1. Дəріс тақырыбы



бет35/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Өзіндік бақылау сұрақтары:

    1. Ұрық қалтасы дегеніміз не? Оның құрлысы қандай?

    2. Ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуының қандай жолдары бар?

    3. Тозаңданудың қандай жолдары бар?

    4. Тозаңдану, ұрықтану дегеніміз не?

    5. Қосарланып ұрықтанудың негізінде тұқым бүршігінде қандай өзгерістер жүреді?

    6. Қосарлана ұрықтану процесі дегеніміз не?

    7. Тұқымның көп ұрықтылығы қандай процестің нəтижесінде түзіледі?

    8. Қаңбақ қандай өсімдікке жатады?

    9. Орнитохория, зоохория, мирмекохория дегеніміз не?

    10. Гигрофильді жəне гидрофильді өсімдіктер-ол не?

    11. Адам арқылы таралу дегенді қалай түсінесіз?

    12. Тұқым мен жемістің таралуы қалай жүреді?



9. Дəріс тақырыбы:Тұқымдастардың сипаттамасы: магнолия жəне сарғалдақтар
Сабақтың мақсаты: Магнолия жəне сарғалдақ тұқымдасының сипат- тамасымен, ерекшеліктерімен танысу
Түйінді сөздер: магнолия, трахеид, саңылау, стробилл, эволюция, перфорация, симметрия, диаграмма.

Дəрісте қарастырылатын сұрақтар:


  1. Көп жемістілер, магнолия тəрізділер тобы.

  2. Магнолия тұқымдасы.

  3. Сарғалдақ тұқымдасы.

  1. Көп жемістілер, немесе магнолия тəрізділер қатарлар тобы - Polycarpicae, Magnoliaceae. Көп жемістілерге 30-дай тұқымдас жатады, олардың біреулері негізінен ағаштар, сиректеу бұталар, ал екіншілері суда жəне құрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар.

Көп жемістілердің гүлінің сыртқы құрылысы ашық тұқымдылардың стробилдеріне (шишки) ұқсас болады.
Гүл табаны ұзынша болып келеді, оған спиральдің бойымен саны жағынан аса көп болып келетін гүлдің əртүрлі мүшелері орналасады.
Кейбір жағдайларда олардың вегетативтік мүшелерінің микроскопиялық құрылысында ашық тұқымдылармен ортақ белгілері сақталған. Мысалы, діңінің сүрегі тек трахейдтерден тұрады, олардың суды жəне басқада ертінділерді өткізуге арналған қабырғаларының жиектелген саңылаулары болады. Сонымен бірге эфир майлары жиналатын қуыстары да болады.
Өмірлік формаларының басым көпшілігі ашық тұқымдылар секілді мəңгі жасыл ағаштар. Көп жемістілер Евразияның, Солтүстік жəне Оңтүстік Американың тропикалық жəне субтропикалық аймақтарында кеңінен таралған өсімдіктер.
Осылардың барлығы олардың қарапайымдылығын жəне ертеде пайда болғандығын көрсетеді.
Көп жемістілер жабық тұқымдылардың ішіндегі ең көрнекті топ, онымен қосжарнақтылардың да, даражарнақтылардың да шығу тегінің эволюциялық жолдарына байланысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет