Ылғалдың əсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі.
Ксерофиттергеылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері (шөл, шөлейт, дала) жатады. Олардың жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген
(сексеуіл, жүзген, жусан, қызылша, теріскен, селеу, күйреуік, т. б.).
Суккуленттер-ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың жапырақтары, сабақтары етженді болып жұмырланған немесе тікенектерге айналған.
Мезофиттер-жартылай ылғалды аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық əрі ірі болып келеді (қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер).
Гигрофиттер-ылғалы мол ортада өсетін өсімдіктер. Суды мол қажет етеді
(қамыс, қоға, күріш, тұңғиық т.б).
Гидрофиттер-су өсімдіктері. Су ішінде өседі (элодея, балдырлар т.б.).
Өзіндікбақылаусұрақтары: Өсімдік географиясы элементтеріне не жатады?
Фитоценоз дегеніміз не?
Тіршілік формасы дегеніміз не?
К. Раункиер тіршілік формасын қалай жіктейді?
Қандай өсімдіктерді индикаторлар деп атайды?
Флора, ареал, түр дегеніміз не жəне анықтамасы қандай?
Экологиялық топ дегеніміз не? Ылғалға жəне жарыққа байланысты өсімдіктердің қандай экологиялық топтары бар?
Эфемерлер, эфемероидтар, космополитер дегеніміз не?
Экологиялық факторлар дегеніміз не? Оларды қалай жіктейді?