200-ден аса түр бар (20 туыс).
Олардың көпшілігі жойылып кеткен өсімдіктер. Магнолиялар өткен геологиялық кезеңдерде кең таралған өсімдіктер болған, олар солтүстікте поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерде, тіптен Щпицберген, Гренландия аралдарына таяу жерлерге дейін, ал оңтүстікте Австралияға жеткен.
Кейіндеу климаттың салқындауына байланысты олардың ареалының солтүстік бөлігі жойылған. Қазіргі кезде магнолиялардың ареалы үзік, оның өзі осы тұқымдастың бүтіндей ертеде пайда болған өсімдіктер екендігін көрсетеді.
Қазіргі кездегі түрлерінің ең көп таралған орталығына Қытай, Индоқытай, Индия жатады. Ксилемасының əртүрлі гистологиялық элементтері трахеидтерден жəне баспалдақты перфорациясы (тесіктері) бар қарапайым түтіктерден бастап, қарапайым перфорациясы бар маманданған түтіктерге дейін болады.
Гүлдері үлкен, əдетте өсімдіктің сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді жəне шеңбердің бойымен орналасады.
Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке тұрады, олардың сан мөлшері ерекше көп жəне спиральдың бойымен орналасады.
Жемістерінің дəні көп жағдайда үлкен болады. Олар таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады.
Магнолиятуысы(магнолияMagnolia).Бұл туыста 70-тей түр бар, олардың 20-сы сəндік өсімдіктер ретінде мəдени жағдайда өсіріледі (1,2- сурет). Солтүстік Америкада (мəңгі жасыл түрлері) жəне Азияның Оңтүстік шығысында (жапырақты түрлері) кең таралған.
Гүлінің формуласы: *Са3 Co∞ A∞ G∞. Бұрынғы одақтас республика территориясында табиғи жағдайда сібір магнолиясы (магнолия сибирская- M.obovata) деп аталынатын бір ғана түр өседі (курил аралдарында).
Мəдени жағдайда ең көп отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолияны
(магнолия крупноцветковая - M.grandiflora) жатқызуға болады.
Ол Флоридадан шыққан мəңгі жасыл ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз
(воска) тəрізді ақ жəне жағымды иісі болады.
Магнолияның кесілген бөренелері əртүрлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады.