Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
16
5.
Түбірлес сөздердің морфемдік құрамы әртүрлі және сөздер
әр сөз табы болуы мүмкін.
6.
СҰ дағы түбірлес туынды түбірлермен мағыналық
байланысы болуы керек.
Сөзжасамдық ұя құрылымы
Сөзжамадық ұя – жүйелді, күрделі тілдік құбылыс. Сөзжасамық ұя
мүшелері тұрақты көлемі жоқ.. Ол үлкен де, кіші ді бола береді. Мысалы:
Сөзжасамдық ұяның көлемң түп негіз сөздің сөзжасамдық қабілетінің
күштілігіне, құнарлығына, өнімді, өнімсіздігіне байланысты әрбір
сөзжасамдық ұя өзінше дербес құрылым. Сөзжасамдық ұя 2 мүшеден бастап,
жүзден аса мүшелерден құрыла береді.
Сөзжасамдық ұя мүшелері кез келген орында орналаса бермейді, олардың
орналасуының қалыптасқан тәртібі бар. Сөзжасамдық ұяда ол қатаң
сақталады. Демек, ұяның құрылымдық заңдылығы бар. Ұяны құрайтын
тұрақты мүшелер бар. Олар: сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тізбек,
сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам.
Түп негіз сөзден бірінші жасалған туындыдан бастап туынды сөздер өрбу
ретімен ерекшеленіп, сөзжасамдық тізбектің соңғы сөзімен аяқталады.
А.С.Тихонов СҰ көп қабатты, көп құрамды мағыналы құбылыс
деген. СҰ ең кіші құрылым – сөзжасамдық жұп, ең ірі – сөзжасамдық
тізбек.
Әрбір лексикалық қордағы лексемалар осындай талдауға түссе жақсы
болар еді, тілдің сөздік құрамының толығу жүйесінің мүмкіншіліктері
анықталар еді. Сөзжасамдық ұяның бәрі осындай көріністе болуы мүмкін
емес. Сөзжасамдық ұяның күрделілігі ұя мүшелерінің қызметіне байланысты.
Мысалы: «біл» сөзінен 26 туынды сөз жасалып, одан 17 сөзжасамдық тізбек
құрайтын туындылар өрбиді.
Сөзжасамдық ұя мағынасы
Бір
сөзжасамдық
ұядағы
түбірлес
туынды
сөзде
мағына
байланыстылығымен ерекшеленеді. Сөзжасамдық ұяда сөзжасамдық
мағынаның екі түрі орын алады: өзгерген мағына және түрленген мағына
(тепе-тең, көшірілген) екені белгілі. Ал олар СҰ-мен түрленгенде де
жоғарыдағы мағына туындайды. Ұяның құрылымы ғана күрделі емес
мағынасы да күрделі.
Сөзжасамдық ұядағы мүшелердің бір-бірімен байланысты болуы
олардың жеке сипаты, қызметі, мағынасымен байланысты.
Сөзжасамдық ұядағы туынды сөздер санына қарамастан, сөзжасамдық жұп
туындайды, тіпті ең аз дегенде бір сөзжасамдық жұп болады. Мысалы:
«өнімділік» деген туынды сөзді алсақ, мұнда үш сөзжасамдық жұп бар.
|