1. Дəріс тақырыбы



бет31/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Тұқымның көбею мүше ретіндегі ерекшелігі. Тұқымы арқылы көбеюі

ашық тұқымдыларды басқа споралары арқылы көбейетін өсімдіктерден
ажырататын негізгі белгі болып табылады. Гүлді өсімдіктердің ашық тұқымдылардан айырмасы-тұқымы жемістің ішінде пісіп жетіледі. Ашық тұқымдылар жеміс түзбейді. Қарағайдың тұқымы қалай пайда болатынын қарастырайық. Көктемде қарағайдың жас бұтақтарында кішкентай бүрлер (мыртық өркендер) пайда болады. Олардың біреулері сары, жасылдау түсті болып келеді, жас өркендерінің түп жағына тығыз топтасып орналасады. Екіншілері қызғылттау түсті, əрі жалғыздан орналасады. Əрбір бүр біліктен жəне оған тығыз орналасқан қабыршақтан тұрады. Жасылдау бүрлердің (аталық) қолтықтарында екі тозаң қабықтан (микроспорангий) орналасады. Микроспорангийде тозаңдар жетіледі. Əрбір тозаңқапта екі ауа қуысы болады. Мұндай тозаңдарды жел алысқа оңай ұшырып əкетеді. Қарағайдың қызғылттау бүрлері (аналық) сол жасылдау бүрлер орналасқан ағаштарда дамиды. Олар жас бұтақтардың жоғарғы ұштарында орналасады. Қызғылттау бүрлер қабыршақтарының қолтығында екіден тұқым бүршігі пайда болады. Пісіп жетілген тозаңдар микроспорангийдің қабықшасы жыртылуының нəтижесінде сыртқа шашылады. Оларды жел алып кетеді. Тозаңдануын тұқым бүршігінің саңылауына (тозаңтесік) келіп түскен тозаң жүзеге асырады. Тұқым бүрі тозаңданғаннан кейін, аналық бүрдің қабыршақтары бірігіп, шайырмен желімденеді. Тозаңдарда аталық гаметалар, ал тұқым бүршіктерінде аналық гаметалар жетіледі. Ұрықтану тұқым бүршіктерінде жүзеге асады. Зиготадан ұрық, ал тұқым бүршіктерінде тұқым пайда болады. Осыдан кейін аналық бүрдің көлемі ұлғайып, қайтадан сүректенеді. Қарағайдың тұқымдары тозаңданған уақытына бір жарым жыл өткен соң пісіп жетіледі, ал бүрден екі жылдан кейін шашылады. Ашық тұқымдылардың дəндерінде артық қор заттарын жинайтын ұлпа болады, ол ұрықты қоршап тұрады.

  1. Тозаңдану. Аталық тозаңның аналық аузына барып түсуі тозаңдану деп аталады. Тозаңданудың екі тəсілі бар: өздігінен тозаңдану (автогамия грекше

«авто»-өзім) жəне айқас тозаңдану (аллогамия грекше «аллос»-бөтен, басқа). Өздігінен тозаңдану кезінде бір гүлдің аталық тозаңы сол гүлдегі аналық аузына барып түседі. Өздігінен тозаңдану гүлдің құрылымы соған икемделген, қос жынысты гүлдерде жүреді. Мұндай гүлдерге тозаңқаптар аналық аузынан жоғары орналасады жəне олар аналық аузы жағынан ашылады да тозаңдар оған еркін төгіледі. Өздігінен тозаңдану үшін тозаң мен жұмыртқа жасушасы бір мезгілде пісіп жетілуі қажет. Өздігінен тозаңданған гүл өздігінен ұрықтанады. Өздігінен тозаңдану көптеген астық тұқымдастарына (бидай, сұлы, арпа), бұршақтар тұқымдасына (үрме бұршақ, ас бұршақ жəне т.б.) тəн. Арпада өздігінен тозаңдану масақтары қынаптан шықпай тұрып, ал көптеген бұршақтар тұқымдасында гүлдері гүл шанағында тұрған кезде болады.
Кейбір өсімдіктерде өздігінен ұрықтану ешуақытта ашылмайтын гүлдерде де жүреді. Мұндай гүлдер клейстогамдылар (грекше «клейстос»- жабық) деп аталады. Жер жаңғағында, шегіргүлдің кейбір түрлерінің бір талында клейстогамды жəне хазмогамды (грекше «хасма»-жұтқыншақ, ашылмайтын гүлдер) гүлдер бар. Жұпар шегіргүлдің бунақденелілермен тозаңданатын көктемгі күлгін гүлдері-хазмогамды, ал сабағының төменгі жағындағы майда,
реңсіз жаздық гүлдері-клейстогамды. Клейстогамды гүлдерде тозаң ашылмайтын тозаңқаптарында аз мөлшерде ғана жиналады да, аналық аузымен жанасып жататын тозаң қабында өседі. Өсе келе тозаң түтігі тозаң қабынан аналық мойынына өтеді, одан тұқым бүршігіне жетіп, ұрықтану жүзеге асады жəне тұқым пайда болады. Жер жаңғағында ұрықтанудан кейін аналық тірсегі гинофф тездетіп өсіп жерге қарай иіледі де топыраққа еніп кетеді. Тұқымның жəне жемістің пайда болуы жер астында аяқталады. Сондықтан оны жер жаңғағы деп атайды.
Ч. Дарвин өсімдіктердің 55 түріндегі клейстогамияны сипаттап жазған. Өздігінен тозаңданудың өсімдіктердің сорттық тазалығын сақтауда маңызы зор. Айқас тозаңдануда бір гүлдің аталық тозаңы екінші гүл аналығының аузына келіп түседі. Айқас тозаңдануға гейтоногамия да (грекше «гейтон»- көрші) жатады. Мұнда бір өсімдіктегі гүлдердің біреуінің тозаңы екіншісінің гүл аналық аузына барып түседі, яғни тозаңдану бір өсімдікте жүреді.
Айқас тозаңдану даражынысты, сол сияқты қосжынысты гүлдерде жүзеге асады.
Айқас тозаңданудың өздігінен тозаңданудан биологиялық артықшылығы, ол пайда болатын ұрықты физиологиялық қасиеттері жəне белгілері жағынан екі жақты толықтырады. Соның нəтижесінде түр ішіндегі əр түрлілік жəне бейімделушілік эволюциясы артады өсімдіктер жел, бунақденелілер, су, құстар, құмырсқалар арқылы айқас тозаңданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет