1. Дəріс тақырыбы



бет30/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Гүлдің атқаратын қызыметі?

  2. Жыныс мүшелеріне қарай қандай гүлдер болады?

  3. Андроцей дегеніміз не жəне атқаратын қызметі?

  4. Гинецей дегеніміз не, қызметі?

  5. Аталықтың құрылысы мен негізгі мəні неде?

  6. Қандай өсімдіктерді бір үйлік, ал қандай өсімдіктерді екі үйлікке жатқызады?

  7. Қандай күлте жапырақшаларды актиноморфты деп атайды?

  8. Қандай күлте жапырақшаларды зигоморфты деп атайды?

  9. Қарапайым гүл серігінің қандай түрлері бар? 10.Тұқым бүршігінің негізгі 5 түрі жəне қандай?




  1. Дəріс тақырыбы: Тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы. Тұқымның көбею мүше ретіндегі ерекшелігі. Тозаңдану жəне ұрықтану, тұқым мен жемістің таралуы.

Сабақтың мақсаты: Тозаңдану, ұрықтану, қосарлана ұрықтану жəне тұқым мен жемістің таралуымен танысу.
Түйінді сөздер: микроспорангий, тұқымбүр, гамета, зигота, тозаң тесік.

Дəрісте қарастырылатын сұрақтар:


    1. Тұқымды өсімдіктер.

    2. Тұқымның көбею мүше ретіндегі ерекшелігі.

    3. Тозаңдану.

    4. Ұрықтану.

    5. Тұқым мен жемістің таралуы.




  1. Тұқымды өсімдіктер. Аталық жəне аналық жыныс мүшелерінде түзілген жыныс жасушаларының ұрықтануы нəтижесінде тұқым пайда болатын өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер дейді.

Тұқымды өсімдіктерде, шаңжапырақтар сияқты, айқын түрде көзге көрініп тұрған ұрпақ ауысу кезеңі болмайды.
Тарихи даму процесінде тұқым гүл мен жемістен бұрын пайда болған. Əуел баста тұқым мегаспорофилде (жеміс жапырағының үстінде) пайда болып, ашық жататын болған.
Ал тұқымы аналықтың жатыны қабырғасының өсуінен көрінбей, соның қоршауында жататын өсімдіктерді жабық тұқымды дейміз.
Тұқым ең алғаш девон дəуіріндегі тұқымды шаңжапырақтарда (папоротниктер) пайда болады. Бұл шаңжапырақтар біздің заманымызға тек қазбадан табылған тас қалдықтар күйінде ғана жетіп отыр. Тұқымды өсімдіктерді қазір негізінен екі үлкен топқа бөлеміз: ашық (жалаңаш) тұқымдылар жəне жабық тұқымдылар деп.
Ашық немесе жалаңаш тұқымдылар түріне жататын өсімдіктердің тұқымдары жеміс жапырағының-мегаспорофилдің үстінде ашық, яғни жалаңаш жатады (арша мен тиссадан басқаларында) жəне олардың гүл серіктері болмайды.
Ашық тұқымдылардың екі класының біріне тұқымды шаңжапырақтар, саговиктер, бенетиттер жатады да, екінші класына кордоидтар, гинкголар қылқандылар жəне қылша тұқымдастар жатады.
Ашық тұқымдылар бөліміне шамамен 700-дей түр жатады, олар- тұқымдары арқылы көбейетін ағаштар мен бұталар.
Ашық тұқымдылар бөлімі 6 кластан тұрады, олардың екеуінің өкілдері түгелдей жойылып кеткен.
Қалған төрт класының (саговиктер, гнетовтар, гинкголар жəне қылқанжапырақтылар класы) өкілдері-қазіргі кезде кездесетін өсімдіктер.
Олардың ішінде дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда кең тарағаны- қылқанжапырақтылар класы. Бұлардың барлығы-ағаштар. Қазақстанда кездесетін қылқанжапырақтылар аса кең тарағандарына жəне негізділеріне шырша, қарағай, балқарағай, самырсын туыстары жатады. Қарағайлар 30-40 метр биіктікке дейін жетеді жəне 350-400 жылдай өмір сүреді. Қарағайлардың жас бұтақтарында ұсақ қабыршақ тəрізді, қоңыр түсті жапырақшалары болады, олардың қолтығында қысқарған өркендер орналасады. Кəдімгі қарағайдың осындай өркендерінің əрқайсысында екі сұрлау, жасыл түсті, ине тəрізді жапырақтан (қылқандары) орналасады. Қылқандары 2-3 жыл өмір сүріп, содан соң қысқарған өркенімен бірге түсіп отырады. Қылқандары өте жіңішке жəне ұзын. Олардың сыртын қатты қабықша жауып тұрады жəне тыныс саңылауы аз болады. Сондықтан қарағайлар суды аз буландырады жəне құрғақшылыққа төзімді. Қарағайлар күннің жарығы көп түсетін ашық жерлерде жақсы өседі, қыста ылғал жетіспеуіне қарамастан тіршілігін тоқтатпайды. Қылқанжапырақтылардың ішінде кішілеу ағаштар немесе бұталар болады. Оларға кəдімгі аршаны жатқызамыз. Оның жапырақтары ине тəрізді, тікенекті. Бүрлері көк түсті, сыртын балауыз басқан, шырынды жеміске ұқсайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет