№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет13/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
13 
3.
Сөзжасамдық тізбек.
4.
Сөзжасамдық тарам.
5.
Сөзжасамдық тип пен үлгі. 
Дәріс мәтіні 
Әр сөзжасамдық ұя бір негізгі түбір сөзден қанша туынды сөз жасалғанын 
дәлелдейді. Әр сөзжасамдық ұя бір негізгі түбір сөзден қанша туынды сөз 
жасалғанын анық көрсетеді. 
Академик Ә.Қайдаров еңбегінде бір буынды 1352 тірі түбір және 1352 өлі 
түбір келтірілген. Сөздің түбірі де тілдің өзі сияқты ерте пайда болған, сөздің 
түбірінсіз сөздердің генетикалық туыстығын көрсетуге келмейді. Бір буынды 
түбір-негіздер қазақ тілінде базисті лексиканың түйіні (ядросы) болады және 
ол 6 түрлі құрылымда байланысады (Г, СГ, ГС, ГСС, СГС, СГСС). Қазір қазақ 
тілінде сөзжасамдық ұялардың толық сөздігі жоқ. О.Тоққожаева сөздігінде 
синтетиклық сөзжасам ғана қамтылған. 
1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі»атты монографиялық 
еңбекте сөзжасамдық ұяға алғаш рет сөзжасамдық сипаттама берілді. 
«Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің 
жиынтығы аталады» (Мон.еңбек 59-бет). 
Лингвистикалық түсіндірме сөздікте: «Сөзжасамдық ұя – негізгі түбірден 
тараған туынды сөздердің жиынтығы. Сөзжасамдық ұяның күрделілігі оның 
құрамындағы әр неғұрлым сөзжасамға көбірек қатысса, соғұрлым 
сөзжасамдық ұяның мағынасы күрделі екендігі байқалады. Сөзжасамдық 
ұядағы сөздердің бәрі бір түбірлес сөздерге жатады. Қазақ тілінде 
сөзжасамдық ұядағы түбір сөз негізінен, бір буынды болып келеді» (206-бет). 
А.Ысқақов: «Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай 
бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі, әдетте, түбір не негізгі түбір 
не түбір сөз деп аталады. Біл, білім, білгір, білгіш, білін, білдір, білімпаз деген 
сөздер – бір түбірден туған сөздер түбірлес сөздер деп те аталады» (Қ.Қ.Т.87-
б). Ал момын, момақан, момыш, шалқақ, шалқасынан, шалқаң, шалқалау, 
шалқалақтау – мұндағы негізгі түбірлер өлі түбірлерге жатады. Бас, ал, айт, ас, 
іс – тірі түбірлер болып табылады.
Түбір сөз және түбірлік сөз деген ұғымдардың арасында елеулі 
айырмашылық бар. 
Түбір сөз деген ұғым – динамикалық ұғым, ал түбірлік сөз – статикалық 
ұғым (статика – тұрақты қалып, тең салмақтылық). Сөзжасамдық ұяның 
құрамына бір негізді түбірден өрбіген барлық туынды сөздер жататын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет