1. Дəріс тақырыбы


Тұқым мен жемістің таралуы



бет34/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Тұқым мен жемістің таралуы. Өсімдіктердің піскен жемістері, өскен жеріне ғана түспей, жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория) жəне адам (антропохория) арқылы алысқа таралады. Сол сияқты кейбір жемістер тұқымдарын əр түрлі қашықтыққа өздері де шаша алады (құтырған қияр, шытырлақ). Жеміс пен тұқымды алыс қашықтыққа таратушының бірі- жел. Өсімдіктердің біраз топтарының (орхидеялар, сұңғылалар) тұқымдары өте ұсақ, жеңіл, миллиграмның мыңнан бір бөлігіндей ғана. Мұндай тұкымдар баяу ауа толқындарының ағысымен де тарала алады. Ірі салмақты анемохорлы тұқымдар түкті келеді. Мысалы, талдарда (тал, көк терек, терек) жəне күреңоттарда (иваншай). Астық тұқымдастарда мысалы, қау тұқымының өзінен ұзындығы бірнеше есе ұзын қауырсын тəрізді қылқаны оның ұшуын жеңілдетеді. Сол сияқты көптеген күрделі гүлділердің тұқымдарының айдаршалары, оларды алып ұшатын парашют қызметін атқарады (мысалы, бақ- бақ). Мұндай тұқымдар жел арқылы едəуір қашықтыққа ұшып барады. Қарағаш, шаған, үйеңкі, қайың жəне тағы да басқа сүректі өсімдіктердің қанатты жемістері жел арқылы таралады.

Су арқылы гигрофильді жəне гидрофильді өсімдіктер тұқымы таралады. Бұлардың жемістерінде əр түрлі өскіншелер бар. Мысалы, қиякөлеңдердің ішінде жемісі бар үрленген қалташалары болады. Сумен таралатын кейбір өсімдік тұқымдары мен жемістерінің сыртында су жұқпайтын түктері немесе ішіне су кіргізбейтін тоз қабаты болады. Мұндай жемістер мен тұқымдар суда қанша жүзсе де батпайды жəне шірімейді, өнімділігін де сақтайды.
Жануарлар арқылы таралатын жемістер сыртқы көрінісі құрылысы жағынан өтe алуан түрлі, олар құрғақ күйінде, кейде шырынды күйінде болады. Құрғақ зоохорлы жемістердің сырты əр қилы: ілмекті, қылшықты, қармақшалары түкті келеді. Осылар арқылы жануарлардың жүніне жабысады да, бір жерден екінші жерге кейде өте алысқа тарайды. Мұндай жолмен: ошаған, кəріқыз, шоңайна, қаратамыр, жабайы сəбіз, ит ошаған жəне тағы басқалар. Барлық шырынды жемістер-зоохориялы. Бұларды жануарлар, немесе құстар - (орнитохория) жеген жағдайда олардың ас қорыту мүшелерінде, əсіресе сүректі жемістердің тұқымдары, өзгеріске ұшырамай түсіп қалады. Көптеген өсімдіктердің, негізінен орман өсімдіктерінің тұқымы құмырсқалар (мирмекохория) арқылы таралады. Мұндай өсімдіктердің жеуге жарайтын өскіншелері болады. Мирмекохорлы өсімдіктерге шегіргүл, айдаршөп, сүйелшөп, жалтыршөп, қазжуа жəне т.б. жатады.
Қаңбақ дала мен шөлейтті аймақты өсімдіктеріне (бұршақтар, қорғасын шөптер, сорандар) тəн. Бұл өсімдіктердің бұтақтануы жиі, пішіндері шар тəрізді домалақ. Бұлар жер асты бөліктерінен үзіліп, жел айдайды да, қашықтыққа домалап барады. Жол жөнекей тұқымдары шашылып, орта
жағдайы қолайлы болса, өніп-өсіп таралады. Адам өсімдік тұқымдары мен жемістерін саналы түрде белгілі бір мақсатпен таратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет