Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану пәндерінің оқылу ретін мынадай тұрғыда анықтаған:
- қазбадағы патшалық (өлі табиғат);
- өсімдіктер патшалығы (ботаника);
- жануарлар патшалығы (зоология).
В. Ф. Зуевтің осы оқулығы жаратылыстанудың пән ретінде дамуының бастауы болды.
Ол жекелеген өсімдіктер мен жануарлардың сипаттамасын берді, олардың биологиясы жайлы айтылды. Өсімдктердің «жасушалық» құрылысы туралы да сөз қозғалды. Оқулықтың осындай мазмұны жаратылыстануға деген қызығушылық тудырды және кең практикалық мәліметтер берді. Оқулықта көптеген деректік материалдар келтірілген, онда 148 өсімдік және 157 омыртқалы жануарлар сипатталған, систематикаға жалпы еліктеусіз және қарапайым тілмен жазылғандықтан оқуға жеңіл болды.