1. Дəріс тақырыбы



бет17/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Өмірлік кезеңінде ядролық фазаларының алмасуы. Өсімдіктердің өмірлік кезеңінде, жыныссыз жəне жыныстық жолдармен кебеюінің кезектесіп келіп отыратын, белгілі бір қалыптасқан жүйесі болады. Олар өсімдіктердің əр үрлі табиғи топтарында əр түрлі өтеді.

Көбею кезіндегі ядролық фазаларының алмасуына талдау жасаудың негізінде мынадай жағдай дəлелденді. Спорофит (спорофаза) дегеніміз хромосомдар саны жұп болып келетін (2п) жасушалардан тұратын жыныстық спораларды жəне олар түзілетін спорангиларды беретін (особьты) түрді айтады. Жьныстық көбеюге арналған споралар түзілгенде мейоз процесі
жүреді, сондықтанда олар барлық уақытта гаплоидты (п). Жыныстық көбеюге арналған споралардан гаметофиттер (гаметофаза) жетіледі, ал оларда жыныстық жасушаларды беретін, яғни гаметаларды беретін көбею мүшелері пайда болады. Гаметофиттің барлық жасушалары, оның ішінде гаметаларыда гаплоидты (п) болады. Жыныстық процестің нəтижесінде (гаметалар қосылғанда) зигота түзіледі (2п) (3-сурет). Бұл жерде жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығына тəн, ал көптеген төменгі сатыдағы өсімдіктерде бірқатар ауытқуларға ұшырайтын жалпыға бірдей схема беріліп отыр.

3-сурет. Түйрегішбасты плаунның даму кезеңі: М-мейоз: 1-зиготаның бөлінуі; 2-спорофиттің ұрығы; 3-толық қалыптасқан үлкен спорофит, 4-спорофил спорангиясымен; 5-спора; 6-гаметофиттің талломы антеридиясымен жəне архегониясымен; 7-архегония жұмыртқа жасушасымен; 8-антеридия сперматозоидымен; 9-сперматозоид; 10-ұрықтану.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

    1. Вегетативтік көбеюдің қандай жасанды жолдары бар?

    2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің өмірлік кезеңінде жыныссыз жəне тық көбеюлердің алмасып келіп отыруында қандай заңдылық бар?

    3. Жыныстық спора мен жыныссыз споралардың негізгі айырмасы неде?

    4. Жыныстық көбеюдің мəні неде?

    5. Жыныстық көбеюдің қандай түрлері бар?

    6. Жыныстық көбею мен жыныссыз көбеюдің басты айырмашылығы неде?

    7. Вегетативтік көбеюдің қандай жасанды жолдары бар?



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет