріне тез жеткізіп тұру қажет болған.
Жер бетіндегі ортада өсімдіктердің суды шамадан тыс жоғалтуынан, төменгі температурадан жəне т.б. (эпидермис, перидерма, қыртыс) қорғайтын күрделі система жабындық ұлпалар мен күрделі лептесіктер пайда болған. Лептесік газдың алмасуын жəне транспирация кезінде судың булануын реттеп отырады. Содан соң арқаулық ұлпалар жақсы дамыған. Ауаға қарағанда біршама тығыз сулы ортада өмір сүрген кезде бұл ұлпалардың өсімдікке онша көп қажеттігі болмаған.
Қазіргі кезде кездесетін жоғары сатыдағы өсімдіктерді қарастыра отырып, олардың ішінен құрылықта өмір сүруге жақсы бейімделген,
жоғары деңгейде жетілген түрлермен бірге, құрылысы қарапайым болып келетін өсімдіктердің тұтастай қатарын кездестіруге болады. Қазіргі кезде өмір сүретін өсімдіктерді зерттеудің нəтижесінде қол жеткізген мəліметтерді палеонтологиялық мəліметтермен салыстыра отырып, жоғары сатыдағы өсімдіктердің тарихи дамуын толық сеніммен қалпына келтіре аламыз. Оны анықтауда көбею мүшелерінің, əсіресе олардың пайда болуы мен эволюциясының маңызы аса зор.
Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің ортақ белгісі-көбею мүшелерінің көп жасушалы болуы, сонымен қатар, олардың даму кезеңдерінде гаметофит пен спорофиттерінің міндетті түрде алмасып отыруы. Əрбір түр өзінің онтогенезінде екі фазадан өтеді: жынысты жəне жыныссыз ұрпақ.
Жынысты ұрпақ-гаметофит (өскінше). Ол спорадан түзіледі жəне хромосом жиынтығы гаплоидты болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жұмыртқа жасушасы төменгі сатыдағы өсімдіктерге қарағанда сыртқы ортаның қолайсыз жағдайының əсерінен əлдеқайда жақсы қорғалған жəне өсімдік ағзасының күрделене түсуіне байланысты бұл қорғаныс мықтырақ болады. Егер көптеген балдырларда жұмыртқа жасушасы тек өз қабықшасымен ғана қорғалған болса, ал жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерде жұмыртқа жасушасы көп жасушалы мүше архегонийде орналасқан.
Жыныссыз ұрпақ-спорофит зиготадан түзіледі жəне хромосом жиынтығы диплоидты болады. Ол арнаулы мүшелер-спорангийлерде споралар түзеді. Спорангийлер ұлпаларында хромосом жиынтығы диплоидты болады. Ол мейоз жолымен бөлінеді, нəтижесінде споралар жетіледі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жыныс мүшелері: аталығы-антеридий жəне аналығы-архегоний жоғарыда айтылғандай көп жасушалы. Осы жағынан олар төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің бір жасушалы жыныс мүшелерінен айқын айырмашылығы болады (тек хара балдырларында ғана көп жасушалы оогоний жəне кейбір қоңыр балдырларда көп жасушалы гаметангий болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет