1. Дəріс тақырыбы


Таксондар (систематикалық бірліктер)



бет19/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Таксондар (систематикалық бірліктер). Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру (жіктеу), жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталынатын систематикалық бірліктің негізінде жүзеге асады: Түр (species)-морфологиялық жағынан ұқсас особьтардың жиынтығы;

Туыс (genus)-жақын түрлердің жиынтығы; Тұқымдас (familia)-жақын туыстардың жиынтығы; Қатар (ordo)- жақын тұқымдастардың жиынтығы; Класс (classis)- жақын қатарлардың жиынтығы; Бөлім (divisio)- жақын кластардың жиынтығы.
Осы келтірілген таксондардан басқа, аралық қосымша таксондарда бар.
Оларға туыс тармағы, тұқымдас тармағы т.б. жатады. Түрлердің ішінде түр
(subspecies) жəне түр тармағы (varietas), ал мəдени өсімдіктерде-сорттар
(cultivar) болады. Сорт дегеніміз адамның селекциялық жүргізген жұмысының жемісі. Оның сапалық артықшылығы болады жəне ол қасиеті келесі ұрпағына беріліп отырады.
Өсімдіктер дүниесін арнайы бекітілген таксондардың рамкасынан тыс төменгі жəне жоғарғы сатыдағы деп бөледі. Туыстық жағынан жақындығы бар бірнеше бөлімдерді өсімдіктер дүниесінің жартылай тармағына біріктіреді.


Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі

Төменгі сатыдағы өсімдіктер-Thallobionta


Ι. Өсімдіктер дүниесінің жасушаға дейінгі тармағы-Procytobionta

  1. Вирустар бөлімі-Virophyta



ΙΙ. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы- Thallobionta procaryota


  1. Дробянкалар бөлімі-Schizophyta

  2. Көк-жасыл балдырлар бөлімі-Cyanophyta



ΙΙΙ. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы пластидті тармағы


(төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер)-Thallobionta eucaryota

  1. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі-Chrysophyta

  2. Сары-жасыл, немесе əр түрлі талшықты балдырлар бөлімі- Xanthophyta

  3. Диатомды балдырлар бөлімі-Diatomophyta

  4. Пирофитті балдырлар бөлімі-Pirrophyta

  5. Эвгленалы балдырлар бөлімі-Euglenophyta

  6. Қоңыр балдырлар бөлімі-Phaeophyta

  7. Қызыл балдырлар бөлімі-Rhodophyta

  8. Жасыл балдырлар бөлімі-Chlorophyta

  9. Хара балдырлар бөлімі-Charophyta

  10. Қыналар бөлімі-Lichenophyta.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет