1. Дəріс тақырыбы


Гүл бөліктерінің орналасуы



бет26/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Гүл бөліктерінің орналасуы. Көптеген өсімдіктердің гүл бөліктері шеңберленіп орналасады. Əсіресе кең тарағандары 4-5 шеңбер құратындар. Бұларды пентациклді (грекше «пента-бес») жəне тетрациклді (грекше «тетра- төрт») гүлдер деп атайды. Пентациклді гүлдер: лала гүлділер, амараллис, қалампыр, қазтамақ тұқымдастарына тəн; ал тетрациклді гүлдер: жылан қияқтар, орхидейлер, қаражемістер, бересклеттер, сабынкөктер, ерін гүлділер тұқымдастарына тəн. Шеңберінде гүл бөліктерінің саны əр түрлі болуы мүмкін. Даражарнақтыларда үш бөліктен, ал қосжарнақтыларда бес бөліктен, сирек төрт бөліктен (айқыш гүлділерде, көкнəр тұқымдасында) тұратын гүлдер кездеседі. Мысалы, көп аналықтыларда (магнолия, сарғалдақтар) гүл бөліктері ациклді орналасады. Мұндай жағдайда, əдетте, гүл серіктерінің жапырақшалары, аталықтары мен аналықтары өте көп болып келеді. Осыған байланысты ациклді, циклді жəне гемициклді гүлдер деп бөледі. Сонғысында гүл серіктері циклді, аталықтары мен аналықтары серіппе тəрізді орналасады (сарғалдақ) немесе тостағаншасы серіппе тəрізді, ал гүлдің қалған бөліктері циклді (итмұрын). Осыған байланысты төмендегідей эволюциялық бағыт белгіленген: ациклді гүл бес бөлімді полициклді, бес бөлімді пентациклді; ациклді гүл үш бөлімді

полициклді, үш бөлімді пентациклді, үш бөлімді тетрациклді гүл. Сонымен серіппеліден циклді гүлге өту біртіндеп жүреді.

  1. Гүл серігі. Гүл серігінің болуына немесе болмауына, сол сияқты оның құрылымына байланысты гүлдердің төмендегідей түрлерін ажыратады:

  1. гомохламидті гүл серігі қарапайым, жапырақшалары бірдей жəне олар серіппе тəрізді орналасқан, саны өте көп, тостағанша немесе күлте тəрізді (магнолия, жарық гүл, лала гүл);

  2. гетерохламидті гүл серігі қос қанатты, яғни өсімдік гүлінің құрамында тостағаншасы мен күлтесі бірдей кездеседі (қалампыр, қоңырау бас, бұршақ);

  3. гаплохламидті немесе монохламидті гүл серігінің жапырақшалары бір ғана шеңбер түзеді, тостағанша тəрізділер жиі кездеседі (қалақай, шегіршін, алабота);

  4. ахламидті гүл серігі болмайды, мұндай гүлді жалаңаш гүл деп атайды. (шетен, тал).

Егер бір гүлдің құрамында аналығы мен аталығы бірдей кездесетін болса, оны қосжынысты гүл, ал гүлде не аналығы не аталығы ғана кездессе, оны дара жынысты гүл дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық гүл, тек аналығы ғана бар гүл аналық гүл.
Бір өсімдік данасының бір жерінде аналық гүлі, екінші жерінде аталық гүлі өссе, бір үйлі өсімдік (жүгері, қияқтың кейбір түрі, қайың, емен, қияр, асқабақ тағы басқалар), ал егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе екі үйлі өсімдік дейді (тал, бəйтерек, көк терек, жаңғақ, сора, қымыздық т.б.).
Көптеген өсімдіктерде қосжынысты гүлдер мен даражынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай өсімдіктерді көп үйлі немесе көп некелі (полигамды) өсімдік деп атайды (үйеңкі, қарамықтар жəне т.б.).
Серігі, тостағаншасы мен күлтесі бар гүлді, қос қабатты гүл деп атайды. Кейде тостағаншасы бар, бірақ күлтесі жоқ, немесе керісінше, күлтесі ғана бар, тостағаншасы жоқ, гүлді жалаң қабатты гүл дейді.
Тостағанша өсімдік түріне қарай кейде өзара кірігіп кетсе, кейде бірнеше жеке жапырақшадан тұрады, олардың əрқайсысын тостағанша жапырақша деп атайды, мұның түсі жасыл болады жəне ол гүлдің басқа бөліктеріне алғашқы кезде қорғаныш қызметін атқарады.
Кейде тостағанша тек гүл шанағын ғана қорғайды, содан кейін ол түсіп қалады. Мысалы көкнəрдің екі тостағанша жапырақшасы, ал кейде жемістің жанында өседі де, пісу кезеңінде оған қорғаныш қызмет етеді, мысалы ерінгүлділерде осылай.
Кейде тостағанша түрін өзгертіп, қанат тəрізденіп өседі де, жеміс тарату қызметін атқарады. Мысалы күрделі гүлділерде жемістің желмен таралуына айдарша түкті тостағанша-бақ-бақ, қойжелкен əсер етеді.
Кейде тостағаншаның күлте сияқты ашық түсті болып келуі де мүмкін. Мысалы, тікенекті ксерофит Aсon tholimon. Мұның тостағаншасы ақшыл, күлтесі қызғылт, өте əдемі көрінеді, ал Түркменстан мен Кавказда кездесетін Hymenocroter ерін гүлділер тұқымдасына жататын бұталы өсімдіктің тостағаншасы қызыл, күлтесі көк түсті болып келеді. Тостағанша жапырақшалары жоғарғы жапырақтардан шыққан, оған дəлел олардың бір-
біріне байланыстылығы жəне морфологиялық, анатомиялық құрылымының ұқсастығы. Тостағаншаның астында бір-біріне жақын жамылғы тəрізді орналасқан үш жапырақты көреміз, олар да тостағанша жапырақшалары тəрізді, бірақ ірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет