тіршілік формаларын ескере отырып Дания ғалымы К. Раункиер (1905ж.) өзінің жүйеленуін ұсынды. Бұның негізіне өсімдіктердің сыртқы бейнесі емес, негізгі морфолого-физиологиялық ерекшеліктері алынды. Бұл жүйе жабық тұқымдылардың тіршілік формаларының эволюциясын, ағаштардан бастап шөптесін өсімдіктерге дейін, зоналар бойынша көрнекілейді.
И. Джеффридің, А.Н.Красновтың, сонымен бірге Э.Сината мен Бейлидың (1914ж) салыстырмалы анатомиялық зерттеулері ағаштардың шөптесін өсімдіктерге қарағанда ерте пайда болғанын дəлелдеді. Тіршілік формаларының құрамы климаттық жағдайлардың көрсеткіші болады.
К. Раункиердіңжүйеленуі жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тəсілдеріне негізделген, олардың ірі бес тобын ажыратады:
Фанерофиттер - ашық, анық)- бұған ағаштар, бұталар, сүректі лианалар, эпифиттер жатады. Өсімдіктің бүршіктері топырақ бетінен 25см-ден жоғары орналасады, олар қыстайды немесе құрғақшылықты басынан өткізе алады;
Хамефиттер-бұған бұташықтар, жартылай бұталар, жартылай бұташық- тар, төселмелі жəне жастықша өсімдіктер жатады. Өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (25см-ден жоғары емес) жоғары орналасады, суықта немесе қоңыржайда бүршіктері қар астында қыстап шығады;
Гемикриптофиттер-жартылай жабамын-көп жылдық шөптесін өсімдік- тер. Олардың бүршіктері, топырақ бетінің деңгейімен бірдей орналасады жəне оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады. Қыста жертағанның сабағы жер бетіндеқалатын бүршікті топыраққа қарай тартып орналасады.
Криптофиттер. Олардың бүршіктері жердің немесе судың астында орналасады; Олар геофиттер (жер) жəне гидрофиттер деп 2-ге бөлінеді. Оларға тамырсабақты, түйнекті, жуашықты өсімдіктер жатады. Гидрофиттердің вегетативтік бүршіктері суға батып тұрады, сондықтан су астында қыстайды.
Терофиттер (жаздық)-бір жылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегетациялық кезеңде аяқталады. Жылдың қолайсыз мерзімін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.
Бұл жіктелу басқаларынан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен жəне жүйелілігімен ажыратылады. Оның физиологиялық мəні-өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тəсілдері.
КРаункиердіңжүйеленуі жан-жақты, ол жер шарының барлық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды. Соны-мен бірге бұл система нақтылы, жақсы жүйеге келтірілген систематикалық топтардың: туыстың, туыстардың топтарының, немесе тұқымдастардың деңгейінде негізге алынады. Тіршілік формаларының таралуы мен бөлінуін зерттеу барысында К. Раункиер, статистикалық талдау тəсілін қолданған.