Өсімдіктердіңгеографиясыныңэлементтері-бұл ботаниканың ең
маңызды бөлімі, оның міндеті біздің планетамыздағы өсімдіктердің таралуы мен бөлінуінің заңдылықтарын зертеу болып табылады. Өсімдіктердің географиясы-биографиясы деп аталынатын жалпы ғылымның бір бөлігі болып табылады. Ал, «биогеография» биосферадағы организмдердің таралуы мен табиғи үйлестіктерін-биоценоздарды зерттейді.
Биоценоздегеніміз, осы территорияны мекендейтін жəне бір-бірімен күрделі қарым-қатынаста болатын өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы. Флораменоныңжекелегенкомпоненттерінің-түрлердің шығу тегі мен тарихи даму барысын зерттеу, осы түрлерді пайдалану мен оларды қорғаудың ең қажетті ғылыми негізі болып табылады. Себілетін ауылшаруашылық дақылдарының ассортиментін пайдалану жабайы өсімдіктерді мəдени жағдайға ендіру арқылы байыту,олардың ботаникалық географиялық ерекшеліктерін ескермейінше іске асыру мүмкін емес. Бұл мəселелерді шешу үшін палентологияның, өсімдіктер морфологиясы мен физиологиясының негізгі тұжырымдары мен озық тəсілдерін пайдалану қажет.
Флористикалық география, немесе флорография, негізгі екі проблеманы ше- шеді. Біріншісі-жекеленген түрлерді, систематикалық бірліктерді (туыстарды, тұқымдастарды) флорасының таралуын зерттеу. Белгілі бір жерде өсетін өсімдіктердің түр құрамын флора деп атайды. Жекелеген территорияның флорасын зерттеу, жер бетін флоралық аудандарға, флоралық облыстарға бөлуге жəне біршама бөлшектенген флоралық кеңістердің бірліктерін-облыстарды т.б. бөлуге қажетті материал береді.
Ареал дегеніміз құрылықтың алып жатқан жер көлемінің бір бөлігі, онда осы түрді немесе өсімдіктер тобын кездестіруге болады. Зерттелетін түр алып жатқан, жекелеген жерлерді ареалдің бөлігі деп атайды.
Түрдегеніміз, бір-бірінен айырмашылығы жоқ, ұқсас особьтардың жиынтығы.
Эфемерлер-көктемде жəне жаздың басында жеміс беріп, құрғақшылық кезде тұқымын қалдырып қурайтын бір жылдық өсімдіктер.
Эфемероидтар-даму мерзімі қысқа көп жылдық өсімдіктер. Олар жазғы құрғақшылыққа дейін гүлдеп, тұқым береді де, жер бетіндегі бөліктері қурап, топырақта түйнектері немесе пиязшықтары қалады.
Космополиттер-жер шарының барлық құрлықтарында кең тараған өсімдік- тер түрлері.
Эндемиктер-жер шарының белгілі бір шағын ауданында ғана болатын басқа жерде кездеспейтін организмдер түрі.
Индикаторөсімдіктер-белгілі бір аймақтың топырағының тұздануын жəне шөл жерлерде тұщы сулардың, қазба байлықтарды, экологиялық өзгерістерді айқындайтын өсімдіктер.