1. Дəріс тақырыбы



бет25/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің денесі неден тұрады?

  2. Ринниофиттер бөліміне қанша туыс жатады жəне қалай жіктеледі?

  3. Псилот тəрізділер бөліміне қанша туыс жатады?

  4. Мүк тəрізділер бөлімінің жіктелуі негізгі өкілдері?



7. Дəріс тақырыбы: Өсімдіктердің генеративтік мүшелерінің морфологиясы. Гүл жəне оның бөліктерінің түзілуі. Аталық. Аналық. Мақсаты: Өсімдіктердің генеративтік мүшелерімен, гүл бөліктерімен танысу.
Түйінді сөздер: гиноцей, андроцей, тостағанша, күлте, гүл серік, бунақденелілер, жатын, актиноморфты, зигоморфты, бір үйлі, екі үйлі, қос жынысты, дара жынысты.

Дəрісте қарастырылатын негізгі сұрақтар:


  1. Гүл бөліктерінің түзілуі.

  2. Гүл бөліктерінің орналасуы.

  3. Гүл серігі, күлте.

  4. Аталық.

  5. Аналық.

  1. Гүл бөліктерінің түзілуі. Жабық тұқымды өсімдіктер əлемінің өте күрделі құрылысты өкілі. Ол эволюциялық даму барысында тіршілікке

бейімделудің əбден кемеліне жетіп, құрылымдық жəне физиологиялық жағынан сан алуан икемділігін бастарынан өткізген тіршілік иесі. Соның нəтижесінде мұндай өсімдіктерде гүл, жеміс сияқты мүшелер пайда болып, жер шарына өте кең таралған.
Гүл жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен. Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың стробилліне ұқсас мүшеден пайда болған.
Гүлде жеміс жапырақшаларының (мегаспорофиллдердің) жиегі кірігіп тұқымбүрлері орналасатын тұйық қуыс-жатын ұясы бар. Стробиллде тұқым бүрлері жеміс жапырақшаларында ашық жатады. Гүлде микроспорофиллдер (аталық) мегаспорофиллдер (жеміс жапырақшалары) бірдей. Ал, ашық тұқымдылардың стробиллдері даражынысты. Гүлде гүл қоршауы болса, стробиллде ол жоқ.
Гүл өркеннің апикальдық жəне қолтық меристемасынан пайда болады, сөйтіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайды да, өсімдіктің жынысты жолмен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез жəне жыныс процессі өтеді. Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жемісіне, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол əр уақытта гүлден пайда болады. Гүлдің негізгі бөліктеріне-гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл сағағы, гүл кіндігі немесе гүл табаны, гүл серігі жəне жыныс мүшелері жатады 1-сурет.

1-сурет. Гүлдің құрылысы: 1- гұл табаны; 2-тостағанша жапырақша; 3-күлте; 4-аталық; 5-аналық.

Гүл шығатын буында орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып тұратын жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп


атайды. Бұл əдетте біреу ғана, ал кейде бірнешеу болады. Өркен бүйіріндегі гүлдің жабынжапыраққа, яғни сыртқа қараған бетін-алдыңғы жағы (астыңғы, абаксиальдық) ал керісінше оның ішінде яғни өркен сабағына қараған бетін артқы (үстіңгі, адаксиальдық) жағы дейді. Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та жəне дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары-сағақты гүл, сағағы жоқтары-сағақсыз немесе қондырмалы гүл. Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара (дара жарнақтыларда) кейде қос-қостан (қос жарнақтыларда) ұсақ жапырақшалар орналасады; олар гүл жапырақша деп аталады. Бұл өсімдіктердің осы екі тобының негізгі жүйелік белгілерінің бірі болып есептелінеді. Өсімдік гүлінің құрылысын симметрия тұрғысынан алғанда əр түрлі.
Симметрия-гүл бөліктерін ортасынан тең жарып, бойлата тартылған сызықтың екі жағынан оның бөлімшелерінің орналасуы. Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық тартуға болса, ондай гүлді поллисимметриялды гүл немесе дұрыс гүл, я болмаса актиноморфты, не радиальды гүл дейді; мысалы, қалампырдың, наурыз гүлдің, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың жəне т.б. өсімдіктердің гүлдері осындай.. Егер күлте арқылы екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Мысалы, бұған капустаның, серігүлдің жəне т.б. гүлдері жатады. Егер күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса, ондай гүлді моносимметриялы гүл немесе бұрыс гүл- зигоморфты деп атайды. Мысалы, шегір гүл, бұршақ гүлі жəне т.б. ондай гүлді асимметриялы гүл немесе симметриялысыз гүл дейді. Мысалы, канна, валериана жəне т.б. гүлдері гүл кіндігіне орналасқан тостағанша мен күлтені гүл серігі дейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет